2 Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізі
Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізін әдістеме түсінігін қарастырудан бастаған жон. Себебі ол тек ғылыми танымның жиынтығын ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-философиялық, саясаттану және басқа да жалпығылымдық қағидалардың жәе оларды негіздейтін теориялардың жиынтығы. Әдістеме бұл таным процесінің негізгі бастамасы және әлеуметтік процестерді ғылыми тану барысында нақты әдіс-тәсілдермен бірге іс жүзінде қолданылатын жалпытеориялық талаптардың жүйесі.
Қазіргі саяси ғылымда нақты саяси жағдайды талдаудың әр түрлі әдістемелік тұжырымдамалары бар. Мемлекеттік басқарудың отандық әдебиеттерінде де тұжырымдамалардың әр алуандығы орын алады. Олардың ішінен жалпыфилософиялық диалектикалық-материалистік әдістемені, талдаудың жүйелік және құрылымдық-функционалдық, кибернетикалық әдістері сиякты саяси-әлеуметтік түрлерін атап өтуге болады. Аталмыш әдістемелер дүниетанымдық негіздерінің сәйкес келмеуіне қарамастан нақты дүниені әр қырынан және әр алуан ғылыми-танымдық көзқарастар тұрғысынан болса да біршама объективті бейнелеуге бағытталған. Саяси-әлеуметтік өмірді объективті тұрғыдан түсіндіруге ұмтылыс жасау берілген әдістемелік тұжырымдамаларды өзара байланыста, кешенді түрде қарастыруға мүкіндік береді.
Мемлекеттік басқару теориясында диалектикалық-материалистік әдістеменің қолданылуы мемлекеттің қызметін зерттеу барысында ең болмағанда үш негізгі талаптардың орындалуын: біріншіден, мемлекетті әлеуметтік жүйе ретінде және оның басқарушылық қызметін әлеуметтік басқарудың бір түрі ретінде қарастыруды; екіншіден, мемлекеттік басқаруды объективті саналы (тиімді) қызмет ретінде, яғни саяси-әлеуметтік өмірдің әр түрлі нысандарында, ұйымдық-басқарушылық құрылымдарда, саяси-құқықтық актілерде, орталық мемлекеттік билік пен партиялар, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа мекемелер арасындағы нақты басқарушылық қатынастарда жузеге асатын қызмет ретінде түсінуді; үшіншіден, мемлекеттік басқаруға нақты-тарихи тұрғыдан теориялық талдау жасауды білдіреді. Бұл даму идеясын және мемлекеттік басқарудың нақты-тарихи ерекшелігін білдіреді.
Нақты-тарихи, материалистік көзқарастар қоғамда таптық мүдделер тобы орын алып және олар басқарушылық шешімдер қабылдауға өздерінің ықпалын тигізген жағдайда ғана таптық тұрғыдан талдауды ұсынады. Мемлекеттік саясатты талдау мен мемлекеттік басқару стратегиясын әзірлеуде таптық көзқарасты жоққа шығару асығыстық. Қоғамның әлеуметтік- таптық жіктерінің артуы жағдайында оны таптық тұрғыдан қарастырмау объективтіліктен алшақтағандық болар еді. Осы жағдайда әлеуметтік-саяси талдаудағы кез келген таптық көзқарас субъективизмді білдіретінін ескерген жөн. Алайда ол таптық мәселеге баса мән бермейтін әдістемемен жоққа шығарылуы мүмкін. Аталған жалпы философиялық диалектикалық-матеиралистік әдістеме жүйелік талдау әдістемесімен нақтыланады. Қоғамдық процестерді зерттеудің осы жүйелік әдісін К.Маркс өзінің белгілі «Капитал» еңбегінде алғаш рет қолданған болатын. Бұл әдістеме қазіргі әлеуметтік - саяси ғылымдарда Т.Парсон (АҚШ,1951ж.) және Д.Истонның еңбектерінде теориялық негізін тапты. Д.Истонның жүйелік үлгісі «жалпы жүйелік теориясының саяси талдауда қолданылуын» білдіреді. Саяси ғылымға «саяси жүйе», «тұрақтылық», «тепе-тендік», «функция», «кері байланыс» және т.б. тәрізді жүйелер теориясының негізгі түсініктері енгізілді. Мемлекеттік басқару теориясындағы жүйелік әдіс — бұл мемлекеттік басқаруда біртұтастықты құрайтын іштей өзара байланыс сипатының орын алуына негізделген талдау.
