Дәріс 6 Тақырыбы: Өсімдік тіршілігіндегі кейбір химиялық элементтердің физиологиялық рөлі


Топырақта өсімдік организмін қанағаттандыратын минералдық заттар кемісе немесе мүлде жоқ болса, ол кезде қолдан тыңайту жүргізіледі



бет5/5
Дата10.12.2023
өлшемі222 Kb.
#135787
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 6

2.Топырақта өсімдік организмін қанағаттандыратын минералдық заттар кемісе немесе мүлде жоқ болса, ол кезде қолдан тыңайту жүргізіледі.

Көбінесе топырақты азот, фосфор, қалий және микроэлементтердің тұздарымен тыңайтады. Бұл ретте егістік көлемі, топы-ақтың, егілетін өсімдіктің түрі мен сортының ерекшеліктері, сол өсімдік тамырларынан бөлініп шығатын заттардың қасиеттері ескерілуі тиіс. Сонымен қатар, минералдық заттар топыраққа өсімдіктің өсуі мен даму кезеңдеріне орай да беріледі. Мысалы, көптеген өсімдіктер өз дамуының алғашқы кезеңінде фосфорлы заттарды көбірек тілейді де, азотты қосындыларды онша қажет етпейді. Егер азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштарды еңгізу көзделсе, оларды тұқым себілместен бұрын жер жыртқан кезде-ақ топыраққа араластырып жібереді.


Өсімдікке қажет болған тыңайтқыштарды топыраққа араласырып (тамыр арқылы) берумен қатар, соңғы кезде олардың ерітінділерін өсімдіктің үстінен бүркіп (жапырақ арқылы) сіңіру, яғни қосымша қоректендіру жолдары да көп қолданылып келеді.
Тәжірибесі бар егінші өсімдік тіршілігінің кез келген факторына тікелей әсер етумен бірге онымен тығыз байланысты болатын басқа факторлар арқылы жанама түрде де ықпал етуге мүміндіктің бар екенін, соның арқасында тіпті ауа райы тым күрделі, қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алатынын білді. Мысалы, өсімдіктердің пісуін тездететін фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы қуаңшылық жағдайында шығымдылықты едәуір арттыруға болады. Кезінде К.А. Тимирязев тыңайтқыштар өсімдіктердің қоректік көзі ғана болып қоймайды, олар сондай-ақ қуаңшылықпен қүрес құралы болып табылады деп көрсеткен болатын. Себебі, егер өсімдік бойында қоректік заттар көп болған сайын, ол құрамында элементтер аз дақылдарға қарағанда суды өте аз буландырады.
Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, оларды өсірудің климат-топырақ және агротехникалық жағдайлары, топырақтағы қоректік элементтерді дақылдардың өнімділігі арқылы бағалау биологиялық, шаруашылықтық болып екіге бөлінеді.
Атап айтқанда дақылдардан негізгі және қосымша өнімдер өндіруге, сонымен бірге аңыз қалдықтары, тамырлары, жерге түсіп қалған жапырақтары үшін қоректік заттарды топырақтан алған жағдайда бұл биологиялық болып табылады (13-кесте). Ал қоректік заттарды тек қана негізгі және қосымша өнімдер үшін пайдаланса, бұл дақылдар шаруашылықтық болып саналады. Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы шаруашылықтарда алатын өнімдерге қарағанда биолоиялық өнімдер анағұрлым жоғары болады.
Қоректік заттарды дақылдардың белгілі өнімдері үшін пайдалануы өнім түрлерімен сыртқы құрылымына байланысты өзгеріп отырады.


13-кесте. 1 тонна биологиялық өнім өндіруге жұмсалатын
қоректік заттардың мөлшері, кг.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет