Дәріс №2 топырақтану жəНЕ топырақ туралы ғЫЛЫМ топырақ ТҮзілу процесі 1 Үгітілу және топырақтың түзілуі


– адамзат үшін өлшемі жоқ, баға  жетпейтін байлық жəне құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі.  2.3. Топырақ түзілу процесі туралы



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата10.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#136059
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2. Тема 2


адамзат үшін өлшемі жоқ, баға 
жетпейтін байлық жəне құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі. 
2.3. Топырақ түзілу процесі туралы 
Топырақтану ғылымының басты салаларының бірі – топырақ гео-
графиясы. Бұл сала жер бетінде топырақтардың таралу заңдылық-тары 
мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың 
кеңістікте ауысуын, олардың Жер шарында немесе белгілі бір аймақта
кезектесіп орналасуын зерттейді. Жер шарының топырақ жамылғысы 
алуан түрлі. Өйткені кеңістікте топырақ түзуші фак-торлар да өзгермелі 
болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, 
жер бедері жəне олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы əр 
мекенде, жер аумағында əртүрлі. 
Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы 
салыстырмалы-географиялық əдіспен, яғни топырақтың кеңістікте 
таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра 
салыстыру арқылы зерттейді. Осы əдісті қолдану нəтижесінде Жер 
шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды. 
XIX ғасырдың аяғында топырақтану ғылымының негізін қалаушы 
орыс ғалымы В. В. Докучаев Орыс жазықтығында топырақ қасиеттері 
мен оның таралуының топырақ түзуші факторлармен бай-ланысын 
салыстыра зерттеп, топырақ географиясының басты заңын 


– 
топырақтардың ендіктерге сəйкес орналасуын ашты.
 
Ол өзінің
 
«Табиғаттың аймақтары туралы ілімі» кітабында: «топырақ түзуші 
негізі факторлар жер бетінде белдік болып, созылып, географиялық 
ендіктерге параллель бағытта орналасқандықтан, топырақтарда ... – 
қара топырақтар, күлгін топырақтар, т.б. – жер бетінде, климатқа, 
өсімдік дүниесіне сəйкес тəртіппен аймақ бойынша таралуы тиіс», 

деп жазған. Топырақтардың ендік бойынша аймақтар болып таралу 
заңдылығы тек қана топырақтанудың дамуына ғана емес, сонымен 
қатар физикалық географияның табиғат зоналары мен географиялық 
ландшафттар бағыттарын дамытуға үлкен үлес қосты. 1899 жылы В. 
В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының 
нұсқалық картасын дайындап, оны 1900 жылы Парижде əлемдік 
көрмеде көрсетті. Бұл картада аймақтар Солтүстік жарты шар 
материктерінде ендіктерге сəйкес орналасқан болып келеді. 
Топырақтану ғылымының əрі қарай дамуына, жəне Жер шары 
топырақтары туралы көптеген жаңа мағлұматтардың жиналуына 
байланысты В. В. Докучаевтың ашқан топырақтардың ендік 
бойынша аймақ болып таралу заңдылығын жаңаша кеңірек 
мағынада «топырақтардың таралуының көлденең аймақтық 
заңдылығы», – деп атау ұсынылды. Өйткені жер шарын-да 
топырақтардың белдік болып созылып орналасуы кейде мериди-ан 
бағытына да сəйкес келуі байқалды. Осындай құбылыстардың басты 
себебі, əрбір алқаптың мұхиттарға немесе орталық құрлық 
аймақтарға, таулы өлкелерге жақын немесе алыс орналасуына, яғни 
аймақ климатының ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне 
байланысты болып келетіні. 
Кейінгі жылдары дайындалған əлемнің топырақ карталарында 
топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына 
сəйкес орналасуы жəне басқа да топырақ таралу құбылыстары 
көрсетілді (Л. И. Прасолов, 1937; И. П. Герасимов, 1956; В. А. Ковда, 
Е. В. Лобова, 1976). 
Кавказ тауларында етегінен бастап жоғары көтерілген сайын оның 
табиғатының жəне топырақ жамылғасының өзгеруін бақылап, зерттеп 
топырақтардың таулы өлкеде тік аймақ болып, таралу заңдылығын 
ашты. В. В. Докучаевтың айтуынша, жер үстінің биіктігі өскен сайын 
əрқашанда топырақ түзуші факторлар – климат, өсімдіктер мен 
жануарлар дүниесі заңды түрде өзгереді. Сондықтан топырақтар да тау 
етегінен бастап, оның үстіне көтерілген сайын заңды түрде өзгеріп 


отыруы тиіс. Яғни, топырақтар таулы өлкеде де аймақ болып кезектесіп 
орналасады, бірақ ол көлденең бағытта емес, тік бағытта байқалады. 
Қазіргі кезде құрлық бетінде топырақ-климаттық белдеулер анық-
талған. Оларды анықтап жіктеу үшін климаттың ерекшеліктері 
ескеріледі. Осындай белдеулерге полярлық, бореалдық, суббореалдық, 
субтропикалық жəне тропикалық белдеулер жатады. Бұл белдеулер-де 
оларға тəн, басқа белдеулерде жоқ топырақ типтері кездеседі. Ол 
типтердің түзілуінің термоэнергетикалық режимі ұқсас болып келеді. 
Топырақ – климаттық белдеулер топырақ-биоклиматтық облыс-
тарына бөлінеді. Топырақ – биоклиматтық облыстары келесідей: 
– орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар 
ылғалды облыс; 
– далалық, ксерофитті-орманды немесе саванналы өсімдік 
жамылғысы бар далалық облыс; 
– шөлейттің немесе шөлдің өсімдіктері жамылғысы бар құрғақ 
облыс. 
Топырақ-климаттық белдеулерге қарағанда биоклиматтық-
топырақ облыстардың топырақтары біртектес болып келеді. Соның 
өзінде де бұндай облыста бірнеше аймақтық топырақтар жəне 
оларға сəйкес интра аймақтық топырақ типтері кездеседі. 
Сондықтан əр биоклиматтық топырақ облысы ішінде 2-3 топырақ 
аймағы кездеседі. Топырақ аймағы бір немесе екі аймақтық топырақ 
типінің жəне осыларға сəйкес интрааймақтық жəне аймақ ішіндегі 
топырақ типтері таралған жер кеңістігі. 
Топырақ аймағы топырақ типшелерінің аймақшаларына, 
топырақ фацияларына жəне провинцияларына бөлінеді. 
Топырақ аймақшасы – топырақ аймағына сəйкес таралған бір 
топырақ типшесі таралған жер аумағы. 
Топырақ фациясы – жылу режимінің жəне жыл мерзімдері ішінде 
ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі. 
Топырақ өлкесі (провинциясы) – жылу режимі жəне жыл мерзімі 
ішінде ылғалдылығының айрықша ерекшелігі бар топырақ 
фациясының бір бөлігі. 
Топырақ округы жəне топырақ ауданы – жер бедерінің жəне 
топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты 
қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет