Дәріс №6. Оксидоредуктазалар



бет1/3
Дата05.12.2023
өлшемі0,68 Mb.
#134609
  1   2   3

Дәріс №3. Оксидоредуктазалар

Биохимия кафедрасы.

Жақыпбекова С.С.

Оксидоредуктазалар (І класс)

  • Тотығу-тотықсыздану реакцияларды катализдейді.
  • Олар 4 топқа бөлінеді:
  • 1.Дегидрогеназалар (ДГ) –субстраттан сутек атомдарын бөліп шығарып тотықтырады.

    2.Цитохромдар (цх)– электрондарды тасымалдайды.

3. Каталаза мен пероксидазалар:

Н2О2 -ны ыдыратады. Ол ағзада түзілетін улы қосылыс, оттектің активті формаларына жатады.

4.Оксигеназалар (моно- және диоксигеназалар) субстрат құрамына 1 немесе 2 оттек атомын еңгізеді.

Дегидрогеназалардың топшалары

  • 1- пиридинферменттер (ПФ)
  • 2- флавопротеиндер (ФП)
  • 3- убихинон (КоQ)

Пиридинферменттер

  • Коферменттері НАД (никотинамидадениндинуклеотид) және НАДФ (никотинамидадениндинуклеотидфосфат) Никотинамид – бұл витамин РР (В3 ).
  • Пиридинферменттер –бірінші реттік дегидрогеназалар. Олар тікелей субстраттарды тотықтырады.

НАД пен НАДФ-тің құрамы

  • 1)Никотинамид (вит. РР)
  • 2) Рибоза І-ші
  • 3)Фосфор қышқылы нуклеотид
  • 4)АМФ - ІІ-ші нуклеотид
  • НАДФ-тің НАД-тан айырмашылығы: АМФ-тің құрамындағы рибозаның 2`-ОН тобына фосфор қышқылы қосылған.
  • Тотыққан күйінде НАД пен НАДФ-тің бірінші орындағы азотында оң заряды бар. Осы азотпен мырыш ионы арқылы апофермент әлсіз байланыспен байланысады.

НАД пен НАДФ-тің құрылысы

НАД пен НАДФ-тің тотыққан және тотықсызданған түрлері

  • Тотықсызданған НАДН2 мен НАДФН2-де бір сутек атомы (Н) никотинамидтің құрамындағы С4 –ке қосылады. Ал екінші Н протон мен электронға ыдырайды. Электрон оң зарядталған бірінші орындағы азотқа қосылғанда заряд нейтралданады, сондықтан апофермент бөлініп шығады.

Протон (Н+) ерітіндіде қалады.

  • Тотыққан күйінде никотинамидте - 3 қос байланыс , тотықсызданған күйінде 2 қос байланыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет