Энергетика, энергияны тиімді пайдалану, химиялық өндірістердегі реакцияның жылу энергиясын пайдалану.
Энергетикалық мәселелер, қазіргі жағдайы мен дамуы.
Энергия көздері
Өнеркәсіп тұтынатын энергияның негізгі көздеріне қазбалар мен оларды өңдеу өнімдері, су энергиясы, биомасса және ядролық отындар жатады.
Химиялық өндірістің қай түрі болмасын технологиялык процестерде энергияны көп мөлшерде қажет етеді. Химиялық процестер энергияның өзгеруімен жүреді. Кейде энергия бөлінсе, кейде реакция нәтижесінде сіңіріледі, сондықтан технологиялық процестерден бөлінетін энергияны пайдалану жолын анықтау керек.
Көп энергия материалды тасуға, оларды сүзуге, газдарды сығуға т.б. қажет.
Пайдаланылатын ресурстар сипатына қарай энергияны алудың барлық әдістері екі топқа бөлінеді
Бірінші топқа қайта орнына келмейтін энергия көздерін (жанғыш қазбалар, ядролық отын) пайдалану әдістері жатады
Екінші топқа қайта орнына келетін энергия көздерін
(күн радиациясының, жел, су энергиясын) қолдануға негізделген әдістері жатады
Энергия түрлері
Күн энергетикасы
Фотогальваникалық элементтер
Күн коллекторы мен бұлақтары
Биоэнергетика
Гидроэнергетика
Жел энергетикасы
Геотермалді энергетика
Сутекті энергетика
Энергияның негізгі түрлері
Энергияның негізгі түрлері: электр, жылу, ядро, химиялық және жарық энергиясы.
1) Ең негізгі түрі - электр энергиясы. Оны қашыктыққа беру жеңіл, физикалық операцияларды жүргізуге, материалдарды тасымалдауға, шикізатты ұсатуға, араластыруға, электромагниттік т.б. процестерде колданады.
Энергия сыйымдылық деп өнімнің бірлігін дайындауға жүмсалған энергия мөлшерін айтады.