Құрылымдық-функционалдьіқ әдіс те мемлекеттік басқаруды жүйе ретінде зерттейді. Құрылымдық-функционалдық әдіс жүйенің өмір сүруі мен кызмет етуіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.
Қазіргі кездегі басқару теориясында құрылымдық-функционалдық талдау Н.Мысиннің айтуынша екі аспектіден тұрады. Құрылымдык аспект:а) осы жүйені құрайтын компонеттерді анықтау; э) осы компонетгердің занды байланыстарын анықтау. Функционалдық аспект - жүйе элементтері қызметінің ішкі меха¬низмін сонымен бірге жүйенің сыртқы қызметін — жүйенің сыртқы ортамен арақатынасы зерттеу.
Әрбір қоғамдық жүйені сыртқы ортаның әсерін қабылдап, оған қарсы жауап кайтаратын кибернетикалық модель ретінде қарастыруға болады. Айталық, саяси жүйеге қоғам мүшелерінің қоятын талаптары және белгілі бір қоғамдық күштердің қолдау көрсетуі - сыртқы ортадан туындаса, шешім қабылдау және іс-әрекет жасау — қойылған талап пен қолдау көрсетуге жауап қайтару болып табылады.
Мемлекеттің басқарушылық қызметі қоғамдық ортақ және жеке мүдделер арасындағы қоғамдық қайшылықтар мен шиеленістерді шешуге және реттеуге бағытталған. Мемлекеттік — қоғамдық жүйелерге даму, дағдарыс, басқарушы және басқарылатын жүйе элементтерінің, интеграция және дезинтеграция субъектілерінің шиеленісті өзара карым-қатынастары тән. Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқару теориясында конфликтік ұстанымның қа-лыптасуына негіз болады. Мұндай ұстаным танымның және практикалық іс-әрекеттің диалектикалық әдіснамасына да тән. Бірақ конфликтологиялық ғылымда мұндай тұжырымдама көпшіліктің қолдауына ие болып отырған жоқ. Саяси-әлеуметтік процесті қақтығыстар тізбегі ретінде карастыратын неміс саясаткері Р.Дарендорф көзқарасына қарсы Т.Парсонс тұжырымдамасы қақтығысты уақытша, заңсыз құбылыс деп анықтап, «әлеуметтік тәртіп», әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын зерттеуге бағытталған.
Берілген тұжырымдамалардың тікелей қарама-қарсылығы оларды үйлестіру мүмкін еместігін білдіреді. Бірақ Р.Дорендорф өзінің көзқарасын да (қоғамның қақтығыстық үлгісі) басқа ұстанымды да (келісім үлгісі) бірдей дәрежеде дұрыс деп санайды. Оның ойы бойынша екі көзқарас та пайдалы және әлеуметтік, саяси талдау үшін қажет, себебі қоғамдық өмірде қатынастың екі компоненті де ынтымақтастық та, кақтығыс та әр уақытта бар.
Соңғы жылдары саяси ғылымда таралған саяси-мәдени бағытты (ұстанымды) да атап еткен жөн. Ол белгілі бір қоғамға тән саяси мәдениеттің түрі бойынша саяси жүйе, мемлекеттік-құқықтық институттардың сипаты, олардың басқарушылық қызметі және мемлекеттік-басқарушылык қатынастары туралы айтуға мүмкіндік береді.
Ғылыми танымның нақты салаларында қолданылатын кез келген әдістеменің шарты - объективті ақиқат пен саяси қызметтің тиімділігіне қол жеткізу. Мұндай мүмкіндікке қол жеткізу әлеуметтік таным (зерттеу) жағдайларына байланысты. Саяси-басқарушылық процестерді танып-білуді сипаттайтын бірнеше ерекшеліктер бар.
