Дәріс 8- microsoft sql server функцияны орындау. Функциямен жұмыс. Детерменленген және детерменленбеген функциялар



бет4/5
Дата05.05.2023
өлшемі79,3 Kb.
#90602
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 9

Тұтастыққа шектеу, ереже жəне үнсіз келісім бойынша мəндер көмегімен функционалдықтың керек деңгейіне жету əрдайым бола бермейді. Жиі деректер тексерісінің құрделі алгоритмді жүзеге асыруталап етіледі, олар дұрыс жəне ақиқатты кепілдік етеді. Керегінше байланысқан деректерді өзгертуге қатысты кейде кесте мəні өзгеруін бақылау қажет болады.

Триггерлерді ереже, стандартты мəндер жəне т.б. сəйкес барлық операциялар орындалғаннан кейн іске қосылатын фильтр ретінде қарастыруға болады.

Триггерлер байланысқан кестедегі деректерді өзгерту əрекетінде сервермен автоматты қосылатын сақталатын процедураның арнайы типі триггер болып табылады.

Əрбір триггер нақты бір кестеге байланады. Онымен туындайтын барлық деректер модификациясы бір транзакция ретінде қарастырылады. Қате табылған жағдайда немесе деректер тұтастығы бұзылғанда осы транзакция шегіндіріледі. Осылайша өзгеріс енгізуге тыйым салынады. Соған қоса триггермен жасалған барлық өзгерістер бұзылады.

Триггерлер

Триггерді тек деректер қорының иесі құрады. Бұл шектеу кесте құрылымының онымен басқа объектілердің байланыс тəсілдері жəне т.б. абайсызда өзгеруінен сақтайды.

Триггер пайдалы жəне де қауіпті құрал болып табылады. Оның жұмысының дұрыс емес логика кезінде толық деректер қорын оңай жоюға болады, сондықтан триггерлерді мұкияттылықпен құрау керек.

Жай ішкі программадан айырмашылығы, триггер триггерлік жағдайдың тууының əрбір жағдайында айқын емес орындалады, оған қоса ол аргументсіз болады. Оны іске қосу кейде триггер қосылуы дейді.

Триггерлер көмегімен келесі мақсаттарға жетеміз:

• тұтастық шектеулер көмегімен кесте үшін бекітілгендерді қолдау мүмкін болса, енгізілген деректердің дұрыстығына тексеріс жəне деректер тұтастығының құрделі шектеулерін орындау;

• белгілі бір түрде жүзеге асырылған кесте жаңаруында кейбір əрекеттерді орындау қажеттілігін еске салатын ескертулерді шығару;

• орындаған адамдар жəне енгізілген өзгерістер жайлы мəліметтерді фиксациялау көмегімен жинақтыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет