Дәріс №6 тақырыбы: Бағдарламалық жасақтама Дәрістің негізгі сұрақтары


Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда шақырылады, компьютер жұмысын басқарады, құрылғыларын, аспаптарын тексереді-тестілейді, жедел жад пен дискідегі орынды бақылайды, қолданбалы программаларды о



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі170,5 Kb.
#129817
түріНұсқаулар
1   2   3

Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда шақырылады, компьютер жұмысын басқарады, құрылғыларын, аспаптарын тексереді-тестілейді, жедел жад пен дискідегі орынды бақылайды, қолданбалы программаларды орындайды.

  • Операциялық жүйе – бұл компьютерді іске қосқанда жүктелетін және оның барлақ құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама (Ермеков, Қараев 8 кл. оқу құралы).
  • ОЖ – компьютердің аппараттық бөлігі мен қолданбалы бағдарламаларды, пайдаланушымен өзара әсерді басқаруды қамтамасыз ететін бағдарламалық орталардың жиынтығы
  • (К.М. Беркінбаев оқулық).
  • ОЖ – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі бұйрықтарды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік бағдарламалар. (О.Камардинов оқу құралы)
  • Операциялық жүйе құрамы.
  • базалық модуль (ОЖ ядросы) – файлдық жүйелер мен программа жұмыстарын басқарады, оған жетуге жол ашады және шеткі құрылғылар арасында файл алмасу;
  • командалық процессор – пернетақта арқылы түсетін қолданушының бұйрықтарын ашып оқиды және орындайды;
  • шеткі құрылғылар драйверлері – осы құрылғылардың жұмысының процессормен келістілігін программалы қамтамасыз етеді;
  • қосымша сервистік программалар (утилиттер) – қолданушының компьютермен байланыс үрдісін көпжақты әрі ыңғайлы етеді.
  • Операциялық жүйелердің басты қызметі – бұл ресурстарды басқару, ол басқаратын негізгі ресурс – компьютер аппаратурасы

ОЖ интерфейстің бірнеше түрлерін қатамасыз етеді:

  • бағдарламалық-аппараттық интерфейс;
  • бағдарламалық интерфейс;
  • қолданушы интерфейсі.
  • Интерфейс – (ағылш. inter – өзара, face – бет) қолданушы мен автоматты жүйенің орындаушы құралдарының арасындағы ақпарат алмасуды жоғарылату және орнату тәсілдері мен ортасы.
  • ДК басқару “бұйрық жолына” пернелік арқылы арнайы бұйрықтарды енгізу арқылы жүргізіледі;
  • Жұмысты ыңғайландыру үшін қабыршық-бағдарламалар қолданылады (DOS Novigator; Volkov Comander; DOS Shell).
  • Графикалық емес ОЖ
  • (MS DOS; Unix)
  • Графикалық ОЖ
  • (Windows; BeOS; OS/2)
  • Басқаруда арнайы монипуляторлар қолдануға мүмкіндік береді (тышқан);
  • Интерфейсі тәжірибесіз қолданушының пайдалануына өте ыңғайлы.
  • ОЖ-ді негізгі ерекшеліктеріне
  • байланысты жіктеу:
  • біресепті
  • көпесепті;
  • бірқолданушылы
  • көп қолданушылы
  • Көп есепті ОЖ бір мезгілде бірнеше бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді (Unix).
  • Бір қолданушылы ОЖ компьютерде тек бір ғана адамға жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  • Көп қолданушылы жүйеде әрбір қолданушы барлық информацияға және пароль енгізіп қана өзіне қатысты жеке информацияға қатынайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет