1.Дегидрогеназалар (ДГ) –субстраттан сутек атомдарын бөліп шығарып тотықтырады.
2.Цитохромдар (цх)– электрондарды тасымалдайды.
3. Каталаза мен пероксидазалар:
Н2О2 -ны ыдыратады. Ол ағзада түзілетін улы қосылыс, оттектің активті формаларына жатады.
4.Оксигеназалар (моно- және диоксигеназалар) субстрат құрамына 1 немесе 2 оттек атомын еңгізеді.
Дегидрогеназалардың топшалары
1- пиридинферменттер (ПФ)
2- флавопротеиндер (ФП)
3- убихинон (КоQ)
Пиридинферменттер
Коферменттері НАД (никотинамидадениндинуклеотид) және НАДФ (никотинамидадениндинуклеотидфосфат) Никотинамид – бұл витамин РР (В3 ).
Пиридинферменттер –бірінші реттік дегидрогеназалар. Олар тікелей субстраттарды тотықтырады.
НАД пен НАДФ-тің құрамы
1)Никотинамид (вит. РР)
2) Рибоза І-ші
3)Фосфор қышқылы нуклеотид
4)АМФ - ІІ-ші нуклеотид
НАДФ-тің НАД-тан айырмашылығы: АМФ-тің құрамындағы рибозаның 2`-ОН тобына фосфор қышқылы қосылған.
Тотыққан күйінде НАД пен НАДФ-тің бірінші орындағы азотында оң заряды бар. Осы азотпен мырыш ионы арқылы апофермент әлсіз байланыспен байланысады.
НАД пен НАДФ-тің құрылысы
НАД пен НАДФ-тің тотыққан және тотықсызданған түрлері
Тотықсызданған НАДН2 мен НАДФН2-де бір сутек атомы (Н) никотинамидтің құрамындағы С4 –ке қосылады. Ал екінші Н протон мен электронға ыдырайды. Электрон оң зарядталған бірінші орындағы азотқа қосылғанда заряд нейтралданады, сондықтан апофермент бөлініп шығады.
Протон (Н+) ерітіндіде қалады.
Тотыққан күйінде никотинамидте - 3 қос байланыс , тотықсызданған күйінде 2 қос байланыс болады.