Тыныс алу жүйесі, systema respiratorum. Тыныс алу ағзалары дем алған ауамен бірге өкпе
арқылы қанға оттегін жеткізіп, дем шығарған кезде көмірқышқыл газын шығарады. Тыныс алу жүйесі тыныс алу жолы мен газ алмасу мүшесінен тұрады.
Тыныс алу жолына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, бронхтар жатады және ол екіге бөлінеді.
1.Жоғарғы тыныс алу жолы (мұрын қуысы, жұтқыншақ)
2.Төменгі тыныс алу жолы (көмей, кеңірдек, бронхтар).
Газ алмасатын мүше – өкпе.
Тыныс алу жолында ауа тазарады, жылынады, ылғалданады. Оның шырышты қабығында ауамен бірге енген зиянды заттар мен ауру қоздырғыштарға қарсы қорғаныс қасиеттері болады. Тыныс алу мүшелері иіс сезу, дыбыс және сөз құрау қызметтерімен тығыз байланысты. Мысалы: көмейде дыбыс пайда болады, ал мұрын қуысында иіс сезу нервтерінің ұшы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |