Дәріс №6 Тақырыбы: Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас жүйесі. Мақсаты


Педагогикалық қарым-қатынас стильдері



бет3/3
Дата02.04.2023
өлшемі19,4 Kb.
#78502
1   2   3
Байланысты:
6 (3)

2.Педагогикалық қарым-қатынас стильдері
Педагогикалық қарым-қатынас стилі дегеніміз – педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жеке типологиялық ерекшеліктерін білдіретін қарым-қатынастың сыртқы көрінісі. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, педагог пен оқушы арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастың сипатын, педагогтың шығармашылық ерекшелігін, оқушылардың ерекшелігін көрсетеді.
Қарым-қатынас стилі педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі дербес-психологиялық ерекшеліктер.
Қарым-қатынас стилінде мынадай көріністер байқалады:
а) мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктері;
ә) педагог пен пен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасындағы жеткен деңгей;
б) педагогтың шығармашылық дербестігі;
д) оқушылар ұжымының ерекшеліктері.
Әдебиеттерде педагогикалық қарым-қатынастың төмендегідей стильдері жиі аталады:
- Авторитарлы стиль (Өктемшілдік стилі);
- Либералды стиль (Немқұрайлық стиль);
- Демократиялық стиль (Ынтымақтастық стиль).
Авторитарлы қарым-қатынас стилінде педагог сынып ұжымына қатысты барлық шешімдерді өз қабылдайды. Ол өз ұстанымдарына сәйкес өзара әрекеттесудің мақсаттарын анықтайды. Авторитарлы стильде дидакт және қорғау такикасы қолданылады. Оқушылардың бастамасы құпталмайды. Сыныптағы жағымсыз әлеуметтік-психологиялық климат орнайды. Оқушы тұлғасын, оның өзіндік ұстанымын, көзқарасын, пікірлерін қалыптастыруға көңіл аударылмайды. Оқушы сабақты қарапайым тілмен айтқанда мұғалімнен қорыққаннан, яғни мұғалімнің талап етуінен соң оқиды. Көбіне жаттанды білім қалыптасады. Сыныпта тәртіп орнап, барлығы сабаққа дайындықпен келеді. Сырттай қарағанда бұл сыныпта барлығы жақсы сияқты көрінеді. Бірақ бұл стильдегі қарым-қатынас көп қолданылған жағдайда оқушылар өмірге дайын емес, өзіндік бастама төмен, қорғансыз болып тәрбиеленеді деп жазады зерттеушілер.
Немқұрмайлық қарым-қатынас стилінде – педагог іс-әрекетке минимальды түрде араласады, өзінен нәтиже үшін жауапкершілікті алып тастауға тырысады. Педагог өзінің міндетін формальды түрде орындайды, араласпау такикасын қолданады. Нәтижесінде педагог оқушылардың іс-әрекетін, олардың тұлғалық дамуына бақылау жасалмайды. Оқушылар мен педагог арасында дистанциялы қарым-қатынас орнайды.
Демократиялық қарым-қатынас стилінде – педагог өзара қарым-қатынаста оқушылардың субъективті ролін арттыруға тырысады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі - өзара қабылдау, өзара бағдарлану. Педагог пен оқушылар туындаған мәселелерді шешуде ортақ шешімге келіп, ынтымақтастық орнайды. Мұғалім оқушыларды шығармашылыққа ынталандырып, өзін-өзі дамытуға жағдай жасайды.
Әдебиеттерде педагогикалық қарым-қатынас стильдерінің басқа да түрлері де кездеседі. Мысалы, В.А.Кан-Калик қарым-қатынастың мынадай стильдерін көрсетеді:
- Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке негізделген қарым-қатынас стилі;
- Достық қарым-қатынасқа негізделген қарым-қатынас стилі;
- Дистанциялық стиль;
- Қорқыту стилі;
- Әзіл-қалжыңға негізделген стиль.
Ал олардың мазмұнымен төмендегі әдебиетті оқу арқылы таныса аласыз.
Педагогикалық практикада аталған стильдер таза күйінде кездеспейді, яғни үнемі бір мұғалім бір ғана стиль түрін қолдануы мүмкін емес. Қарым-қатынас стильдері педагогикалық жағдайларға, сынып ұжымының жеке ерекшеліктері, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, сыныптың дайындығы, танымдық қабылдауы, олардың темпераменті мен мінез-құлықтары, мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктері, шеберлігі, тәжірибесіне байланысты ауысып өзгеріп отырады. Аталған стильдердің біреуі мұғалім қарым-қатынасында негізгі болуы мүмкін, бірақ ол педагогикалық ситуацияларға сай ауысып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет