Дәріс 9 Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті. Педагогтің сөйлеу мәдениеті табысты кәсіби қызметінің шарты ретінде


Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің компоненті



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі22,24 Kb.
#18639
1   2
Байланысты:
Дәріс 9 Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті

2 Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің компоненті

 

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің үш компоненті бар:

- аксиологиялық;

- технологиялық;

- жеке бастық-шығармашылық.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық компоненті білім беру дамуының қазіргі кезеңінде біртұтас педагогикалық процеске енгізілген адамның педагогикалық құндылықтарының жиынтығы негізінде пайда болды. Педагогикалық әрекет процесінде мұғалім пікірлер мен концепцияларды игереді, білім мен іскерлік алады, ал оның өзі педагогикалық әрекеттің гуманистік технологиясын құрады. Қоғам және жеке педагогикалық жүйе үшін білім, көзқарас, концепциялар педагогикалық құндылық ретінде көрініс табады.

Педагог өз ісінің шебері болады, ал педагогикалық құндылықпен педагогикалық әрекетті игеріп, дамытады. Мектеп пен педагогикалық көзқарастардың тарихы – күнделікті бағалау, қайта құру, құндылықтарды бекіту және педагогикалық технологияларды жаңа жағдайларға игерту процесі.

Субъектілік тәрбиелеу және мұғалімге берілетін жалпы аламгершілік мәдени-педагогикалық атақтың құндылығы оның жеке басының байлығымен, мамандық іс-әрекетке бағыттылығымен, адамның ішкі әлемімен анықталады. Соған байланысты С.Л.Рубинштейннің құнды қарым-қатынас адамның іс-әрекетінің көріну тәсілі болып қалады деп айтылуы дұрыс. Педагогикалық құндықтарды айта геле, оның үш негізгі түрін айқын көрсетуге болады:

1.                Әлеуметтік-педагогикалық құндылық;

2.                Топтық педагогикалық құндылық;

3.                жеке бастық педагогикмлық құндылық.

Педагогикалық құндылықтар объективті, себебі олар қоғамның даму барысында, білім беруде, жалпы білім беретін мектепте қалыптасады. Мұғалім педагогикалық әрекетке дайындалу және жүзеге асыру процесінде педагогикалық құндылықтарды игереді. Әлеуметтік-педагогикалық өмір жағдайларының, қоғам, мектеп, жеке тұлға қажеттіліктерінің өзгеруімен педагогикалық құндылықтар да өзгереді. Мұғалімнің жалпы адамзаттық мәдени-педагогикалық құндылықтарды игеруі және қабылдауы оның кәсіби әрекетінің бағыттылығымен, кәсіби-педагогикалық өзіндік сана-сезімімен, ішкі жан дүниесімен анықталады. С.Л.Рубинштейннің бағалы қатынас адам санасында шындықты бейнелеудің тәсілі болып қалады деген пікірі бар. Педагогтың кәсіби-педагогикалық санасы «Мен» концепциясына байланысты. Кәсіби сана мұғалімнің Мен қасиетінің әр түрлі жақтарын талдауға көмектеседі. Мен қасиет педагогқа өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өмірінің проблемасын шешуге көмектеседі.

Педагогикалық құндылықтардың бірнеше деңгейі бар:

-                      жеке бастық;

-                      кәсіби-топтық;

-                      әлеуметтік-педагогикалық.

Әлеуметтік-педагогикалық құндылықтар мораль, дін, философия

формасында қоғамдық сана-сезімде көрінетін әр түрлі әлеуметтік жүйелерде қызмет ететін құндылықтардың сипаттамасы және мазмұны.

Топтық педагогикалық құндылықтар нақты білім беру институттарының шегінде педагогикалық әрекетке бағытталған көзқарас, норма, концепциялардың жиынтығы. Бұндай құндылықтардың жиынтығы танымдық жүйеге ие. Бұл құндылықтар нақты кәсіби топтарда жүзеге асырылады: мектеп, лицей, гимназия мұғалімдері, колледж, техникум, университет оқытушылары.

Жеке бастық-педагогикалық құндылықтар бағалы құндылықтар жүйесін құратын педагогтың мақсаты, мотиві, бағдары, дүниеге көзқарасы көрінетін күрделі әлеуметтік-психологиялық білімі.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компонентіне мұғалімнің педагогикалық әрекетінің құралдары мен тәсілдері енеді. Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен нәтижелері жеке тұлға нәтижесінде құрылады. Педагогикалық әрекеттің гуманистік бағыттылығы жеке тұлғаның рухани қажеттілігін қанағаттандыру механизмін зерттеу мүмкіндігін береді. Педагогикалық әрекетті технологиялық әрекет деп атаймыз. Осыған байланысты педагогикалық әрекеттің операциялық талдануы қажет, ол педагогикалық есептерді шешу ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология педагогикалық мәдениеттің мәнін түсінуге көмектеседі, тарихзи өзгеретін тәсілдерді ашады, әрекет бағыттарын түсіндіреді.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жеке бастық-шығармашылық компонентіне шығармашылық акт ретінде оның игерілу механизмі жатады. Педагогикалық құндылықтарды мұғалім жеке бастық-шығармашылық деңгейінде меңгереді. Педагогикалық мәдениет құндылықтарын игере отырып, педагог оларды қайта құрып, интерпретациялай алады, Педагогикалық шығармашылық – сипаттамасы педагогикалық мәдениет болып табылатын адамның өмір әрекетінің түрі. Пшығармашылық педагогтан қажеттілікті, қабілетті, бостандықты, өзінділікті, жауапкершілікті талап етеді.

Кәсіби-педагогикалық мәдениет – «педагогикалық әрекет мәдениеті», «педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті» және «мұғалімнің жеке бас мәдениеті» түсініктерінің жиынтығы.

«Педагогика мәдениеті» және «педагогика іс-әрекеті» түсініктері бірдей емес, бірақ біртұтас болып келеді.

Педагогикалық мәдениет оқытушының (мұғалімнің) жеке мінез-құлқының сипаттамасы бола отырып, мақсаттар, тәсілдер мен нәтижелер тұтастығында маманды іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі ретінде келеді. Педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі түрлері мәдениеттің функционалды құрылымын құра отырып, спецификалық мәселелер түрінде оның нәтижелік формасы болып жалпы пәндіктілікке ие. Мәселерді шешу жекелік және ұйымдық мүмкіндіктерді жүзеге асыруды жорамалдайды, ал педагогикалық мәселелерді шешу үрдісінің өзі оқытушының маманды-педагогикалық мәдениетінің бар болу мен жұмыс істеу тәсілін сипаттайтын педагогикалық іс-әрекеттің технологиясы болып келеді.

Қазіргі ғылымда шығармашылық көптеген зерттеушілермен мәдениеттің интегративті, жүйеқұрушы компоненті ретінде қарастырылады. Тұлға, мәдениет пен шығармашылықтың өзара қарым-қатынастарының мәселелері Н. А. Бердяевтің еңбектерінде көрініс тапты. Өркениет пен мәдениеттің өзара әрекеттесу ауқымды сұрағын қарастыра отырып, ол өркениеттің мәдениетке қарағанда әлдеқайда көне және алғаш екендігіне сілтеді: өркениет әлеуметтік-ұйымдық үрдісті білдіреді, ал мәдениет анағұрлым индивидуалды (жеке), тұлғамен, адамның шығармашылық актісімен байланысты. Мәдениеттің адамның шығармашылық актісімен құрылатындығында Н. А. Бердяев оның данышпандық табиғатын көрді: «Шығармашылық ол от, мәдениет оттың суытылуы». Шығармашылық акт субъективтілік кеңістігінде, ал мәдениеттің өнімі объективті өмірде болады.

Мұғалім педагогикалық мәдениетпен минимум жағдайында үш рет өзара қарым-қатынасқа түседі: біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық әсердің объектісі ретінде педагогикалық іс-әрекет мәдениетін меңгеру кезінде; екіншіден, педагогикалық құндылықтардың тасымалдаушысы ретінде белгілі бір мәдени-педагогикалық ортада өмір сүріп, әрекет етеді; үшіншіден, маманды-педагогикалық мәдениетті педагогикалық шығармашылықтың субъектісі ретінде құрып, дамытады.

Мұғалімнің жеке ерекшеліктері мен шығармашылығы шығармашылық өзін-өзі табудың көптеген формалары мен тәсілдерінде көрініс табады. Өзін-өзі табу тұлғаның жеке-шығармашылық мүмкіндіктерінің қосымша аймағы болып табылады. Педагогикалық шығармашылық мәселесі мұғалімнің өзін-өзі табудың мәселесіне тікелей шығады. Соған қатысты педагогикалық шығармашылық – бұл оқытушы тұлғасының жеке, психологиялық, парасаттылық күштері және қабілеттері арқылы өзін-өзі табу үрдісі.



Д.Бегалиев. Мұғалім мәртебесі қандай болуы керек// Мұғалім және қоғам -2009.- №2. - 21 бет.

http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2015/PO/Muhametzhanova%20i%20dr%202/plain/theory/gl9.htm

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет