Қоршау конструкциялары келесі жылу техникалық талаптарға жауап беруі қажет: – жылу қорғау қасиеттерінің болуы; –ішкі беттегі температураның бөлмедегі ішкі ауаның температурасынан айтарлықтай айырмашылығы болмауы керек (қоршау жанында суықтың сезілмеуі, ал бетте конденсаттың пайда болмауы); – сыртқы температураның өзгерістері бөлме ішіндегі температураға мүмкідігінше әсер етпеуі үшін қажетті жылулық инерциясының (жылуға тұрақтылық) болуы; – ылғалдануға тұрақты болуы және қалыпты ылғалдылықты сақтауы, яғни ылғалдылықтың шамадан тыс болуы конструкцияның жылу қорғау қасиеттерін нашарлатады және ұзақ мерзімділігін төмендетеді.
Құрылыстық жылу техникасы ғимараттардың қорғағыш конструкцияларының жылуды сақтау және тазалық қасиеттерін зерттейтін сала.
Құрылыстық жылу техникасы ғимараттардың қорғағыш конструкцияларының жылуды сақтау және тазалық қасиеттерін зерттейтін сала.
Жылу сақтау және тазалық қасиеттерін қорғағыш конструкцияларының сапасына, сыртқы ауаның температурасы мен ылғалдылығына, жауын шашудың мөлшері және желдің жылдамдығы мен бағыттарына тәуелді болады.
Сондықтан құрылыстық жылу техникасы қарастыратын сұрақтары әрқашанда құрылыстық климатологиясы мәліметтеріне сүйеніп бірге шешіледі.
Құрылыстық климатология – ғылыми сала, әртүрлі географиялық аудандардың ауа райы жағдайын ескере отырып ғимараттар мен үйлердің жобалау жұмыстарын іске асыру.
Ғимараттардың қорғағыш конструкцияларын жобалау кезінде төменгіде көрсетілген шарттарды ескеруі керек:
-конструкциялардың жеткілікті жылу сақтау қасиеттері, бөлмелерді қыста – суықтан және жазда – ыстықтан қорғау үшін;
-конструкциялардың ылғал сақтағыш қасиеттері;
-конструкциялардың шамадан тыс ауа өткізбеу қасиеттері.
Сондықтан құрылыстық жылу техникасы қорғағыш конструкциялардың жылу, ауа өткізгіш және ылғал сақтағыш қасиеттерін талдайды.