ДӘРІС № 6
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқыту үдерісінде студенттердің оқу іс-әрекеті ерекше орын алады. Адамның қоршаған ортаның шынайылығын танып білуі оның әрбір өмірлік қадамында, әрбір іс-әрекетінде (ақыл-ой еңбегі, әлеуметтік-пайдалы еңбек, көркем шығармашылығы және т.б.) жүзеге асатындығы барлығымызға аян. Осы орайда таным ерекше сипатқа ие болуы мүмкін. Тек оқыту үдерісінде ғана таным нақты ұйымдасқан, мақсатты бағытталған оқу-танымдық іс-әрекетті білдіреді.
Биологияны әдебиеттерде білім алушылар іс-әрекеті әр тұрғыда сипатталған: танымдық іс-әрекет, ойлау іс-әрекеті, оқу, ақыл-ой іс-әрекеті, интеллектуалды іс-әрекет және ілім. Биологияны ғылымы мен практикасы дамуының әр кезеңінде қалыптасқан кейбір анықтамаларға тоқталып өтейік:
-оқу-танымдық іс-әрекет – бұл білім, іскерлік және дағдыларды жүйелі түрде меңгерудегі гностикалық сипаттағы («гнозис» - білім) ең басты іс-әрекеті, ерекше қызметі [6, 12-бет];
-танымдық іс-әрекет – бұл сезімдік қабылдаудың, теориялық ойлаудың және практикалық іс-әрекеттің бірлігі [7, 198-бет].
Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері іс-әрекеттің феноменіне тікелей байланысты болады. Сол ерекшеліктерді қарастырайық.
Бірінші ерекшелік студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің мәртебесіне байланысты. Ол кәсіптік білім, іскерлік, дағдыларын меңгеру мен болашақ педагогты тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған, ал білім, іскерліктердің көп бөлігін студенттер өз бетімен игереді.
Екінші ерекшелік, студент көбінесе оқу-танымдық іс-әрекеттің негізгі субьектісі болады, сол себепті де оның тұлғасы таным үдерісінің ортасында тұрады.
Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің үшінші ерекшелігі оны ұйымдастыру сипатында болмақ. Студенттердің оқу іс-әрекеттерінің мақсат, міндеттері, мазмұны, тәсілдері алдын-ала анықталып, білім беру бағдарламасына енгізіліп қоятыны бәрімізге белгілі, сондықтан студенттің атқаратын іс-әрекеті оның белсенділігі мен дербестігіне байланысты әр түрлі тұрғыда ұйымдастырылуы мүмкін. Жоғары мектеп тәжірибесінде білім алушының оқу-танымдық іс-әрекетін сипаттайтын өнімділік (продуктивтік), проблемалық, шығармашылық сипаттағы іс-әрекет түрлерін атауға болады. Іс-әрекеттің аталған түрлерінің болуы заңды, өйткені оқылатын ғылымдар динамикалық даму үстінде қарастырылады, ал жаңа білімді меңгеру үшін белсенділік пен өзіндік жұмыс істей алу қабілеттері керек. Бұл жағдайда, әрине, оқу-танымдық іс-әрекетке қатысушылар арасында субьект-субьектілік қарым-қатынас орнайды.
Оқу-танымдық іс-әрекеттен өнімсіздік (репродуктивтілік) элементтері алынып тасталмайды, егер оқылатын оқу материалы көлемі жағынан ауқымды, мазмұны жағынан күрделі болғанда немесе оны игеру алгоритмдерсіз қиын болған жағдайда қажет деп саналады.
Суденттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің төртінші ерекшелігі оның құрылымында. Оның құрылымына мынандай құрамдас бөлшектер енеді: мақсаттылық, мазмұндылық, іс-әрекеттілік және нәтижелілік. Іс-әрекеттің нәтижелілігі алдыға қойған мақсатты жүзеге асыру екендігі белгілі, ал ол тек қана білім алушылардың іс-әрекеттік қимылына ғана байланысты емес, түрткі болар ортаға, іс-әрекетті ұйымдастыру сипатына және белгілі бір педагогикалық жағдайларға тікелей байланысты болады.
Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің бесінші ерекшелігі оның қайта өзгеріске түсе алуы, яғни, қайта құрушылық сипатында. Студент тікелей өзінің жұмыс істейтін саласымен байланысады, ал болашақ мамандығының саласымен байланысқа түсуі білім, байқау, практикалық әрекетпен жүзеге асады. Білімді игеруі, практикалық жағынан іскерлігін жетілдіруі іс-әрекет субьектісін құруға негіз болады, ойлау тәсілдерін, уәжділік ұстанымдарын жетілдіре түседі. Яғни, басқаша айтқанда, оқу-танымдық іс-әрекетті қайта құрушылық сипаты оның тұлғаға тигізер жағымды ықпалымен тікелей байланысты.
Осылайша, студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті мынандай ерекшеліктерімен сипатталады: іс-әрекеттің кәсіби және әлеуметтік мәртебесі, студенттің субьектілік позициясы, іс-әрекеттің өнімділік сипаты, құрылымдық бөлшектерінің (мақсат, мазмұн, уәжділік, шарт және нәтиже) өзара байланысы және қайта құрушылық сипаты.
Биологияны оқу үдерісін сауатты түрде ұйымдастыру үшін оқытушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің ерекшеліктері туралы білімнен басқа, білімді игеру үдерісін де білу қажет. Суретте білімді игеру үдерісінің негізіне «нақтылы пайымдаудан абстрактілі ойлауға және одан практикаға» деген танымның классикалық сызбасы салынған.
Танымның классикалық сызбасы
Білімді игеру үдерісінің құрылымын қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |