Дәріс №5. Молекулалық физика. Идеал газдың молекула – кинетикалық теориясы. Температура. Идеал газ күйінің теңдеуі



бет1/5
Дата26.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#87125
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Leksia5 OF 2


Дәріс №5.
Молекулалық физика.


Идеал газдың молекула – кинетикалық теориясы.
Температура. Идеал газ күйінің теңдеуі.

Изопроцесстер.


Молекулалық физика және термодинамикада денелердің құрылымы, олардың қасиеттері, бөлшектердің арасындағы әсерлесуі, денелердің ішкі құрылымдары және бөлшектер қозғалысының сипаттамалары оқылады.
Молекула – кинетикалық теория деп заттардың құрылысы мен қасиеттерін қарастыратын теорияны айтады.
Молекула – кинетикалық теорияның негізіне үш жағдай жатады:
1. Зат бөлшектерден тұрады (барлық заттар – сұйық, қатты және газ тәрізді – кішкентай бөлшектерден, яғни атомдар мен молекулалардан тұрады);
2. Атомдар және молекулалар үздіксіз, бейберекет қозғалыста болады;
3. Бөлшектер бір – бірімен әрекеттеседі.
Молекула – кинетикалық теориядағы атомдар мен молекулалардың хаостық қозғалысының эксперименталдық мысалы ретінде, броундық қозғалысты алуға болады. Ол газдар мен сұйықтардағы микробөлшектердің жылулық қозғалысы болып табылады. Бұл құбылысты ағылшын ботанигі Р.Броун (1827 ж) ашқан. Броундық бөлшектер соқтығысу нәтижесінде жылдамдығының бағытын және модулін үздіксіз өзгертіп отырады.



Броундық бөлшектің траекториясы

Броундық қозғалыс – жылулық қозғалыс және температура өсуімен кинетикалық энергиясы да өседі. Молекула – кинетикалық теорияның қарапайым моделі ретінде идеал газдың моделін алады.
Көлемі көзге ілінбейтін және қашықтықта бір–бірімен әрекеттеспейтін тәртіпсіз қозғалыстағы молекулалар жиынтығын идеал газ деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет