Бірінші кезең – нақтылы пайымдау (сезімдік таным) – бұл барлық сезім мүшелерінің жаңа затты (нысанды, құбылысты) тануға жұмылдырылуы. Сезімдік таным түйсік және қабылдау секілді танымдық үдерістермен жеткізіледі.
Түйсік немесе түйсіну – тітіркендіргіштің жекелеген қасиеттері ғана бейнеленетін үдеріс. Қабылдау – заттардың немесе құбылыстардың адам санасындағы сезім мүшелеріне әсер ету арқылы бейнеленуі.
Қабылдауға көптеген факторлар әсер етеді: көру және есту анализаторлары, ойлау қабілеттілігі, ақпаратты беру жиілігі, жылдамдық, білім алушының жеке бас қабілеттілігі, сонымен қатар оған түрткі болған уәждер.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің екінші кезеңі – ойлаудың аналитика-синтетикалық жұмысы (абстрактілі ойлау), ол өзара байланысты түсіну, ұғыну және жинақтау сияқты үдерістерден тұрады.
Түсіну – оқылатын пәннің (құбылыстың, үдерістің) арасындағы байланыс пен қарым-қатынастың алғашқы мәнін ашу, оның құрамын, қызмет ету себептері мен көздерін анықтайтын үдеріс.
Ұғыну – оқылатын ақпаратты талдау және жинақтау, салыстыру және салғастыру, топтау және жүйелеу үдерісі.
Жинақтау – заттың немесе құбылыстың нақтылы ортақ белгілерін анықтау және жүйелеу, нақтылыдан абстрактіліге өту, пікірлер, ойлар қалыптастыру, өзіндік қорытындылар мен дәлелдеулерге өту үдерісі.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің үшінші кезеңі – білімді практика жүзінде қолдана алу болып табылады. Ол өзара байланысқан бекіту және білімді қолдану секілді үдерістерден тұрады.
Бекіту – екінші қайтара ұғу және оқылған материалды бірнеше рет еске түсіру үдерісінен тұрады. Білімнің беріктігі, пәрменділігі практика жүзінде тексеріледі.
Білімді практика жүзінде қолдану – абстрактілі білімді нақтылы практикалық міндеттерді шешуде пайдаланатын үдеріс.
Осылайша, білімді меңгеру үдерісі өзара байланысқан әрі шарттасқан үш кезеңнен тұрады. Алғашқы екеуі – нақтылы пайымдау мен абстрактілі ойлау бір мезгілде қатар жүреді және бір-біріне себептеседі. Үшінші кезең – практика, нәтиже ретінде және алғашқы екі үдерістің заңды жалғасындай болып іске асады. Осы арада белгілі қытай философы Конфуцийдің «Мен не естимін, соны ұмытамын; мен не көремін, есте сақтаймын; мен не істеймін, соны түсінемін» деген сөздері осы жағдайға тура келетіндей.
Біз осылайша білімді меңгеру үдерісінің жалпы жағдайына тоқталдық, енді педагогикалық білімді меңгеру ерекшеліктеріне тоқталып көрейік. Білім оқыту мазмұнының түйіні екеніні белгілі. Білім алушылардың білімдері негізінде іскерлік пен дағдылары, ақыл-ой және практикалық іс-әрекеттері қалыптасады; білім адамгершілік қағидаларының, эстетикалық талғамдарының және дүниетанымдарының негізі болып табылады.
Биологиялык білімді игеру – әр түрлі әрекеттер мен операциялар жиынтығынан тұратын күрделі үдеріс. Педагогикалық жүйелер теориясына (В.П. Беспалько) сүйене отырып, біз таным үдерісінің кезеңдеріне сәйкес келетін педагогикалық білімді меңгерудің бірнеше деңгейлерін анықтадық [8] (5-кесте).
Педагогикалық білімді меңгеру үдерісі бірнеше деңгейден тұрады. Әрбір деңгейдің өз сипаттамасы бар.
5-кесте. Педагогикалық білімді меңгеру деңгейлерінің сипаттамасы (В.П. Беспалько бойынша)
Меңгеру деңгейі
|
Таным деңгейдің атауы
|
Меңгеру деңгейінің сипаттамасы
|
0 (нөлдік)
|
Түсіну
|
Білім алушылардың педагогика саласы бойынша ғылыми білімдерінің болмауы. Дегенмен де олардың бойында жаңа ақпаратты қабылдауға деген қажеттілік пен түсінушілік бар, бұл білімді меңгеру үдерісіне түрткі болатын жайттың бар екендігін де көрсетеді
|
I
|
Тану
|
Педагогикалық фактілер, құбылыстар, олардың байланысы, қасиеттері мен қарым-қатынастарының нәтижесінде алған білімі бойынша білім алушылар оларды танып біледі, ажыратады және бұдан басқа да құбылыстарды таниды. Сипаттамаға немесе нұсқаулыққа сүйене отырып белгілі бір іс-әрекетті (репродуктивті түрі) жүзеге асырады
|
II
|
Еске түсіру
(қайта жаңғырту)
|
Білім алушылар педагогикалық білімдерін жаңғыртып, бұрын қарастырған жағдаяттар негізінде естің немесе алгоритмнің деңгейінде педагогикалық білімдерін өз бетімен іске асырады
|
III
|
Қолдану
|
Білім алушылар педагогикалық білімдерін іскерліктерін жаңа, типтік емес жағдаяттар негізінде қолданады, бұл жағдайда олардың іс-әрекеттері өнімді болып саналады
|
IV
|
Шығармашылық
|
Білім алушылар меңгерген педагогикалық білімдерін, іскерліктерін қолдана отырып, күтпеген жағдаяттар негізінде жаңа ережелер мен іс-әрекеттер алгоритмін түзе алады; мұндай өнімді іс-әрекеттер нағыз шығармашылық болып табылады
|
Білім алушылар педагогика бойынша оқытылатын материалды білу дегеніміз не? Биологиялық пән бойынша оқытылатын материалды білу дегеніміз:
-меңгерген принциптер, ережелер, қорытындылар мен басқа теориялық жинақтаулардың мәнін түсіндіре алу;
-меңгерілген теориялық ережелердің дұрыстығын дәлелдей алу;
-меңгерген теориялық ережелерді өзіндік мысалдар мен фактілермен көрсете алуы;
-алған білімін практика жүзінде қолдана алуы, яғни, педагогикалық міндеттерді шешіп, сызбалар құрастыра білу, практикалық жұмыстарды орындай алу;
-оқылып жатқан материал мен бұрын өткен оқу материалы арасында байланыс орната білу;
-меңгерген білімді басқа құбылыстар мен фактілерді түсіндіруде қолдана алу;
-оқу материалды мағыналық бөліктерге ажырата алу, оның ауызша және жазбаша үлгідегі жоспарын құра алу;
-оқу материал бойынша ең негізгісін анықтап көрсете алу;
-саналы және толық түрде еске түсіре алу;
-қысқартылған үлгіде еске түсіре алу;
-оқылған материал бойынша сұрақтарға жазбаша жауап бере алуы;
-оқылып жатқан материал бойынша дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық ойларды анықтай алу, оған өзінің қарым-қатынасын орната білу.
Достарыңызбен бөлісу: |