Дәріс 3 Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесі Жоспары



бет4/5
Дата16.10.2022
өлшемі86 Kb.
#43511
1   2   3   4   5
Қорытындылай келе, баланың сенсорлық дамуы ол баланың сыртқы заттардың пішініне түсіне мөлшеріне кеңістіктегі орнына және де әр түрлі иістер мен дәмдерге көзқарасының дамуы мен қалыптасуы. Сенсорлық даму маңызын ерте және бастауыш сыныптағы балаларға беру өте қиын. Дәл осы жаста балалардың сезім мүшелерінің дамуы қоршаған дүниеге деген көзқарастың пайда болуымен қатар жүреді. Сенсорлық даму, бір жағынан баланың ақыл – есінің дамуының негізі, екінші жағынан, өзіндік маңызға ие, себебі, баланың қарқынды оқуы үшін (балабақшада, мектепте, басқа да оқу орындарында) толыққанды тәрбиелеу үшін қажет.
Қоршаған ортаның әртүрлі заттары мен әсерлерін қабылдаумен таным пайда болады.Таным процестерінің басқа да түрлері – есте сақтау, ойлау, елес. Олар қабылдаудың арқасында дамып жетіледі. Сондықтан да ақыл – естің дұрыс дамуы толыққанды қабылдаусыз қалыптасуы мүмкін емес.
Бала балабақшада сурет салуға, конструктормен жұмыс істеуге үйренеді, табиғаттың тылсым құбылыстарымен танысып, математика негіздерімен және басқа да сабақтармен танысады. Осы білімдерді игеру көп уақытты қажет етеді. Суретті дәл сәйкестікпен салу үшін бала (суреттің) түп нұсқасының ерекшеліктерін (пішінің, түсін) тура ажырата білуі керек. Бала түпнұсқа мен суреттің қатынасын түсінеді. Баланың ақыл – есінің дамуында сөйлеу мәнерінің дифференциясы, әріптердің жазылуын қабылдауы белгілі бір сипатқа ие болады. Баланың ақыл – есінің дамуына басқа да мысалдарды келтіруге болады.
Баланың қарқынды дамуының дәрежесінің төмендеуі бұларға ғана байланысты емес. Сенсорлық қабілеттер – музыканттың, суретшінің, архитектордың, жазушының жетістіктерінде маңызды орын алады. Сенсорлық қабілет сенсорлық дамуға байланысты баланың ерте жасында білінеді.Болашақта баланың мамандықты таңдауда сенсорлық дамуы маңызды орын алады, оның негізі балабақша мен бастауыш сыныпта әсерлі тәрбиелеуге байланысты қаланады. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты баланың сенсорлық мәдениетінде, тәрбиесінде қалануы қажет.Бала өмірде әртүрлі заттармен, тұрмыс заттарымен кездеседі. Ол көркем - өнер туындыларымен танысады, осылардың бәрін қабылдайды.
Егер де қабылдау жай ғана , үлкендердің басқаруынсыз жүрсе, бұл толыққанды болмайды. Бұл кезде көмекке сенсорлық тәрбиелеу келеді. Бұл баланың сенсорлық мәдениетпен жүйелі танысуы . Сенсорлық тәрбиелеуде баланың сенсорлық эталондары жайында көз- қарастар қалыптасады.
Сенсорлық эталон ретінде спектрдың жеті түсін, эталондар формасы ретінде геометриялық фигураларды, мөлшер ретінде метрикалық жүйелерді алуға болады.Сенсорлық эталонды меңгеру қандай да бір қасиетті дұрыс айта білуді үйрену.Әр түрлі қабілеттерге дұрыс көзқарас болу қажет және де бастысы осылардан қорытынды шығару үшін әртүрлі жағдайларға оң көзқарас болу керек.
Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.
Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады.
Қазіргі кезде балалардың сенсорлық мәдениетін тәрбиелеу қарқынды түрде жүргізілуде. Осылардың бәрімен танысу бала бақшадағы балалардың сенсорлық тәрбиелеудің құрлымын игеруге көмектеседі.Әр жаста сенсорлық тәрбиелеудің өз сындары болады. Осының арқасында сенсорлық мәдениет қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет