Дәріс 4: Зат алмасу туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата10.02.2023
өлшемі280,47 Kb.
#66814
  1   2   3   4   5   6


Дәріс 4: Зат алмасу туралы түсінік.
Қоректік заттардың маңызы мен олардың нормалары. 
Энергиялық баланс.Негізгі энергия алмасу жайлы түсінік 
пен жұмыс түріне қарай жұмсалған энергия түрлері. 
Жоспары:

Заттар мен энергия алмасу туралы жалпы түсінік

Негізгі алмасу

Энергияның " жұмысшы" алмасуы. Кәсіп түріне 
қарай организмнің энергия шығыны.

Энергия алмасуын зерттеу әдістері

Зат алмасу реттелуі. Азот тепе-теңдігі.

Тамақтану. Қоректік заттардың маңызы мен 
физиологиялық нормалары


Заттар мен энергия алмасуы туралы жалпы түсінік
Заттар мен энергия алмасуы – заттар мен энергияның адам 
организмінде өзгеруі жүретін физикалық, химиялық және 
физиологиялық үрдістердің жиынтығы.
Зат алмасуының 4 кезеңі бар:
1. Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік 
заттардың ферменттік ыдырауы.
2. Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі.
3. Қоректік заттар мен О
2
жасушаларға тасымалдануы – заттар 
мен энергияның жасуша ішілік алмасуы.
4. Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.


Заттар мен энергия алмасуында өзара байланысты екі 
үрдіс ажыратылады: анаболизм (ассимиляция) және
катаболизм (диссимиляция).
Заттар алмасуы барысында энергия өзгеріп отырады: аспен 
түскен күрделі органикалық қосылыстардың 
потенциалдық энергиясы механикалық, электрлік, жылу 
энергияларына айналады.
Сау организмде энергия түзілуі мен энергия шығыны 
арасында тепе-теңдік сақталады (энергияның сақталу 
заңына бағынады)


Биологиялық тотығу үрдісінде босап шыққан энергияның 
жұмсалу жолдары:
1. АТФ синтезі
2. Механикалық жұмыс
3. Химиялық синтез
4. Заттардың тасымалдануы
5. Электрлік жұмыс (МП, ӘП)
6. Дене температурасын сақтау
7. Организмнің тіршілігін, өсуін және дамуын қамтамасыз 
ету.
Организмде түзілген энергия жылу бірлігі – калория немесе
кджоуль (СИ жүйесі) түрінде көрсетіледі


Организмде тотыққандағы қоректік заттардың 
калориялық коэффициенті
1 г белок
4,1 ккал
17,17 кДж
1 г май
9,3 ккал
38,94 кДж
1 г көмірсу
4,1 ккал
17,17 кДж




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет