Күрделігүлділер немесе астралар тұқымдасы кластарымен танысу
Лектор: Чилдибаева Асел - Phd, аға оқытушы
Магистрант: Аида Әбдурасилова
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және биотехнологя факультеті
Дәрістің жоспары
Кіріспе
Күрделігүлділер тұқымдасының классификациясы және сипаттамалары
Трубкакүлділер тұқымдас тармағы:
Жусан туысы
Күнбағыс туысы
Гүлкекіре туысы
Сарықалуен туысы
Тілшегүлділер тұқымдас тармағы:
Бақбақ туысы
Қалуен туысы
Шашыратқы туысы
Күрделігүлділер тұқымдасының сипаттамасы, сан алуандығы
Гүлді өсімдіктердің ең көп таралған тобы – күрделігүлді өсімдіктер. Қазақстанда күрделігүлділер тұқымдасының 700-ге жуық түрі өседі. Бұлар – негізінен алғанда шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі.
Күрделігүлділер– көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталған себетгүлден тұрады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалған тілшелі, шұқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.
Шұқырақ тәрізді
Түтікшелі
Тілше тәрізді
Күрделігүлділердің таралуы
Күрделігүлділер 1150-ден 1300-ге дейін туыс, 20000-нан астам түр жатады. Қазақстан флорасында 139 туысқа біріктірілген, 854 өсімдік түрлері кездеседі. Оларды жер бетінің барлық құрлықтарынан, тундрадан экваторга дейінгі, теңіз жағалауынан таулардың Альпа белдеуіндегі қарлы мұздақтарға дейінгі аралықтардан, шіріндісі мол қара топырақтардан және құнарсыз құмды жерлерден де кездестіруге болады. Қазіргі таңда астра тұқымдасына кіретін барлық дерлік түрлер Еуразияда таралған. Сонымен қатар, Азия, Солтүстік Африка, Орталық және Солтүстік Америкада күрделігүлділер кеңінен таралған.