Дәріс 8-9 Мінез-құлықтық және эмоционалдық проблемалары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы



бет8/18
Дата24.11.2023
өлшемі140,58 Kb.
#125707
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Ынталандыру сатысы – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын алдағы іс-әрекетке ынталандыруды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету. Білім алу қажеттіліктері ерекше балалардың кезкелген санаты үшін (тіл мүкістігі, психикалық дамуының артта қалуы, тәртібінің бұзылуы) ересектермен, әсіресе мұғалімімен және ата-анамен эмоционалдық байланыстың маңызы өте зор. Түзету жұмысы мұғалім-бала-атаана үштігінің арасындағы қалыптасқан қарым-қатынасқа байланысты болады. Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының арасында түсіністік пен қолдау орнаған кезде ғана, түзету үдерісін қысқа мерзімде тиімді жүзеге асыруға болады.


  • Бағытталу сатысы – алдағы жұмыстың мағынасы мен мазмұнын анықтау, жалпы тәсілдер дайындау, балаға қатысты рөлдер мен кәсіби ұстанымдарды анықтау, қолдауға қатысушылар арасындағы функционалдық міндеттерді бөлу. Бұл сатыда қолдаудың құрылымдық элементтері нақтыланады (баланың мектептегі бейімсізденуінің, қиындықтарының себептерін анықтау; түзете-дамыту жұмыстарының мазмұнын және оны жүзеге асыру түрлерін негіздеу; қолдауды жүзеге асыруға қатысушы ересектердің мүмкіндіктерін және баланың қорын ескере отырып, осы үдерісті ұйымдастыру тәсілдерін таңдау; баланың қиындықтары және күтілетін нәтиже туралы атааналардың ойлары анықталады)


  • Мазмұндық – операциялық саты – нақтылы балаға қатысты нақтылы міндеттерді жүзеге асыру бойынша анықтау негізіндегі түзету бағдарламалары жасалады. Әрекеттестіру мақсатында балалармен, психологтармен, мұғалімдермен, логопедтермен, ата-аналармен жұмыс жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, жұмыс барысында қиналатындар үшін, психологиялықпедагогикалық дайындық жүргізіледі.


  • Бағалау сатысы – педагогикалық және психологиялық анықтаудың қорытындысы, команда нәтижелерін барлық мамандардың сараптауы, рефлексия кіреді. Ата-аналардың қанағаттану дәрежелері, тілектері ескеріледі


    Арнайы жағдайларды қамтамасыз ету
    Әрбір баланың оқу үдерісіне қатысуға және басқа оқушылармен әрекеттесуге мүмкіндігі болу үшін, оқу кеңістігі барлық балалар үшін қолжетімді болуы керектігін ескеру қажет. Ол үшін сыныптың есігі арбада отырған балаға жеңіл ашуға ыңғайлы болып, айқарыла ашылуы қажет және «ерекше бала» өтіп кеткенше жабылып қалмауы керек.
    Көру қабілеттері бұзылған «ерекше балалар» жартылай ашалған есіктің арасынан өтпеулері үшін, есіктер толық ашық немесе толық жабық болуы керек. Қимыл-қозғалысы бұзылған «ерекше баланың» сынып ішінде еркін жүріп-тұруы үшін, ол оқитын сынып мейлінше кең болуы керек. Көптеген заттар қойылған кеңістік көру қабілеттері бұзылған балаларға кері әсерін тигізеді.
    Сынып бөлмесінде парталарды орналастырған кезде, «ерекше баланың» сынып ішінде еркін қозғалуын қамтамасыз ету керек. Мүгедек арбасындағы «ерекше балалар» үшін оқушы орнының ең аз көлемі (мүгедек арбасының бұрылуын ескергенде) 1,5м х 1,5м. құрайтынын ескеру қажет. Тірек-қимыл аппараттары бұзылған балаларға партаның жанынан мүгедек арбасын (егер бала одан партаға ауысатын болса), балдағын, таяғын қоятын қосымша орын қарастыру қажет. Парталардың арасындағы өтетін орынның кеңдігі 90 см. кем болмауы керек. Кіреберіс есіктің кеңдігі де осындай, табалдырығы жоқ болуы тиіс. Сыныптағы тақта барлық балалардың қолдары жететін биіктікке орналастырылуы керек.
    Тақтаның алдында арбадағы немесе балдақтағы «ерекше бала» кедергісіз қозғала алатындай бос орын қалдыру ұсынылады. Көру қабілеттері бұзылған балалар үшін жалпы бөлме ішінде едені бедерлі фактурамен немесе кілем жапқышпен бөлінген біркісілік оқушы орынын дайындау қажет. Көру қабілеті нашар баланың жұмыс орнындағы жарыққа да көңіл бөлу керек. Көру қабілеті нашар баланың партасы терезе жанында және бірінші қатарда болғаны дұрыс. Түрлі сабақтарда пайдаланылатын оқулықтар, қажеттіліктері ерекше бала оны ұстай алуы үшін, көрнекліктіктерімен қатар бедерлі де болуы керек. Өз кезегінде, есту қабілеттері бұзылған балалар үшін олардың оқу орындарын электроакустикалық құралдармен және жеке құлаққаптармен жабдықтау қажет.
    Есту қабілеттері бұзылған балалардың сыныпта дұрыс бағытталулары үшін, сабақтың басталғаны мен аяқталғаны туралы белгі беретін белгі беру шамдарын орнату керек. Және де сыныптағы үстелдер мен орындықтардың биіктігіне де көңіл бөлген дұрыс.
    Инклюзивтік сыныптарда парталардың биіктіктерін өзгерту қажет болуы мүмкін: парталарды біршама жоғарлату қажет. Сөрелер мен стеллаждар да балалардың қолдары жететін биіктікте болуы керек. Инклюзивтік мектептегі дендері сау балаларға қолжетімді барлық жерлер мен бөлмелер дамуларында ерекшеліктері бар балалар үшін де қолжетімді болуы керек. Бұл оқу алаңына да, мектеп әкімшілігінің бөлмелеріне де, спорт залға және мектеп ауласындағы ойын алаңына да қатысты. Көру қабілеттері бұзылған балалардың мектеп ауласында қауіпсіз жүріп-тұруларын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қажет болуы мүмкін, мысалы: түрлі бағандарды, қоршауларды, баспалдақтарды, орындықтарды қандай да бір ашақ түске (мысалы, сары) бояу. Бұл балалар байқаусызда бір жерлерге соғылып, денсаулықтарына зиян келтіріп алмаулары үшін қажет. Оқу бөлмесіндегі түстерді де назардан тыс қалдыруға болмайды, бөлменің ақ түсті қабырғаның, күн сәулесінің және қажет болған жерлерде қосымша жарықтың есебінен жарық болғаны дұрыс.
    Қажеттіліктері ерекше балалардың кейбір өсімдіктерге, жануарларға аллергиялық реакцияларының болу мүмкіндігін ескеріп, сынып ішінде олардың көп мөлшерде орналастырылмауларын қадағалаған жөн. Бөлмені желдетіп, ондағы температураның қалыпты болуын қадағалау, ылғалдылықтың және балаларға кедергі келтіретін шудың болмауына көңіл бөлу.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет