Дәріс №2 Экологиялық білімнің даму тарихы


Экология 3 негізгі бағытты зерттейді



бет4/5
Дата02.05.2023
өлшемі72,5 Kb.
#88792
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс №2 ЭТҚ

Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.

1.Аутэкология
 - особьтар экологиясы.
Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.
Қоршаған орта факторларына :
а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.
б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.
в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.

2. Демэкология - популяциялық экология.
Поуляция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.
Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

3. Синэкология - қауымдастық экологиясы.
Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

Экологияның негізгі бағыттары
Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар:


1. Классикалық экология - биологиялық жүйелердің
қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.

2. Глобалъды экология - биосфераның бірлігін және
тұтастығын зерттейді.

3. Қоғамдық экология - қоғам мен қоршаған орта
жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.
4.Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға
антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді.
5.Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік
ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді.
6.Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қала
экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын
зерттейді.
7.Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын
болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет