Дәріс № 3
Тақырыбы: Сөзжасамдық тәсілдер
Дәріс мазмұны:
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі.
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі.
Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі.
Әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. Алматы, 2001.
Қосымша әдебиеттер:
Елемесқызы А. Сөздердің лексика-семантикалық жолмен жасалуы // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 1, 2003, 123-125-б.б.
Шақаман Ы. Сөзжасам мен тұлғажасам // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 6, 2007, 39-47-б.б.
Тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдер бар, сөзжасам сол қалыптасқан тәсілдер арқылы ғана жүзеге асады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып, әбден орынққан, қалыптасқан негізгі тәсілдер мыналар:
1) синтетикалық тәсіл;
2) аналитикалық тәсіл;
3) лексика-семантикалық тәсіл.
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ. Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Ал оның тұлғасы мен құрамына шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негіз түбір сөз де, туынды түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарған сөз де атқара береді. негіз сөз дегеніміз туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты. Синтетикалық сөзжасамдық тәсілдегі екінші тұлға, екінші тілдік бірлік – сөзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, көрер+мен – көрермен, дәріс+хана - дәрісхана,ой+ла – ойла. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің құрамындағы тілдік бірліктердің әрқайсысының орны бар, негіз сөз бірінші орында тұрады, жұрнақ екінші орында тұрады.
Сөзжасамның аналитикалык, тәсілі. Аналитикалық тәсіл деп екі я одан да көп сөзден лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, баспасөз, он сегіз. Аналитикалық тәсіз қазақ тілінде барлық сөз табының сөзжасамынан орын алған, бірақ сан есім сөзжасамында ол негізгі тәсіл болып саналады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады. аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі екі лексема арқылы жасалады, бірақ күрделі сөзде олардың әрқайсысы өзінің жеке тұрғандағы мәнін сақтамай, біртұтас мәнге көшеді.
Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен қатар, оның іштей бірнеше түрі бар:
1) сөзқосым,
2) қосарлау,
3) тіркестіру,
4) қысқарту. Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде өте мол. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды: біріккен сөздер, қос сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қысқарған сөздер.
Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады.
Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нүрдәулет, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б. Бүл мысалдардың біріншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған.
Қосымшалы тілдерде аналитикалық тәсіл басқа тәсілдер қатарынан орын алады, бірақ бұл аналитикалық тәсілдің қызметі ондай тілдерде өнімсіз дегенді білдірмейді. Мысалы, неміс, ағылшын, орыс тілдерінде, түркі туыстас тілдерде сөзжасамның аналитикалық тәсілі өте кең түрде қолданылады. Қазақ тілінде де аналитикалык тәсіл көне замандардан бері қарай қолданылып келе жатыр. Ол барлық сөз табының сөзжасамынан кең орын алады. Мысалы, үшбұрыш, тікұшақ, көмір кышқылы, ақсақал, Темірқазық (зат есімдер); кызыл ала, орта бойлы, қызыл шырайлы, ақшашты (сын-есімдер); кырық сегіз, он алты, екі жүз, бес мың (сан есімдер); кіріп шық, беріп кет, алып кел, алып бер (етістіктер); күні кеше, күндерде бір күн, бүгін, биыл (үстеулер); так-түқ, тарс-тұрс, жалт-жұлт (елікгеуіштер); пай-пай, ойпырмай, бәрекелді (одағайлар).
Аналитикалық тәсіл қазақ тілінде барлық сөз табының сөзжасамынан орын алғанымен, оның сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл екенін атау қажет.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі екі лексема арқылы жасалады, бірақ күрделі сезде олардың әрьдайсысы өзінің жеке түрғандағы мәнін саісгамай, бір тұтас мәнге көшеді. Қазақ тілінде аналитикалықтөсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты аанлитикалық тәсілдің төрт түрі бар.
Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде ете мол. Аналитикалық тәсілдің бұл ішкі түрлері арқылы жасалған күрделі сөздер де бір-бірінен басқа-басқа болады. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды. Олар: біріккен сөздер, крс сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қысқарған сөздер.
Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады. Оны ғылымда конверсия деп атайды. Лексика-семантика тәсілдің іштей айырмасы бар:
1) сөздің жаңа мағына алуына байланыста басқа сөз табына көшуі;
2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы.
Сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі сөзжасам үрдісінің нәтижесіне жатады. Сондықтан сөзжасам ілімінің туынды сөздер зерттеу нысаны болып табылады да, сөзжасам жүйесінде негізгі орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |