Дәріс №7 Тақырыбы: Химиялық өндірісте қолданылатын энергия көздері


Мысалы, 1 т H2SO4 өндіруге 100 кВт*сағ/т, 1 т АІ өндіруге 16000 кВт*сағ/т энергия жұмсалады



бет2/7
Дата21.10.2022
өлшемі1,15 Mb.
#44565
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция-7 Энергия

Мысалы, 1 т H2SO4 өндіруге 100 кВт*сағ/т, 1 т АІ өндіруге 16000 кВт*сағ/т энергия жұмсалады.

  • 2)Жылу энергиясы - химия өндірісінде балқу, құрғату, буландыру, дистилдеу, химиялық реакцияларды жүргізу үшін реагенттерді қыздыруға жұмсалады. Жылу энергиясының негізгі көзі әртүрлі отынды жаққанда түзілетін газдар жылуы, мыс пеш түтіні, экзотермиялық реакциялар, түсті металлургия пешінің газдары. Аталған газдар жылу тасығыш ретінде қолданады.
  • Жылу тасығыш деп ортаны қыздыру үшін қолданылатын заттар немесе заттар жүйесін атайды. Жылу тасығыш ретінде ыстық ауа, қаныққан су буы, пеш түтіні, жоғарғы қайнаған органикалық қосылыстар, қатты дәнді материалдар қолданады.
  • Энергия түрлері

    • 3) Ядерлік энергия - атом ядролары өзгеріске түскенде немесе сутек ядросын синтездегенде т.б. күрделі процестер нәтижесінде бөлінеді. Негізінде атом энергиясы электр станцияда электр энергиясын өндіруге қолданады.
    • 4)Химиялық энергия әртүрлі экзотермиялық реакциялар жүргенде жылу түрінде бөлінеді. Химиялық энергияны су буын алуға немесе электр энергиясына айналдыруға болады. Химиялық энергия гальвани элементтерінде және аккумуляторда тікелей электр энергиясына айналады.
    • 5)Жарық энергиясы- химиялық өндірісінде әртүрлі фотохимиялық реакцияларда жүргізгенде қолданады.
    • Мысалы, қараңғыда этилбензол броммен әрекеттеспейді, күн сәулесінде өте жылдам С6Н5С2Н4Вг2түзіледі.

    Энергетикалық ресурстар

    • Барлық энергетикалық ресурстар біріншілік, екіншілік, бастапқы қалпына келетін, қалпына келмейтін ресурстар болып бөлінеді.
    • Қалпына келмейтін энергоресурстарды пайдалану олардың таусылуына және әлемнің энергиялық потенциалын азайтып, екінші жағынан қоршаған ортаның температурасын арттырады.
    • Қалпына келетін энергоресурстарды пайдалану әлемнің энергетикалық потенциалын сақтайды, температураға әсері жоқ.
    • Біріншілік энергия көздері адамзат қызметіне тəуелсіз табиғи үдерістердің салдарынан пайда болатын энергетикалық потенциал көздері. Оларға жанатын пайдалы қазбалар (көмір, мұнай, жанатын сланецтер, табиғи газдар), жел, Күн жəне өзен, теңіз, мұхит суларының энергиялары жатады. Біріншілік энергия көздері ішінде химиялық өнеркəсіпте негізінен газтəрізді жəне сұйық отындар көп қолданылады, сондай-ақ жылу электр орталықтардан (ЖЭО) жəне өнеркəсіптің өзінің қазандығынан алынатын жылуда пайдаланылуы мүмкін.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет