Дәріс 3 Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесі Жоспары



бет2/5
Дата16.10.2022
өлшемі86 Kb.
#43511
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 3,4. Монтессори

Топтық жұмыс технологиясы. Топтық жұмыста балалардың ойлау қабілеті артады. Көрнекті педагог Мағжан Жұмабаев «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Топта отырған балалардың тез шаршауы, оның ақылының жұмыссыз қалуынан, әсіресе тех отыруда ауа бұзылады. Сондықтан белгілі бір іспен айналысқан бала өздерін жақсы, еркін ұстайды».
Осы ұстанымды негізге ала отырып мен өз тобымда қағаз қиындыларымен (яғни папье – маше) жұмыс жасауды жобаладым. Бұл жоба ұзақ мерзімді алады. Себебі, ол оұу жылының басынан Наурызға дейін жалғасады. Жұмыстың нәтижесі Наурыз мерекесінде көрмеде көрсетіледі. Өйткені бұл заттар ұлттық нақышта жасалған бұйымдар.
Папье маше деп қағаз қиындыларынан ерекше тәсілмен жасалған бұйымдарды айтады. Қағаз қиындыларын желіммен, крахмалмен, ұнмен немесе гипспен араластырылып, кез келген бұйымның пішінін келтіруге болады.
Папье – маше француз тілінен аударғанда «қағаз қиқымдары» деген мағына береді.
Папье – машемен жұмыс істеу тәсілі: кез келген бұйымды қағаз қиындыларымен бірнеше қабатпен желімдеуден тұрады. Бұл жұмыс шыдамдылық пен ептілікті қажет етеді.
Папье – маше тәсілінің шығу тарихы: бұл тәсіл 16 ғасырдың басында Францияда пайда болған. Ең алғашында бұл тәсіл қуыршақ жасау үшін пайдаланылған. Кейіннен Европада 17 ғасырдың 70 – ші жылдары папье – маше басқа да бұйымдар жасауға бейімделді.
Папье – машеден түрлі бұйымдар жасау кеңінен таралған. Атап айтқанда: ойыншықтар, маскалар және басқа да бұйымдар жасалған. Ол бұйымдар кезінде сұранысқа ие болып, дүкен сөрелерінде сатылып, осы бұйымды жасаушы шеберлер өз копанияларын құрып, жеке дүкендерінде сатудың арқасында Лондонда және Нью – Иоркте танымал болған.



  1. Сенсорлық тәрбиенің бала дамуындағы маңызы

«Тәрбиелеудің мақсаты балаларды
ерте жастан қоғамдық орында ғана
немесе бір мамандыққа үйрету ғана емес,
оларды жеке тұлға ретінде дамуына
мүмкіндік беру керек».Ф. Фребель

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау – кезек күттірмейтін іс.


Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.
Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет, бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әртүрлі заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып, ортақ белгілеріне сәйкес заттардың қасиеттерінің негізгілерін айқындай білуі керек.
Сенсорлық тәрбиенің тағыда бір маңызды міндеті балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Баланың сенсорлық дамуы ол баланың сыртқы заттардың пішініне түсіне мөлшеріне кеңістіктегі орнына және де әр түрлі иістер мен дәмдерге көзқарасының дамуы мен қалыптасуы. Сенсорлық даму маңызын ерте және бастауыш сыныптағы балаларға беру өте қиын. Дәл осы жаста балалардың сезім мүшелерінің дамуы қоршаған дүниеге деген көзқарастың пайда болуымен қатар жүреді. Сенсорлық даму, бір жағынан баланың ақыл – есінің дамуының негізі, екінші жағынан, өзіндік маңызға ие, себебі, баланың қарқынды оқуы үшін (балабақшада, мектепте, басқа да оқу орындарында) толыққанды тәрбиелеу үшін қажет. Қоршаған ортаның әртүрлі заттары мен әсерлерін қабылдаумен таным пайда болады.
Таным процестерінің басқа да түрлері – есте сақтау, ойлау, елес. Олар қабылдаудың арқасында дамып жетіледі. Сондықтан да ақыл – естің дұрыс дамуы толыққанды қабылдаусыз қалыптасуы мүмкін емес. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала сенсорлық әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Адамға тән әрекетінің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Зейін – айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Бұдан баланың зейінін тәрбиелеудің және сенсорлық қабілетін дамытудың маңызы зор деген қорытындыға келуге болады. Психолог Қ. Жарықбаев
Психологтар баланың сенсорлық қабілетін дамытуда зейін үлкен қызмет атқарады деп санайды. Зейін қойып тыңдау – дұрыс ұғуды, түсінуді қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Ол туралы психолог Қ. Жарықбаев былай деген: «Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз – айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу». Бұдан баланың сенсорлық қабілетін дамытуда баланың зейінін тәрбиелеуді ойын арқылы ұйымдастырудың маңызы зор деген қорытындыға келуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет