Дәріс 4: Зат алмасу туралы түсінік


функцияларының орындалуына қатысады



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата10.02.2023
өлшемі280,47 Kb.
#66814
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс. Зат алмасу a0f8f650422ade1091f33fd6c8eaa0a7

функцияларының орындалуына қатысады: 
тыныс алу, ас қорыту, сыртқа шығару, қорғаныс 
қызметі, гормондар.

Қозғалу қызметі( актин, миозин).

Белок –қуат қоры. Тәуліктік нормасы: 90-100г. 
белок құрамында 20 амин қышқылы бар, 
олардың 12-сі адам денесінде түзіледі, ал 8-і 
сырттан келіп түседі( олар орны толмас амин 
қышқылдары: лейцин, изолейцин, метионин, 
гистидин, аргигин, триптофан, лизин, треонин).


Денедегі белок алмасу дәрежесін зерттеу үшін 
алдымен азот тепе-теңдігі (балансы) тексеріледі.
Азот тепе-теңдігі
Ас пен бірге ас қорыту жолына түскен соң, денеге 
сіңген азоттың мөлшері несеп, тер және нәжіс 
арқылы денеден шығатын азоттың мөлшері тең 
болса, бұл азот тепе-теңдігі деп аталады. Денеге 
келіп түскен азот одан шығарылып тасталған 
азоттан басым болса, азот тепе-теңдігі оң деп 
есептеледі (өсіп кележатқан жас организмде, екі 
қабат әйелдерде кездеседі). Сыртқа шығарылған 
белок қалдықтарындағы азот мөлшері денеге 
сіңген белоктағы азоттан басым болса, азот тепе-
теңдігі теріс деп аталады. (белогы аз тағамдармен 
тамақтанғанда).


Белок алмасуының реттелуі.
Белок алмасуын реттейтін орталығы 
–гипоталамустың сұр затында. 
Гипоталамустың әсері вегетативтік 
жүйке жүйесі мен ішкі сөлініс бездер 
арқылы реттеледі. Симпатикалық 
жүйке жүйесі диссиммиляция, ал 
парасимпатикалық ж.ж. 
ассиммиляция үрдістерін күшейтеді. 
Белок синтезін соматотропин, 
тироксин гормондарда күшейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет