Жалпыұйқы артериясы, arteria communis carotis оң жағында иық-бас сабауынан, сол жағында қолқа доғасынан шығады, кеңірдек пен өңештің жаны мен жоғары қарай жүреді. Оң жағы сол жағынан қысқалау, өйткені сол жақ ұйқы артериясы екі- кеуде және мойын бөлігінен, ал оң жақ ұйқы артериясы тек 1 мойын бөлігінен тұрады. Жалпы ұйқы артериясы қалқанша шеміршек немесе тіл асты сүйегі деңгейінде соңғы екі тармағына бөлінеді. Қан тоқтату үшін жүзік тәрізді шеміршектің төменгі деңгейінде жалпы ұйқы артериясын VI-шы мойын омыртқасына батырып қысады.