Дәріс №3 Белок молекуласының құрылымы. Белоктар құрылысын полипептидті теорияның дәлелдеуі. Дәріс жоспары



бет4/5
Дата03.12.2022
өлшемі136,76 Kb.
#54643
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 Лекция

Белоктарды топтастыру
Белок молекуласы пішіні жағынан екі топқа бөлінеді: глобулярлы (шар немесе элипс тәрізді); фибрилярлы (талшық тәрізді) белоктар. Глобула яғни шар терізді белоктарда бір немесе бірнеше полипептидтік тізбектер жасуша ішіндегі кеңістікте тығыз құндақталып, жиырылып шар тәрізді құрылым береді. Олар суда ериді. Бұларға көптеген белоктар, солардың ішінде ферменттер жатады. Талшық тәрізді белоктар суда ерімейді молекуласы ұзын жіп тәрізді, полипептидтік тізбек бір осьтің бойында созылып орналасқан. Көпшілік талшық тәрізді белоктар кұрылымдық және қорғаныштық қызмет атқарады. Олардың нағыз өкілдері шаштағы, жүндегі α-кератин, жібектегі фибрион және сіңірдегі коллаген. Осындай белоктар қатарына бұлшық еттің жиырылып созылу жүйесін қамтамасыз ететін актин, миозин жатады.
Осы екі топқа жататын белоктардың бір-бірінен айырмашылығы, олардың құрамындағы амин қышқылдарына байланысты. Талшықты белоктардың құрамында гидрофобты аминқышқылдары басым (фенилаланин, изолейцин, валин, метионин, тирозин, триптофан) және олардың радикалдары бір-бірімен оралып жатқан тығыз тізбектің сырт жағынан орналасқан, олардың суда ерімейтіні негізінен осыған байланысты. Глобулярлы, шар тәрізді белоктарда да радикалы гидрофобты амин қышқылдары көп болуы мүмкін, бірақ олардың полипептидті тізбегі қомақталып жинақталған кезде олар глобуланың ішкі жағында орналасады да, сумен жақындаспайды.
Химиялық табиғатына қарай, жоғарыда айтылғандай, белоктар жәй қарапайым-протеиндер, және күрделі - протеидтер болып екіге бөлінеді.
Қарапайым белоктар тек амин қышқылы қалдықтарынан тұрады, ал күрделі белоктардың құрамында белоктың бөлігінен басқа жанама табиғаты белок емес бөлігі болады.
Осы екі топ өзара топшаларға яғни шағын топтарға бөлінеді. Протеиндерді әртүрлі ертінділердегі ерігіштігіне байланысты топтарға бөледі.
Альбуминдер – бейтарап тұздармен, мысалы, аммоний сульфатымен немесе натрий сульфатымен толық қанықтырған кезде тұнбаға түседі. Протеиндердің өкілдері суда еритін альбуминдер, табиғатта кеңінен тараған белок. Әсіресе адамның қан плазмасының құрамында көп, оның үлесіне плазмадағы жалпы белок мөлшеріне шаққанда 50% тиеді. Альбумин молекуласы теріс зарядталған. Құрамында глутамин қышқылы болғандықтан, оның қышқылдық қасиеті бар. Екінші бір кең тараған өкілі глобулин . Глобулиндер көптеген өсімдіктердің дәніндегі белоктың негізін құрайды, әсіресе бұршақ тұқымдас, майлы өсімдіктердің дәнінде көп болады. Глобулин сәл қышқылдық қасиеті бар немесе бейтарап белоктарға жатады. рН = 6 – 7,3. Глобулин қанда көп кездеседі.
60-80%-ті этил спиртінің ерітіндісінде еритін қарапайым белок-проламиндер. Бұлар тек қана астық тұқымдас өсімдіктердің дәнінде кездеседі, онда олар қор ретінде жиналады. Бидай мен қара бидай дәнінде –глиадин деген белок, ал арпа дәнінде – гордеин, жүгеріде – зеин деген спиртте еритін белоктар мөлшері өте көп болады. Бұл белоктар тобында ауыстырылмайтын амин қышқылдары тапшы болады.
Сілті ерітіндісінде (0,2-2%NaOH) еритін белоктар – глютелиндер. Бұларда өсімдіктерде тараған. Бидай дәнінде болатын осы топшаға жататын глутелин деген, ал жүгеріде – оризенин деген белоктар бар.
Протаминдер – ең шағын молекулалы белоктар, М.М. – 12000 шамасындай, күшті негіздік қасиеті бар, құрамында аргинин қалдығы көп, гистондар сияқты ДНҚ – мен байланысты. Ол спермада (еркектің ұрығында) болады және реттеушілік емес, тек құрылымдық қызмет атқарады.
Сілтілік қасиет көрсететін белоктар - гистондар. Олар әлсіз қышқылдарда (0,2 немесе HC1) ериді, аммиак пен спиртпен тұнбаға түседі .
Негізінен бұл белоктар жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының ядроларында кездеседі және хроматин құрылымында маңызды рөл атқарады. ДНҚ – ның кеңістіктік құрылымын тұрақтандыруға қатысады және генетикалық мәліметтің ДНҚ – дан РНҚ – ға берілуіне жан-жақты тосқауыл қояды.
Күрделі белоктар құрамындағы жанама тобының табиғатына қарай бірнеше топшаларға бөледі. Олар: липопротеидтер, фосфопротеидтер, гликопротеидтер, хромопротеидтер, нуклеопротеидтер, металлопротеидтер.
Липопротеидтер табиғатта көп тараған, барлық тірі ағзаларда кездеседі. Олар барлық жасуша мембраналарының ең бір басты құрамы болып есептелінеді. Липопротеидтер бос күйінде қан плазмасында және лимфада кездеседі және ол липидтерді, кейбір гормондарды бір орнынан екінші орынға ауыстырып апара алады. Электрофорездік қозғалғыштығы бойынша α–липопротеидтерге және β–липопротеидтерге бөлінеді. Фосфопротеидтер құрамында ортофосфор қышқылы бар, олардың ағзаның қоректенуінде маңызы зор. Сүт құрамындағы -казеин, жұмыртқа сарысындағы – виттелин, балық уылдырығындағы – ихтулин осы фосфопротеидтерге жатады. Гликопротеидтер құрамында белок емес бөлігі – көмірсулар. Көмірсулардан олардың құрамына кіретіндер неше түрлі моносахаридтер, дисахаридтер, тіптен полисахаридтер де бола алады.
Гликопротеидтер жануарларда, өсімдіктерде, микроағзаларда кездеседі және олар әртүрлі қызметтер каталитикалық, тасымалдаушы т.б.атқарады.
Хромопротеидтер – боялған күрделі белоктар, олардың құрамында бояулы заттар болады. Олардың нағыз өкілдері родопсин, гемоглобин, миоглобин, пероксидаза, каталаза, флавиндік ферменттер және цитохром жүйесіне жататын ферменттер.
Нуклеопротеидтердегі жанама топ нуклеин қышқылдары. Нуклеопротеидтердің молекулалық массасы үлкен болып келеді. Дезоксинуклеопротеидтер жасушаның ядросында, митохондрияларында кездеседі, ал рибонуклеопротеидтерге – рибосомалар мен информосомаларды жатқызуға болады . Вирустарда да өзінің химиялық табиғаты жағынан – нуклеопротеидтер . Нуклеопротеидтердің белок биосинтезінде және тұқым қуалаушы информацияны сақтауда маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет