Дәріс 3 Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесі Жоспары



бет1/5
Дата16.10.2022
өлшемі86 Kb.
#43511
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 3,4. Монтессори


Дәріс 3-4. Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесі


Жоспары:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесі.
2. Сенсорлық тәрбиенің бала дамуындағы маңызы.
3. Мектеп жасына дейінгі балардың сенсорлық тәрбиесінің теориялық аспектілер.
4. Сенсорлық тәрбие туралы түсінік.

Мектепке дейінгі педагогикада әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын тәрбие түрі – сенсорлық тәрбие. (Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.


Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады) Сенсорлық тәрбие әртүрлі: ақыл – ой, эстетикалық, патриоттық, дене, адамгершілік тәрбие түрлерімен қатар жеке тұлғаның дамуына негіз болады. Соған байланысты сенсорлық тәрбиені осы жастағы балаларға берілетін тәрбиенің құрамды бір бөлігі деп айтуға болады.

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпыға ұлттық деңгейде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты:
негізгі құзыреттілікке жалпыадамзаттың және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке не бала тұлғасын дамыту. Осы мақсатта жүзеге асыратын міндеттерінде мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылық бағдарын адамның оң мінез құлқы, нормасы, тәртіптік ережесі, Қазақстандық қоғамда қалыптасқан салт – дәстүр үлгісінде қалыптастыру – деп, көрсетілген. Осы мақсат пен міндеттерді іске асыру үшін «Сенсорлық тәрбие» бойынша ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті ұлттық салт – дәстүрді негізге алады.
Сенсорлық тәрбие алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру, есту, қабылдау арқылы өзіндік үрдістер: ес, қиял, ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көру, не есту керек.
Балалар балабақшасында сенсорлық тәрбие ақыл - ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ал баланың сенсорлық тәрбиесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады.
Сенсорлық тәрбиесі ақыл – ой дамуының негізі және эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі.
Сенсор үдерістерінің дамуы мектепке дейінгі жаста үнемі сипат алады, сондықтан да ол мектепке дейінгі педагогикалық даму тарихында басты мәселелердің бірі болып қарастырылып келеді. Сенсорлық тәрбие мәселесіне Я.Н.Коменский, И.Г.Песталоций, М.Монтессори, Ф.Фребель., Е.И.Тихеева т.б ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Баланы тәрбиелеу мен дамытуда сенсорлық тәрбиесінің рөліне ең алғаш баға берген Я.А.Коменский «Аналар мектебі» еңбегінде сөзбен тәрбиелеуді іс – әрекетпен тәрбиелеуге қарсы қоя отырып, сыртқы дүние құбылыстарын барлық сезім мүшелерінің қатысуы арқылы қабылдауға мән берген.
И.Г.Песталоций «Көріп қабылдау әліппесі» деген еңбегінде сенсорлық тәжірибесіне баса назар аударады.
Ф.Фребель «Сыйлықтар» атты еңбегінде заттың түрін, түсін, көлемін т.б сапаларын қабылдау ерекшеліктерін танытуды көздейді.
М.Монтессори сенсорлық тәрбиенің жүйесін жасаған. Авторлық дидактикалық жүйесінің алдына қойған мақсаты: түрлі – түсті бояу ерекшеліктерін, пішін мен көлемді балалардың ажырата білуін жетілдіру қажет – деп көрсетті.
Ал Е.И.Тихеева болса сезім мүшелерінің жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесін таныстырумен байланыстырды.
Баланың сенсорлық үдерістерінің дамуына мүмкіндік тудыратын іс – әрекеттің тиімді түрлері – көркем сурет салу, саздан, ермексаздан мүсіндер жасау, салынған суреттерді, өрнектерді қиып желімдеу, папье – маше педагогикалық басшылықпен ұйымдастырған бірлескен дидактикалық ойындар болып табылады.
Жалпы айтқанда, күнделікті өмірді ойындарда және оқу сабақтары кезінде тәрбиешінің басшылығымен мектепке дейінгі балаларды үйлесіледі сенсорлық тәрбиелеу жүзеге асырылады. Сның ішінде мысалы: мүсін жасау сабағында педагог үн мен қағаз қиындарынан (яғни папье – маше) мүсін жасау оңай екеніне назар аудартады.
Сенсорлық тәрбиені ұйымдастыруда пайдаланатын педагогикалық технологиялар.
Ойын арқылы оқыту технологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет