1. Экологиялық тыңдау бағдарламасы. 1 кезең: олардың есеп беру уақыты. II кезең: Іс-шараларды жоспарлау. III кезең:
2. Осы кезеңде маршруттар мен тыңдау объектілері бойынша шолу экскурсиялары жасалады, IV кезең: экологиялық тыңдау қорытындылары.
Бүгінгі күні экологиялық мәдениеттің қалыптасу мәселесінің маңызы артуда. Бұл мәселенің аса мәнділігін әлемдік, халықаралық көлемде өтіп жатқан айтулы шаралар мен саяси, экономикалық, әлеуметтік бағдарда қабылданып жатқан құжаттар айғақтайды.
Бүгінгі күні экологиялық мәдениеттің қалыптасу мәселесінің маңызы артуда. Бұл мәселенің аса мәнділігін әлемдік, халықаралық көлемде өтіп жатқан айтулы шаралар мен саяси, экономикалық, әлеуметтік бағдарда қабылданып жатқан құжаттар айғақтайды.
Экологиялық мәдениеттің мемлекеттік деңгейде қалыптасуы қазіргі және келешек ұрпақтың өмір сүру ортасын қолайлы жасау негізінде мемлекеттік бағдарламамен, заңды нормалармен бағытталған, қоғамның барлық таптарының қызығушылықтарына сәйкес іс − әрекет үдерісі ретінде көрініс табу керек. Экологиялық саясатты іске асырудың нормативті − заңды негізі болып шаруашылықтың нарықтық әдісіне сай келетін, бірақ өтпелі қоғам қиыншылықтарының әсерінен жеткіліксіз деңгейде іске асырылған ұзақ мерзімді «Қазақстан –2030» стратегиясы, «Экологиялық экспертиза туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңдар болып табылады
Сонымен бірге Қазақстан халықаралық деңгейде өзінің тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік идеяларын қолдайтынын қоршаған орта және даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы конференциясының құжаттарына қол қоя отырып (РИО – 92), «Европа үшін қоршаған орта» үдерісінің белсенді мүшесі бола отырып, климатты өзгерту бойынша халықаралық маңызды конвенцияларға қосыла отырып бірнеше мәрте дәлелдеді. Қазақстан Республикасында экологиялық қарама – қайшылықтың шешілуіне көп көңіл бөле бастады. БҰҰ- ның 1997 – ші жылғы 23 – ші маусымдағы Басты Ассамблеясының ХІХ арнайы сессиясындағы сөзінде елбасы әлемдік қауымдастықты күш біріктіре отырып, экологиялық мәселелерді, соның ішінде оның ойынша әлемдік маңызы бар Семей полигоны және Арал теңізі маңында қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешуге шақырды. Бірақ халық табиғи ортаны қорғауда өзінің белсенді қатысуының қажет екендігін түсінбей, жұмсалған күш нәтиже әкелмейді.
Экологиялық мәдениеттің қалыптасу үдерісінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекет және мемлекеттік саясат маңызды рөл ойнайды. Мемлекет экологиялық саясаттың субъекті ретінде қоршаған ортаны тиімді қорғауды қамтамасыз ету керек. Біздің ойымызша экологиялық саясат мемлекеттің қамқорлығымен жүзеге асырылу қажет. Біздің еліміздегі экологиялық тұрақтылықтың кепілі мемлекет болу тиіс.
Экологиялық мәдениетке әсер етудің екінші көзі – саясатпен тікелей байланысы бар идеология. Идеология экологиялық мәдениетті идеалдармен толықтырады, өркениеттің дамуының қазіргі кезеңінде экологиялық мәдениеттің қалыптасуына сөзсіз әсер ететін тұрақты даму идеясы белсенді түрде насихатталады. Тұрақты даму деп қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін табиғи – ресурстық потенциалды және қолайлы табиғи ортаны сақтау мәселелерін шешумен байланысты әлеуметтік – экономикалық баланстылықты қамтамасыз ететін даму түсініледі. Кең мағынада «тұрақты даму» тарихи қалыптасқан үдерістерден ерекшеленетін, себебі тек табиғи –әлеуметтік потенциалды басқаруды жақсарту ғана емес, осыған қоса табиғи, әлеуметтік, мәдени байлықтардың жиынтығын басқаруды жақсарту мақсат етіп қойылатын, экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық, рухани –мәдени параметрлері бар, өркениеттің жаңа типінің функциясына сәйкес үдеріс ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар тұрақты даму өркениеттің тұрақты дамуының динамикасын анықтайтын, ноосфера туралы білім берудің қазіргі заманғы түсінігін сипаттайтын, адам мен мен табиғаттың арасында үйлесімді қарым - қатынастың орнауына бағытталған көрсеткіштер жүйесінің кешенін қарастырады.