Мектеп зертханаларының мөлшері 66-70 м2, яғни әрбір оқушыға 1,5-1,75 м2 болады.
Мектеп шеберханалары 2 түрлі болады: қыздарға және ұлдарға арналған. Ұлдар шеберханасының ауданы 50-60 м2 (әр оқушыға 3,3 м2) және шеберханадағы станоктар мен оқушылардың көз деңгейінің арасы 45 см болу керек.
Балаларға ауыр жүк көтеруге болмайды. 5-8 жаста - 4 кг, 9-10 ж – 6 кг, 10-12 ж – 10 кг, 13-15 ж – 14 кг, 16-17 ж – 24 кг жүк көтеруге болады.
Бастауыш сынып оқушыларышеберханада шаршамау үшін әрбір 15 минут сайын 2-3 минуттай, ал жоғары сынып оқушылары 40-45 минуттан соң 10-15 минуттай үзіліс жасау қажет.
Ашық ауада еңбек ету үшін жаз айларында таңғы 7-11 сағ, кешкі 17-20 сағат аралығы қолайлы.
Ауыл шаруашылық жұмысында5-6 сынып оқушылары 2 сағат, 7-8 сынып оқушылары 4 сағат, 9-11 сныптағылар 6 сағат еңбек етсе жеткілікті.
Спорт залының ауданы мектеп оқушыларының санына сәйкес болу керек. Әрбір оқушыға 4 см2 болады.
Спорт залы оқу бөлмелерінен оңаша орналасқан мектеп кешенінің жеке бір қанатының бірінші қабатында орналасады. Оның есігі дәліз арқылы немесе киім шешетін бөлме арқылы өтеді.
Спорт залының температурасы15-170С, киім шешінетін бөлмеде 19-220С болу керек.
Мәжіліс залының ауданы 12 м2.
Асхананың ауданы әр орынға 0,65-0,70 м2 есебінен бөлінеді. Асханада ас дайындау бөлмесі, ас қоймасы, ыдыс жуатын орын, буфет болады.
Киім ілгіш гардеробекі бөлмеден тұрады: шешінетін жер – фойе және киім ілгіш гардероб.
Жуынатын бөлме және дәретхана мектеп кешенінің әр қанатында орналасады.
Баспалдақтардың ені30 см, биіктігі 16 см болады және онда жарық көзі болу керек.
Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар
Жиһаздар, жабдықтар оқушылардың жасына сәйкес болу керек.
Парта қазіргі талап бойынша бала бойының ұзындығына сәйкес 5 топқа бөлінеді:
А тобы бойы 130 см-ге дейінгі балаларға арналған;
Б тобы – 130-145 см;
В тобы – 145-160 см;
Г тобы - 160-175 см;
Д тобы – 175-190 см арналған.
Әр топқа түстер бекітілген: А – сары, Б – қызыл, В – көкшіл, Г – жасыл, Д – ақ түсті.
Әр мұғалім сынып бөлмесіне парта таңдағанда балалардың медициналық картасындағы бойының ұзындықтарына сәйкес таңдайды.