Дәріс №7 Бейімдеу жүзуі Жоспар



Дата07.04.2023
өлшемі17,12 Kb.
#80274
Байланысты:
7 Бейімдеу жүзуі


Дәріс №7 Бейімдеу жүзуі
Жоспар

    1. Бейімделу

    2. Бейімделу жүзуінің маңызы, пайда болуы және ұйымдастырылуы

    3. Жүзуге үйрету құралдары

    4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Бейімделу (лат. adapto) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ол туралы ақпарат жинау және оны пайдалану арқылы өз қалып-күйлерін өзгертуі; ағзалардың тарихи даму кезеңіндегі тіршілік ортасына бейімделуі. Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу, деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді.
Жүзу – спорттың ең кең таралған түрлерінің бірі. Жоғарғы спорттық, шеберлік, сауықтыру және даму дәрежесіне байланысты әр түрлі жастағы адамдарды сауықтыру және дене тәрбиесінің әлеуметтік бағдарламасының негізгі бқөлімдеріне кіреді. Жүзумен жүйелі түрде айналысу ағзаны дамытып, шынықтырады, тыныс алу және жүрек-қантамырлар жүйесінің қызметін жақсартады, зат алмасу үрдісін белсендендіреді, тірек-қимыл аппаратын нығайтады, терморегуляция жүйесін дамытады, ой қабілетін жақсартады және т.б.
Бейімделу жүзуі – ментальды бұзылыстары бар адамдардың қабілеттерін ескере отырып, арнайы жасалған жарыс бағдарламасы, дене тәрбиелік-спорттық су тәртібі. Мүмкіндігі шектелген (мүгедектер) адамдарды жүзуге баулу, жоғалған қозғалыс функцияларын қандай да бір деңгейде компенсациялауға көмектесетін қозғалыс қабілетін және жүзу дайындығын дамыту.
Мүмкіндігі шектелген адамдарды суға жүзуге үйретудің мемлекеттік маңызы бар, себебі, судағы әр түрлі бақытсыз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, бейімдеу жүзуі ең нәтижелі кешенді емдеу түріне жатқызуға болады, және спорттық, емдік-сауықтыру, сонымен қатар физикалық белсенділіктің профилактикалық түрінің бірі. Жүзу спорттық тәртіп ретінде Римдегі 1960 жж Паралимпиядалық ойындар кезеңінен бері белгілі. Олимпиядалық ойындардағыдай, қатысушылар еркін стиль, арқамен жүзу, баттерфляй, брасс, кешенді жүзу тәртіптерінде жарысқа түседі. Басқарушы мүше – Халықаралық жүзу Федерациясы. (FINA). 
Жарыс 50 метрлің 8 жолдық бассейнде өткізіледі. FINA ережелері мүмкіндігі шектеулі спортсмендерде шамалы модифицирленген. Бейімдеу спортындағы жүктемелер спорттық жүзуге қарағанда төмен. Жаттығулардың интенсивтілігі жүзумен айналысушылардың есту, көру анализаторларының, тірек-қимыл жүйесінің бұзылысының сипатына және жүзушінің интелектіне байланысты нақты таңдалады. Мүгедек-спортшыларға дені сау адамдарға қарағанда жаттығу жұмыстарынан кейін күшінің қалпына келуіне көбірек уақыт қажет.
Жүзуге үйрету құралдары:
- жалпылама дамытушы, арнайы және имитациялық физикалық жаттығулар
- суға бойды үйрету жаттығулары:
- суға секірудің қарапайым түрлері;
- суда ойын ойнау;
- суға жүзу техникасын үйретуге арналған жаттығулар.


Суға бойды үйрету жаттығулары:
1. Судың тығыздығы мен қарсыластығымен таныстыру
2. Су астына баспен кіру, сүңгу және көзді ашу

  1. Суда жату және су бетіне шығу.

  2. еудемен немесе арқамен жылжу.

5. Суда дем шығару
6. Суға кіру және судан шығу
Қорытынды
Жүзумен жүйелі түрде шұғылдану ағзаның жалпы төзімділігі дамытады, жүйке жүйесі нығайтады, ұйқы реттеледі. Неден бастау қажет?
Ұзындығы 25 м жүзу бассейнінде бір амалда төрт ұзындыққа дейін жүзгеннен кейін ғана тоқтап демалуға болады. Екі сызықты өзіңіздің қалыпты ырғағыңызда жүзіңіз, кейін жылдамтатыңыз. Төртінші жолды максималды жылдамдықта жүзу қажет.
Жаңадан жүзушілерді бір жолдан бастау қажет,біртіндеп темп пен ұзындықты ұзарту қажет. Әрбір 4 жолды максималды жылдамдықпен жүзіп өту қажет.


Әдебиеттер

  1. Адаптивная физическая культура//Библиограф.указатель – СПБ 2000

  2. Айтсаам М., «Инваспорт» и ее роль в реабилитации инвалидов.

  3. Алиев А. Милосердин; от лозунгов к делу. – М.Спортивные игры №71989 с

  4. Анохин П.К. Общие принципы компенсации нарушенных функций и их физиологическое обоснование – С.Медгиз 1956 с 34.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет