Дәріс № 3 Белок молекуласының құрылымы. Белоктар құрылысын полипептидті теорияның дәлелдеуі.
Дәріс жоспары
Белок молекуласының құрылысы
Белок молекуласының құрылымдары
Белоктарды топтастыру
Дәріс мақсаты мен міндеттері: Биохимия – тірі материяны құрайтын қосылыстардың сапалық құрамы және тіршілік процесіндегі маңызды органикалық қосылыстардың ролі мен маңызы туралы білім қалыптастыру. Биохимия пәнінің міндеттері мен әдістерін, даму перспективаларын, организмдегі зат алмасудың өзара байланысы туралы жалпы жағдаймен таныстыру.
Дәріс мазмұны
Белок молекуласының құрылысы
Полипептидтік теорияға сәйкес белок молекуласы кұрамында ондаған, ж‰здеген амин қышқылдарының калдықтары бар үлкен полипептид. Мысалы, клупеин деген белок молекуласының құрамында — 30, лизоцимде — 129, миоглобинде — 155, трипсиногенде - 234 т.б. амин ќышќылдарыныњ ќалдықтары бар.
Белок молекуласындаѓы амин қышқылдары бір-бірімсн пептидтік байланыспен байланысқан. Ол байланыс бір амин қышқылыныњ амин тобымен екінші амин қышқылының карбоксил тобы байланысып су молекуласын бөліп шығару арқылы т‰зіледі.
Н2–СН-СООН + NН2-СН- CH2-СООН NН2-СН-СО-NH- СН-СН2-СООН
| | | |
CH3 COOH CH3 COOH
Аланин Аспарагин кышқылы Аланил-аспарагин дипептиді
Реакция нєтижесінде дипептид - аланил-аспарагин түзіледі. Пептидтердің аталуы бір-бірімен байланысқан амин қышкылдарыныњ атауымен аталады. Әдетте карбоксил тобымен реакцияға түскен амин қышқылыныњ атына -ил жалѓауы қосылады да, амин тобымен реакцияласқан амин қышқылының өзі аты сақталады.
Белок молекуласының осындай құрылысына мынадай дәлелдер бар.
1. Табиғи белоктардаѓы бос карбоксил тобы мен амин топтарыныњ саны көп емес, өйткені олар полипептидтік байланыстарды түзуге ж±мсалѓан.
2. Барлық белоктар биурет реактивінің єсерінен көк-күлгін түске боялады, бұл олардыњ қ±рамындағы пептидтік байланыстарға негізделген реакция.
3.Қарапайым белок-инсулиннің полипептидтік табиғаты оны лабораториялық жолмен синтездей отырып дєлелденген.
4.Белок қ±рлысына рентгенструктуралық талдау жасай отырып сол белокқа тєн амин қышқыл қалдықтарының тізбектеліп полипептидтік тізбек бойында орналасып жатќанын байќауѓа болады. Полипептидтік тізбек белоктың құрылымыдық негізі болғандықтан, полипептидтік тізбектің құрылысы жан-жақты зерттелген. Полипептидтік тізбектің негізін жасайтын — СО – NН – фрагменттегі атомдар арасындағы қашықтықтар, сонымен қатар осы фрагменттердегі көміртегі, оттегі, азот және сутегі атомдары арасындағы бұрыштар анықталған, ол төменгі суретте көрсетілген:
2-cурет. Пептидтік байланыстағы атомдар аралық
қашықтықтары (нм) және бұрыштары
Полипептидті тізбектіњ қ±рылысыныњ ерекшелігі оның арқасында орналасқан көміртегімен азот атомдары шамамен бір жазықтықта орналасқан, ал сутегі атомы мен радикал осы жазықтыққа 109,28° бұрышпен бағытталған. Сонымен, көршілес амин қышқыл калдыѓындаѓы сутегі атомы мен радикалдыњ орналасуы қарама-карсы. Полипептидтік тізбек қ±рылысындағы екінші бір ерекшелік — СО – NН – байланысының өзгешелігінде. Бұл топтағы көміртегі мен азот арасыңдағы байланыс өзінің ара қашықтыѓы жағынан қос байланысқа жаќын (0,132 нм), дара байланыс – С– N- (0,149 нм), қос байланыс С = N (0,127 нм). Міне осы жаѓдай белоктар мен полипептидтердіњ қасиетіне әсер етеді.
Полипептидтік тізбектің тағы бір ерекше қасиеті біртектес – NН – СО- фрагменттерден тұратын тізбек өзінің химиялық табиғаты жаѓынан єртектес бүйірлік топтармен коршалған. Бүйірлік топтар R – радикалдар функционалдық жағынан алуан түрлі. Олардың кµпшілігініњ қ±рамында бос амин немесе карбоксил топтары, гидроксилді, фенолды, амидті тағы да басқа функционалды топтары бар. Белоктыњ көптеген қасиеттері, єсіресе олардың кеңістікте орналасуы осы радикалдармен анықталады. Сонымен қатар басқа факторлармен бірге белоктыњ функционалды активтілігіне єсер етеді.
Сонымен амин қышқыл қалдықтары бір-бірімен пептидтік байланыс арқылы байланыса отырып пептидтер, не белоктар түзеді. Әдетте, пептидтер құрамында 20-ға дейін амин қышқыл қалдықтары болса, онда оларды олигопептидтер деп, ал құрамында амин қышқылдары 50-ге дейін болса онда олар полипептидтер, ал 50-ден астам амин қышқылы бар жєне молекулалық массасы 6 мыңнан жоғары болса, ондай полипептидтерді белоктарға жатқызады. Молекулалық массасы ең төмен белок инсулин гормоны ол 51 амин қышқылдарының қалдықтарынан т±рады. Белок молекуласының қ±рамындағы амин қышқылдары жоғарыда көрсетілгендей.
Достарыңызбен бөлісу: |