КУРС БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Семейде Ж.Аймауытұлы мен М.Әуезов шығарған журнал қалай аталады?
А) «Сарыарқа»
В) «Қазақ тілі»
С) «Семей таңы»
Д) «Абай»
Е) «Екпінді»
2. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» атты әңгімесі қай жылы жазылған?
А) 1933
В )1958
С) 1921
Д) 1915
Е) 1943
3. М.Әуезов шығармаларының библиографиялық көрсеткішін осы ғалымдардың қайсысы жазған?
А) М.Мырзахметов
В) Ғ.Есімов
С) Ә.Тәжібаев
Д) З.Қабдолов
Е) Ә.Қоңыратбаев
4. «... Өткен замандардың көп күйлерін сақтап келген сол бір асыл меруерттің сырың аңдып, ғасырлар құрдымына үңілсек, бағзы өмір қаз қалпында көз алдымызда елес беріп кеткендей блар еді. Өткен заман жайын шертетін өлмес,өшпес, дана шежіресі- эпос бізде ғасырлар тынысын жеткізгендей, сол кездегі жандар бейне бір тіріліп келіп сыр-сезімін, ойы мен шынын, үзілмес арманы мен бақыт аңсаған тілегін алдымызға жайып салғандай болар еді...»
Ғылыми да көркем тілмен қазақ фольклоры жайлы сырлы, нұрлы, тереңнен тартқан тебіреністі осы бір ғажап ой-сезім маржанын М.Әуезов қай еңбегінде жазған?
А) «Әдебиет тарихы»
В) «Айтыс өнері »
С) «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры»
Д) «Қыз Жібек»
Е) «Жұмбақ туралы»
5. М.Әуезов қай еңбегінде М.Жұмабаев туралы: «Әдебиет әдебиет үшін деген сөз айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға жол жоқ»,-деген?
А) «Өз жайымнан мағлұмат»
В) «Әр жылдар ойлары»
С) «Әдабиет тарихы»
Д) «Абайдың туысы мен өмірі»
Е) «Түркістан солай туған»
6. «Абай Құнанбаев» атты монографияның авторы кім?
А) С.Мұқанов
В) А.Байтұрсынұлы
С) М.Мырзахметов
Д) М.Әуезов
Е) Қ.Мұхаметханов
7. М.Әуезов шығармаларының жазылу тарихы жайлы “ Бесігіңді түзе”, “Бесігіңді аяла”атты зерттеу еңбектің авторын тап.
А) М.Мырзахметов
В) З.Ахметов
С) Б.Шалабаев
Д) Р.Нұрғалиев
Е) Т.Жұртбаев
8. “Көкейкесті”, “Көкейкесті” күй не дейсің? Уа, не қыл дейсің? Тынбаған көңіл, талмаған көкей (жымиып) күшік!..(қобызына жағын сүйеп, ырғала толғанып) Бақи пәруәрдігәр!.. Бе-еу!..” –осы үзінді монолог М.Әуезовтің қай пьесасынан алынған?
А) “Түнгі сарын” .
В) “Абай”
С) “Еңлік –Кебек”
Д) “Қаракөз”
Е) “Айман –Шолпан”
9.Сырым образы М.Әуезовтің қай шығармасында суреттелген?
А) “Қаракөз”
В) “Қаралы сұлу”
С) “Қынаптан қылыш”
Д) “Айман –Шолпан”
Е) “Бәйбіше-тоқал”
10. МӘуезовтің 1924-25 жылдары Семей педтехникумында қазақ әдебиетінен сабақ бергені аян. Осы жылдары, нақты айтсақ 1925 жылы қаңтарда Семейде шығарған журналының атын көрсет.
А) “Абай”
В) “Шолпан”
С) “ Сана”
Д) “Таң”
Е) “Жас қазақ”
11. М.Әуезовтің 1932 жылы 10 маусымда Кеңес өкіметінің қысымымен түрмеден босану үшін жазған “Ашық хаты” қай басылымында жариялайды?
А) “Жаңа әдебиет”
В) “Ақжол”
С) “Социалды Қазақстан”
Д) “Әдебиет майданы”
Е) “Лениншіл жас”
12. Абайдың әдеби-мемориалдық музейі қашан ашылды? Алғашқы директоры кім болды?
А) 20-қыркүйек 1938жыл. Қ.Мұқаметханов
В) 5-мамыр 1939жыл. М.Әуезов
С) 16-қазан 1940жыл. Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов
Д) 28-шілде 1945жыл. Ш.Әбенов
Е) 30-тамыз 1948жыл. С.Мұқанов
13. М.Әуезовтің Абай ғұмырбаянын 4 рет жазғаны аян. Солардың қатарына енбейтінін, яки М.Әуезов қаламынан тумаған Абай өмірбаяны жайлы мақаланы көрсет.
А) “Абайдың туысы мен өмірі” 1933
В) “Абайдың өмірбаяны” 1940
С) “Абайдың өмірі мен еңбегі” 1945
Д) “Абайдың өмірбаяны” 1950
Е) “Әкем Абай туралы” 1933
14. М.Әуезов жалпы жиыны қанша драматургиялық шығармалар жазды, оның нешеуі аударма?
А) 25,6
В) 40,8
С) 53,14
Д) 29,3.
Е) 45,10
15. М.Әуезовтің абайтану саласындағы қырық жылға таяу уақытты қамтыған еңбектері нәтижесіндеАбайдың рухани мұрасы ғылыми тұрғыда сараланып, әдебиет тарихында хакімнің өшпес көркем бейнесі жасалды. Осы қыруар еңбек нәтижесі М.Әуезовтің қай еңбектерінде толық жинақталып, қорытындыланып берілген?
А) “Абай Құнанбаев”, Абай жолы”;
В) “Абай өмірбаянына қосымша материалдар”,”Абай”
С) “Абайдың әдеби мектебі”, “Абай”
Д) “Абай еңбектерінің биік нысанасы”, “Ақын аға”
Е)“Ә.Жиреншиннің “Абай Құнанбаев” атты монографиясы туралы”, “Абай жолы”
16.Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің Алматыдағы әдеби-мемориалдық музей-үйі қашан ашылды?
А) 5 наурыз, 1969жыл
В) 18 тамыз, 1981жыл
С) 20 шілде, 1973жыл
Д) 13 желтоқсан, 1961жыл
Е) 28 қазан, 1963жыл
Достарыңызбен бөлісу: |