Қарым-қатынастың кезеңдері: 1. Болашақта болатын қарым-қатынасты модельдеу (болжау кезеңі);
2. Қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы кезеңі) – “коммуникативті шабуыл”
3. Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару;
4. Өткен қарым-қатынасты талдау және келесі педагогикалық міндеттерді шешу үшін оны модельдеу.
1. Қарым-қатынасты модельдеу кезеңі барысында жүзеге асады: - тақырыпқа қатысты материал сұрыпталып, сабақтығ мақсаты мен міндеттерді анықтайды;
- Өзара әрекеттесудің коммуникативті құрылымы жоспарланады;
- Педагогикалық міндеттер коммуникативті міндеттерге ауыстырылады.
2. Қарым-қатынасты ұйымдастыру - "коммуникативті шабуыл" кезеңінде жүзеге асады: - сыныппен бастапқа байланысты ұйымдастыру;
- сыныптағы әлеуемттік-психологиялық бірлікті жедел қолға алу, "біз" деген ортақ сезімді қалыптастыру;
- сыныппен тұтастай байланыс жасауды ұйымдастыру;
- өзара әрекеттің сөздік және жазбаша құралдарын жүзеге асыру, мимиканы, көзқарас байланысын барынша енгізу;
3. Педагогикалық қарым-қатынасты басқару кезеңінде: - коммуникативті міндеттер шешіледі;
- оқушылардың зейіндерін шоғырландырады;
- қарым-қатынас жасап отырған оқушылардың мінездеріндегі жеке типологиялық ерекшеліктерді ескеру;
Педагогикалық тәжірибені талдай отыра тәрбие және оқыту міндеттерін шешуде туындайтын қиындықтар қарым-қатынасты дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді.
4. Өткен қарым-қатынасты талдау және келесі педагогикалық міндеттерді шешу үшін оны модельдеу - қарым-қатынастың басым және осал жақтарын айқындау, кеткен кемшіліктердің себептерін анықтау;
- өз іс-әрекетін талдау, оқушылардың әрекетіне қаншалықты қанағаттанғандығына талдау жасау;
- болашақтағы қарым-қатынасты модельдеу және т.б.
Педагогикалық қарым-қатынас барысында кездесетін қиындықтар: - Байланыс орната алмау:
- Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;
- Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;
- Оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;
- Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас коммуникативті міндеттер түрінде жүзеге асады. Коммуникатвті міндеттер дегеніміз бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер. А.А.Леонтьев коммуникативті міндетті проблемалық ситуацияларды бағыттау нәижесі деп анықтап, оның мақсаты серіктеске әсер ету дейді.
Коммуникативті міндеттерді атқару төмендегі мақсаттарды көздейді:
- Оқушыларға ақпарат беру;
- Оқушыларға әсер ету; әрекетке ынталандыру.
Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері:
1) қарым-қатынас жағдайына бағытталу;
2) зейінді аудару;
3) объектінің “жанын жаулау”;
4) вербальды қарым-қатынас орнату;
5) эмоциональды және мазмұнды кері байланысты ұйымдастыру
Педагогикалық қарым-қатынастың түрлері де сана алуан.
Қарым-қатынас тиімді орнауы үшін оның құрылымына талдау жасаған дұрыс. Сызба 10. педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы көрсетілген. Қарым-қатынас коммуникативті, интерактивті, перцептивті құрылымдардан тұрады. Коммуникативті жағы бұл қарым-қатынасқа түсушілермен байланыс орнату іс-әрекеті, яғни оқушылармен алғашқы байланыс орнап, олармен қарым-қатынас жасалады. Интерактивті жағы қарым-қатынасқа түсушілермен кері байланыстың орнауы, олардың өзара әрекеттестік жасауымен сипатталады. Перцептивті жағы бұл қарым-қатынасқа түсушілерді қабылдауы, оларды түсіну, олардың орнына өзін қоя білу іс-әрекетімен сипатталады. мұғалім қарым-қатынаста тиімді болуы үшін осы аталған құрылымдардың толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
Педагогикалық қарым-қатынас бірнеше функция атқарады: білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Әдебиеттерде әлеуемттік, психологиялық және инструментальды функциялары да көрсетілген.