Дәріс №7 Жылыжай жағдайында қызанақ дақылының аурулары, олармен күресу шаралары



бет3/3
Дата28.03.2023
өлшемі18,86 Kb.
#76850
1   2   3
Байланысты:
лекц 9

Септориоз немесе ақ дақ. Қызанақтың кең таралған ауруының бірі. Өсімдіктің залалданған мүшелерінде ұсақ, түсі ақ-сұр, айналасы қоңыр жиекті дақтар пайда болады. Дақ бетінде қара пикнидалар түзіледі. Ауру алғаш өсімдіктің төменгі жапырақтарында дамып, кейін жоғары орналасқандарына жылжиды.Залалданған жапырақтардың түсі қоңырланып, ширатылып, қурап түседі. Сонымен қатар сағақтар, тостаған жапырақшалар кейде жемістер де ауруға шалдығады. Ауру қоздырғышы - Septoria lycopersici Speg. Саңырауқұлағы. Қоздырғыштың түссіз жіпшумағы клетка аралығымен тарайды.Инфекция қоры – шірімеген ауру өсімдік қалдықтарында сақталатын пикнидалар мен пикноспоралар. Қызанақ, әртүрлі зиянкестермен зақымданады және түрлі ауруларға шалдығады. Олар өнімді, оның дәмдік және тауарлық сапасын төмендетеді. Аурудың зияндылығы залалдану мерзіміне байланысты болып,дамуының ерте кезеңінде ауруға шалдыққан қызанақ жапырақтары мерзімінен бұрын қурап, өсімдік қорының едәуір бөлігі жаңа жапырақтар түзуге жұмсалуға байланысты, өнімнің шығымы мен сапасы кемиді. Қызанақ ауруларына қарсы күресудің агротехникалық,биологиялық,химиялық әдістері бар.Бұл әдістер жылыжайдағы қызанақ ауруларымен қарсы күресуде аурулардыі пайда болу этаптарына байланысты қолданылады.
Аротехникалық күресу әдісінде топырақты өндеу, ең тиімді сапалы сұрыптарды қолдану,ауыспалы егіс айналымын қолдану,тыңайтқыштар беру,микроклиматты дұрыс қолдана білу сияқты шараларды қолдану арқылы аурулардың алдын алуға мүмкіндік жасауға болады. Биологиялық әдістерді қолданғанда ауру қоздырушы зиянкестере қарсы табиғи энтомофагтарды пайдалану арқылы ауруларға қарсы күресуге мүмкіндік туады. Қызанақ ауруларына қарсы күресуде химиялық әдісті қолдану әрине,аурудың шектен тыс көбеюінде немесе аурулардың пайда болу белгілері байқалғанда қолданылады. Өйткені аурудың жылыжайда тез өршіп кететінін бәріміз білеміз. Химиялық әдістерді қолданғанда аурудың түріне байланысты,өсімдіктің өсіп-даму кезеңдеріне байланысты әр-түрлі препараттар қолданылады.( кесте )
Кесте-5
Қызанақ ауруларына қарсы күресуде химиялық препараттарды қолдану



Аурулар

Фунгицидтер

Қолдану мөлшері, л/га

Өңдеу кезеңі

Жалған ақ ұнтақ ауруы

Байлетон, 25% с.ұ
жылыжайда

1-4

Вегетациялық кезенде
0,01% суспензия

Фитофтороз,
қоңыр дақ

Бордос сұйығы, суспензия

2,4-3,2

0,4% суспензия

Макрспориоз

Топаз

3-3,3

Өсу кезеңінде бүрку

Қоңыр дақ

Фундазол, 50%
с.п.

2-3






Бақылау сұрақтары:
1.Жылыжайда кездесетін қызанақ ауруларының шығу себептері
2.Қызанақ аурулары туралы қысқаша мәлімет
3.Қызанақтың ауруларына қарсы күресу жүйесі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет