Конакбаев Жандос Армияевич Сабақты зерттеу «L S» алгоритмі Ынталы топ мектеп ұжымымен ақылдаса отырып сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру мәселесін талқылайды.
Директордың орынбасарлары және мұғалімдерден ерікті түрде үйлестіруші тағайындайды.
Мектеп ұжымына, мектеп әкімшілігіне сабақты зерттеу әдісіне байланысты таныстырылым ұсынынылады. Оқу жылының қорытындысы немесе жекелеген сыныптардың оқу үлгерімі бойынша талдаулар жүргізіліп, мектептің даму басымдықтарын , проблемаларын айқындайды.
Зерттеу топтары арасында кездесулер өткізу, әдебиеттермен, ресурстармен танысу.
Зерттеу тобымен бірлесе отырып, жұмыс жоспарын даярлау, қысқа мерзімді сабақ жоспарының мерзімін белгілеу, зерттелетін мәселе бойынша сабақты бақылау нысандарын анықтау.
Бақыланатын оқушыларды анықтап, бақылау парақтарын / А В С/ бірлесе дайындау.
Зерттеу сабағын өткізу.
Сабақты бақылап, дәлелдерді жинау.
Оқушылармен сұхбаттасу, зерттеуші топ деректерін жинақтау.
Сабақты талқылап, өзгерістер енгізу, сауалнамалар мен дәлелдерді саралау.
Әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау.
Кедергілер мен нәтижелерді талдау.
Зерттеу тобымен бірлесе отырып, келесі сабақты жоспарлау.
Зерттеу сабағының қорытындысымен ұжымды таныстыру, таныстырылым жасау, рефлексивті есеп жазу, буклет әзірлеу.