Бірінші ерекшелік. Мемлекеттік басқару процестерін талдау барлық жағдайда субъективті болып келеді, себебі оны талдаушы (аналитик) (тәжірибелі саясаткер немесе теоретик болсын) коғамның бір белігі болғандықтан талдауды әлеуметтік топ, саяси ұйым тұрғысынан жасайды. Ол мемлекеттің (азаматы ретінде), елдің саяси өміріне қатысушы ретінде сол уақытта қоғамда қалыптасқан түсініктерді, айтылған пікірлерді, орын алған материалдар негізінде ой толғайды. Өзге ғылымдарға қарағанда саяси ғылымда объективті ақиқат субъективті нысанда сипатталады.
Екінші ерекшелік. Қайсібір елде қалыптасқан саяси басқару те¬ориясы қолдану объективтілігі фактологиялық тұрғыдан негізделсе де басқа елде езінің зерттеу мәселесін, құралдарын, тәсілдерін және бағытын өзгертпей қолданыла алмайды. Тек саяси субъектілердің касиеттерін жалпы ортақ стандарттарға сәйкестендіру арқылы ғана қолданбаса.
Саяси объект туралы ғылымды қалыптастыру үшін саясатты ғылыми таным объектісі ретінде сипаттайтын онтологиялық бейнесінің болуы шарт. Бұл ғылыми білімді қалыптастыруда қиыншылықтар тудыруы мүмкін. Мемлекеттік басқару теориясы біріншіден, тарихи, оның ішінде кеңестік, екіншіден, халықаралық және қазақстандық тәжірибелер негізінде қалыптасады.
Үшінші ерекшелік. Мемлекеттік басқару теориясын қазіргі біздін мемлекеттің және оны басқару саясатының онтологиялық бейнесі негізінде дамыту теорияның әлеуметтік функциясын субъективті,идеологиялық және саяси тұрғыдан, яғни қолданбалы теория ретінде талдаудың шарты болып табылады. Бұл терминді белгілі американдық экономист және социолог Д.Гелбрейт батыс экономикалық теорияларын сыни сипаттау барысында қолданған. Ол теориялардың авторлары өздерінің басты мақсаттары мен функциялары елдегі нақты экономикалық жүйені объективті тұрғыдан түсіндіру емес, сол жүйе туралы қоғамдағы басым күштер мен ұйымдар түсініктеріне сәйкес немесе соған ұқсас түсініктерді қалыптастыру деп біледі. Субъективті теориялық образ объективті ақиқатты алмастырушы және үстемдік етуші билік құрылымдарының саясатын негіздеу құралы болып та¬былады. Теорияның тікелей қызметі мейлі ол экономикалық немесе саяси болсын, қандай да бір мүдделер тобына қызмет ету емес, қолданбалы функция емес, ол адамдардың, оның ішінде саяси жетекшілердің, басқарушы элитаның және үстемдік етуші экономикалық субъектілердің әлеуметтік ақиқатты объективті түрде қабылдауына мүмкіндік беретін түсіндірмелік функция атқару керек.
Мемлекеттік теорияның қолданбалылығы үстемдік етуші топтар мен билік институтарының тапсырысы бойынша қалыптасады. Алайда оның түп тамыры таным объектісі - елдегі мемлекеттік басқару жүйесінің онтологиялық бейнесінде жатыр.
Келесі ерекшелік қазіргі саяси-әлеуметтік өмірдің аталған теорияның объектісі болып табылатындығында, ал оның қарама-қайшылықтарға толы бүгінгі жағдайын, белгісіз даму болашағын еткен кезеңге қарағанда түсіну және түсіндіру қиыншылықтарымен байланысты. Өткен шакты танып-білу де күрделі процесс. Нақты өмірді сипаттау мен түсіндірудің тиісті ғылыми әдістері мен технологиясы нақты қолданылып, жүзеге асырылған жағдайда ғана әдістеме объективті акиқатты түсінуді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |