Дәріс №8. Экологиялық тыңдау бағдарламасын жасау әдістемесі



бет2/2
Дата16.07.2022
өлшемі321,02 Kb.
#37688
түріБағдарламасы
1   2
Экологиялық білім үдерісінің негізінде жатқан және бұл жүйеге экологиялық бағытты беретін ғылыми танымды экологияландыру бүгінгі күні қоғамдық қажеттіліктердің бірі болып табылады.
Ондай әлеуметтік қажеттіліктерді іске асыру келесі алгоритмдерді болжайды:
 
1.Білімнің экологиялық – дүниетанымдық жүктемесін күшейту.
2.Мектепке дейінгі,бастауыш, орта және жоғарғы оқу орындарын экологияландыру.
3.Әлеуметтік тәжірибенің сол саласындағы мамандарды дайындау.
Тұлғаның экологиялық білімділігінің маңызды критериі болып, «адам, қоғам, табиғат» жүйесі қызметінің ерекшеліктері саласында білімінің болуы, сонымен бірге қалыптасқан әдет, дағдысының болуы, ұйымның тәжірибесінің болуы, табиғатты қорғау іс –шараларына қатысуы табылады.
Экологиялық тәрбиелеу және білім беру барысында бірнеше функциялар жүзеге асырылу керек, солардың негізгісі:
  • тікелей экологиялық білім берушілік (қоршаған ортаның қызметі туралы заңдарды білу;
  • дүниетаным (экологиялық дүниетанымды қалыптастыру);
  • гуманистік (табиғатқа деген өнегелілік–этикалық қарым –қатынастың қалыптасуы);
  • тәрбиелеушілік (қоғамның қоршаған ортамен қарым –қатынасын меңгерудің негізінде тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қалыптасуы);
  • қоғамның қажеттіліктері мен өндірісті экологияландыруда табиғатты пайдаланудың заңдық, қаржылық және саяси, ғылыми нормаларды бірыңғай жүйеге келтіру);
  • ақпараттық (табиғатты қорғау қызметінің тәжірибесін меңгере, оған анализ жасай отырып халыққа жеткізу).

Экологиялық білім және тәрбие беру барысында білім, тәрбие беру үдерісінің мазмұнын, құрылымын, мақсатын анықтайтын бірнеше функциялар орындалу керек. Солардың ішінде мыналарды бөліп көрсету қажет деп табамыз:
  • табиғи ортаға қатысты заңдар туралы білімді қамтитын экологиялық –білімділік;
  • қоғамның қоршаған ортамен қарым –қатынасын меңгерудің негізіндегі тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған тәрбие беру функциясын;
  • табиғатқа деген өнегелілік – этикалық қарым –қатынастардың қалыптасуына жауап беретін гуманистік функцяны;
  • табиғатты қорғау қызметінің, іс –әрекетінің тәжірибесін игеру мен халыққа жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық функцияны.

Бүгінгі күні тек жеке әлеуметтік топтың ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның экологиялық сауаттылығының төмен деңгейі туралы айтуға толық негіз бар. Осыған байланысты табиғатқа қатысты адамның жауапкершілік сезімін ояту, қалыптастыру, экологиялық тәрбие, білім басты мәселеге айналады. Экологиялық білім беру ерекшелігінің мәні, оның «алдын алу» принципіне негізделу керек екендігінде.
Табиғатты қайта құруды жүзеге асырушы адам санасында тек адам игілігін ғана емес, «табиғат–қоғам жүйесін жақсарту, яғни экологиялық идеал позициясынан жақын уақыттағы және болашақтағы болуы мүмкін салдарды бағалау үдерісі жүру керек.
Экологиялық білім аймақтық және ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудің құралы ретінде халықаралық деңгейде мойындалды. Ғылыми – техникалық үдеріс жағдайында маманды оқыту тек оқу орнының қабырғасындағы уақытпен шектелмейді,керісінше өмір бойы жалғасады.
Экологиялық білімді білім жүйесін экологияландырудан ажырату қажет, олардың арасында байланыстың бар екендігі түсінікті, соған қарамастан олар әр түрлі құбылыстарды сипаттайды. Экологиялық білім деп экологиялық білімді меңгеру түсініледі, ал білімнің экологизациясы бұл –экологиялық білімнің, принциптердің, идеялардың басқа салаларға ену үрдісі.
Жастардың эколологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесі нақтылауды, оны іске асыруды қажет етеді. Адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынастарды толығымен, жан – жақты зерттеу және осы қарым –қатынастарға нақты –тарихи анализ жасау басты философиялық –әдістемелік принцип болып табылады. Бұл принциптің негізін адам мен табиғаттың бірлігі құрайды. Ғылымға, сонымен бірге адамның басқа да қызмет салаларына басты бағытты белгілейтін мәдениет, абсолютті құндылық ретінде болады.
Сонымен, экологиялық білім экологиялық революцияның басты қозғаушы күші болу керек(адамның қоршаған ортамен қарым –қатынасындағы революция). Бұнда әлемде маңызы артып келе жатқан инновациялық, тәрбиелік, білім беру технологиялары шешуші рөлді атқару керек. Олар басқарушы және әлеуметтік – технологиялықпен байланысы бар, жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі болып табылатын экологиялық мәдениеттің қалыптасу үдерісінің оптимизацияланддыруға бағытталу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет