Өкпе шекарасы – өкпенің ұшы бұғанадан жоғары тұрады. Оң өкпенің алдыңғы шекарасы өкпенің ұшынан кеуде – бұғана сызығына және төс сабы мен денесінің қосылған жеріне дейін келеді, одан тік төмен IV -ші қабырғаға қарай бағытталады. Оң өкпенің төменгі шекарасы сол өкпенің төменгі шекарасынан бір қабырғаның еніндей жоғары жатады.
Өкпенің сегменттік құрылысы. Өкпеде 6 түтікті жүйе бар:
Бронх
Бұл жүйелер тармақтарының көбісі өкпенің ішкі топографиялық негізін құрайтын, тамыр – бронх будаларын түзеді. Соған сәйкес өкпенің әр үлесі бронх – өкпе сегменттері дейтін жеке бөліктерден тұрады. Халықаралық номенклатура бойынша оң және сол өкпеде 10 сегмент бар: атауы топографиясына сәйкес.