Дәріс 4 топырақ коллоидтары жәНЕ топырақТЫҢ сіңіру сиымдылығы дәрістің мақсаты



бет1/4
Дата17.11.2022
өлшемі19,9 Kb.
#50779
  1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс № 4


ДӘРІС 4
ТОПЫРАҚ КОЛЛОИДТАРЫ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫҢ СІҢІРУ СИЫМДЫЛЫҒЫ
Дәрістің мақсаты: топырақ коллоидтарымен танысу және олардың құрлысымен білу, топырақтың сіңіру сиымдылығын рөлін, маңызын және түрлерін анықтау
Кілтті сөздер: коллоидтар, тұнба, ұю, коагуляция, пептизация, сіңіру сиымдылығы, катиондар
Сұрақтар:
1. Топырақ коллоидтары, олардың құрлысы
2. Топырақтың сіңіру сиымдылығы және түрлері
Топырақ коллоидтары, олардың құрлысы. Топырақжаралу процесінің дамуы топырақта өсімдіктердің күлді элементтерімен азот, т.б. коректік заттардың жиналуымен қабаттас жүреді. Өсімдіктерге қажет коректік элементтердің жиналуы топырақтың сініру қабілетімен (ТСҚ) тығыз байланысты. ТСҚ деп, оның өзінде ерітінді және судағы лайлы қатты заттарды, газдарды ұстап қалуын айтады. Осы қабілет аркылы топырақта өсімдіктерге керекті коректік элементтер жиналады. Бұл саладағы ілімді дамытқандар - К. Гедройц, Д. Прянишников, А. Соколовский, И. Антипов-Каратаев, В. Чернов, Н. Горбунов, т.б. орыс ғалымдары.
Сіңіру қабілет әр топырақтарда әр дәрежеде қалыптасқан. Ол көбнесе топырақтағы тым майда (дисперсті) - бөлшектенген түйірлерге-коллоидті бөлшектерге байланысты. Топырақта коллоидті бөлшектер көбейген сайын, онын сіңіру қабілеті де жоғарылайды.
Топырақ коллоидтерін диаметрі шамамен микронмен есептелетін әртекті заттар бөлшектері құрайды. (1 микрон 0,001 миллиметрге тең, 0,001 микронды миллимикрон дейді). Коллоидті - шектердің ірілігі 0,1 микроннан 1 миллимикронға дейін ауытқиды.
В. Оствальд схемасы бойынша коллоидтердің екі жаралу жолы бар: 1) бытырау арқылы, яғни бытырандылардан бөлшектеніп шығу, 2) конденсация арқылы, яғни бытырандылардан бөлшектеніп шығу. Топырақ коллоидтерінің бір минералдардан физикалық бұзылу арқылы бытырап, тозаңданып түзіледі де, екіншісі конденсациялык, әдіспен органикалық қалдықтардан өзгеріп, химиялық бұзылу нәтижесінде жаралады.
Коллоидтер топырақта золь (коллоидтік ерітінді) және гель (коллоидті қоймалжың тұнба) күйлерінде кездеседі. Коллоидтер бір күйінен екіншісіне көше береді. Коллоидтердің ерітіндіден тұнбаға көшуін коагуляция (жиырылу, ұю), керісінше тұнбадан ерітіндіге көшуін пептизация (бытырау) дейді. Тұнбадан ерітіндіге көшу қайталанбалы немесе қайталанбайтын болады. Топырақ жаралуында коллоидтар коагуляциясының зор маңызы бар: коллоидтар топырақта тек золь (ерітінді) күйінде жылжып, жиыла алады да, гель (тұнба) күйінде топырақта бекіп қалады. Коллоидтар топырақта жоғарғы және төменгі температурада қызғанда, көпкенде немесе тоңазығанда да коагуляцияланады. Бірақ коагуляцияның басты жағдайына электролиттердің (тұздардың, қышқылдардың, я негіздердің) әсері жатады (электролит деп суға ерігенде оң немесе теріс зарядты иондарға бөлінетін заттарды айтады - NаСІ->Na++ СІ-). Коагуляция электролиттердің ең аз ңкоагуляция босағасың деп аталатын концентрациясында (қоюлануында) өтеді.
Жоғары бытыраңқы болғандықтан коллоидті бөлшектердің электр заряды бар. Көбінесе топырақ коллоидтері теріс зарядты. Тек алюминий мен темір гидраттары оң зарядты. Коагуляция процесі коллоидтердің зарядтарын жоғалтуына байланысты. Теріс зарядты коллоидтер оң зарядты катиондармен, ал темір мен алюминий коллоидтері теріс зарядты аниондармен кездескенде коагуляцияланады.
Коагуляциялау қабілеті катиондардың валенттілігіне және атомдық салмағына байланысты. Белсенді жылдам коагулянттарға үш валентті (АІ мен Fе), содан кейін екі валентті (Са мен Мg) катиондар жатады. Бір валентті катиондар (К, NH4, әсіресе Na) сәл коагуляциялайды, тіпті қарама-қарсы топырақ коллоидтерін бытыратады (пептизациялайды). Тек Н катионы коагуляциялау қабілетімен соңғылардан оқшау тұрады да, екі валентті катиондарға жақындайды, себебі оның жарғақсу қабығы өте жұқа. Коллоидтер коагуляциясында топырақта көп тараған кальций катионы зор рөл атқарады. Ол коллоидтерді кайталанбайтындай берік коагуляциялайды.
Табиғатта коллоидтердің шығатын екі көзі бар: 1) тау жыныстары, 2) органикалық заттар. Осыған байланысты топырақтың коллоид бөлігінің құрамына органикалық және минералдық заттар кіреді; біріншісі - топырақ карашіріндісі, екіншісі - балшық құрамындағылар. Топырақтағы коллоидтер болмысы - көбінесе тұрақты тұнба - гель күйі. Ол топырақта катиондардың және басқа коагуляция жағдайларының ылғи болуына байланысты. Коллоидтердің золь (ерітінді) күйі - уақытша, тұрқсыз болмыс. Коллоидтерді гель түрінен зольге айналдыру үшін, оларды байланыстырып тұратын катиондарды басқа тұздармен ығыстыру керек. К. Гедройц топыраққа сіңірілген катиондарды ас тұзының натрий катионымен жуып ығыстыруды ұсынған. Сіңірілген катиондар ығыстырылғанда, топырақ коллоидтері ыдырап (пептизацияланып), ерітінді күйіне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет