Дәріс №9 Тақырып: Территорияның әлеуметтік-демографиялық потенциалы Мақсаты: Халықтың территориялық орналасу топтары мен жүйесін және олардың әртүрлі әлеуметтік демографиялық потенциалына сипаттама беру



бет3/3
Дата03.11.2022
өлшемі20,22 Kb.
#47307
1   2   3
Халықты орналастыру түрлері
Халықтың территориялық жүйелерінің пайда болуына түрлі өндірістік әрекеттер мен әлеуметтік қатынастар, табиғат жағдайы әсер етеді. Бірақ, басты негізі – өндіріс болып есептеледі. Өндірістің даму және орналасуына байланысты әр түрлі елді-мекендердің қоныстану жүйелері пайда болады. (7–сурет) Оның басты локальдық обьектілері елді-мекен пункттері болып есептеледі.

Дисперсиялық


Арнаулы жұмысқа байланысты

7-сурет. Қоныстану жүйелері



Территоиядағы халықтың орналасу ерекшелігін, қоныстану жүйелерін зерттеуді мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
- Орналасу жүйесіне жалпы баға беру, қала және ауыл халқының ара қатынасы, түрлі көлемдегі елді–мекендердің үлесі, функционалдық типтері, олардың динамикасы;
- Қоныстану жүйелерінің орналасуы: көлікке, физикалық–географиялық обьектіге, көрші елді–мекендерге;
- өндірістік, мәдени–тұрмыстық, т.б байланысты локальдық жүйелердің пайда болуын анықтайды;
- елді–мекендер және оның жүйелерінің иерархиясы;
- арнайы жүйелердің ішкі ерекшеліктеріне қарай бөлінуі, өндірістік–территориялық жүйедегі орны, өзара байланыстары;
- жекелеген елді–мекендерді зерттеу, олардың атқаратын қызметтері;
- территориядағы халықтардың орналасуына, елді–мекендердің дамуына қойылатын талаптар мен ұсыныстар;
Урбанизация және рурализация
«Урбанизация» деген түсінік латынның «urbs» (қала), «urbanus» (қалалық) деген сөздерінен шыққан. Бұл түсінікті тар мағынада алсақ, ол қала халқы мен қалалық елді–мекендердің өсуін көрсетеді. Ал енді кең мағынада – ол қоғамның дамуында, оның ішінде халықтардың әлеуметік–профессионалдық пен демографиялық құрылымы, әдет–ғұрпы, өндіргіш күштерінің орналасуы секілді т.б процестерге қала рөлінің күшеюін көрсететін тарихи процесс. Урбанизация қоғамның тарихи дамуындағы обьективтік заңдылықтарға, оның ішінде экономикалық дамуының деңгейі мен өндіргіш күштердің өсуімен тығыз байланысты. Урбанизация процесінің басты белгісі немесе жалпы заңдылығы – қала жүйелерінің дамуы және өсуі, жаңа қалалардың пайда болуы. Урбанизациялануды қандай көрсеткіштермен аанықтауға болады? Қалалардың географиясын зерттеуші географ ғалым О.А. Константинов былай деді: «Урбанизацияның бірінші және басты көрсеткіші процентпен алғандағы үлесі... онсыз белгілі бір ареалдағы қала халқы деңгейін анықтау мүмкін емес»
Қаланың сандық және сапалықөсуі территорияның экономикалық–географиялық, әсіресе әлеуметтік–географилық жағдайларын өзгертіп отырады.
Урбанизациялық заңдылықтарға қалаға тән көші-қон процестері, қалалардың маңайында орналасқан елді-мекендерді қосып алу жатады. Мұндай ареалдар қалалық агломерацияларға айналады. Қала халқының өсуі мен тұрғындарының көбеюінің тағы бір заңдылығы олардың жер шарында орналасқан территориясының көлемінің өсуіне байланысты (соның ішінде қала халқының жан басына шаққанда). Бұл көрсеткіштің экологиялық көзқараспен алып қарағанда маңызы зор болып тұр.
Демографтардың болжауы бойынша жүние жүзі қала халқы 2000 жылға дейін өсу бағытында болады. Әсіресе, ірі қалалардың тұрғыны көбейеді. Қазіргі уақытта мұнда қала халқының1 /2 бөлігі тұрады, болашақта 2/3 бөлікке дейін, аса ірі қалалар, оның ішінде миллионер қалалар көбеюі мүмкін.
Территорияның қала халқына кешенді демографиялық баға беру және болжау халықтың әлеуметтік–демографиялық проблемаларды шешудің басты жолдары болып есеептеледі.
Рурализация – ауыл халқының орналасуын зерттейтін геодемографиялық ғылымның саласы. (Rural–фр.«ауыл» деген сөзінен шыққан). Ауыл халқының географиялық әдіспен зерттеуді георуралистика деп атайды. Ауыл халқының географиясын жан–жақты зерттеуші географтарға, С.А.Ковалев, А.Н.Алексеев, т.б жатқызуға болады. (1960,1963).
Ауыл халқының орналасуы мен қоныстануы, елді–мекендер олардың формалары мен типтері қоғамның тарихи дамуына, оның ішінде әлеуметтік–саясаттық жағдайларға, өндіріс күштердің даму деңгейі және орналасуына, ауыл шаруашылығының дамуына, табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне, т.б. байланысты. Сондықтан белгілі бір территориядағы ауыл халқын жоғарыда айтылған себептерге байланыстырып қарайды Ауыл халқы қоныстанған елді–мекендерді қай мемлекет, аудакн санап шығу мүмкін емес. Сол себепті басты ғылыми мақсаттардың бірі–ауылдық елді–мекендердің формаларын, топтарын, тұрғындарының санын және әр түрлі құрылымын анықтауға бағытталу керек.
Көші – қон туралы түсінік және олардың түрлері
Географиялық басылымдарда көші–қон туралы түсінік бір жүйеге келтірілген жоқ. Көптеген басылылмдарда мынадай анықтама беріледі: «Көші–қон дегеніміз белгілі бір территоиялар мен елді–мекендер арасындағы адамдарының қоныс аударуының түрлері» Олар мынадай болады:
- тұрғылықты мекен–жайын тұрақты ұзақ жылдарға ауыстыру;
- маусымдық және уақытша мекен–жайын ауыстыру;
- бір мекен–жайдан, екінші мекен–жайға барып күнделікті жұмыс жасау (маятникалық көші– қон).
Көші-қон дегеніміз адамдардың тұрғылықты жерін ауыстырып, басқа жаққа көшіп кетуін айтамыз, яғни тұрғындардың мемлекетті, ауданды, республиканы т.б. ауыстыру арқылы болады.
Көші-қонның басты белгісі адамдардың тұрғылықты мекен–жайын ауыстыруы. Көші– қонның түрлері:
- қайта көшпейтін тұрақты көші–қон;
- уақытша көші–қон;
- маусымдық көші–қон;
Көші-қон пайда болатын территорияларды көші–қон зоналары, аудандары, ал енді көшіп-қонушылардың тұрақтанатын жерлерін көші–қон орналасатын аудандар деп айтады. Көші-қонның түрлері әр түрлі болады, олар сол елдің өндіріс күштерінің дамкына, мемлекеттің ұлттық т.б. саясатына, жаңа аудандарды игеруге байланысты болады. Бұған байланысты қазіргі кезде мынадай көші–қон түрлерін көруге болады:
- жоспарлы көші–қон;
- адамдардың өз қалауынша көші–қон;
- зорлықпен болатын көші–қон;
Көші-қон себептері:
- экологиялық;
- саяси;
- діни;
- табиғи апаттар мен зіл–залалар;
- соғыс;
Көші–қон территорияның әлеуметтік–демографиялық потенциялының сандық және сапалық жағдайына көп әсер етеді. Оны төменгі себептерден көруге болады:
- халықтың құрылымына, орналасуына, ұдайы өсіп–өнуіне т.б. әсері;
- континенттерді, мемлекеттерді, жаңа жерлерді игеруге;
- жастық, жыныстық құрамына, қала мен ауыл халқының ара қатынасына;
- еңбек ресурстарының таралуына;
- әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына немесе нашарлауына.
Көші-қонға экономикалық-географиялық зерттеулер жасағанда миграциялық айналымға баға беріп отыру керек. Ол белгілі бір мерзімде қала, елді–мекенге, не мемлекетке көшіп келушілер мен көшіп кетушілердің санын көрсетеді.
Көші-қонның абсолюттік масштабы сол ауданның, қаланың, мемлекеттің жалпы халқының санына байланысты. Халқының көші-қон қозғалысының көрсеткіші (МКқ) көшіп келушілер (Мкелу) мен көшіп кетушілер (Мкету) белгілі бір мерзімдегі 100 немесе 100 адамға шаққандағы сол территориядағы тұрғындардың санына қатынасы деп аталады. Оны миграциялық қозғалыстың коэффициенті:

Мкелу  Мкету 1001000


МКк=
K
Осы формула арқылы мемелекет немесе кез келген территория бойынша МКқ анықтауға болады. Сонымен бірге жастық этникалық, әлеуметтік құрылымы бойынша есептеуге болады.
Көші-қонның географиясын және оның масштабын зерттеу арқылы оның формалары мен көрсеткіштерін және оның территориялық айырмашылықтарны білеміз. Көші–қонның халықтың құрылымына, өсу қарқынына, ұлттық құрамына т.б. әсерін анықтау керек. Көші– қонның бағыттары, себептері, мигранттардың құрамы т.б. зерттеуде географиялық ерекшеліктерінің өте маңызы бар.
Көші-қон процестерін зерттеуде мынадай көрсеткіштерді анықтау керек:
- сальдо көші-қон – белгілі бір мерзімдегі көшіп келушілер мен көшіп кетушілердің айырмашылығы. Көші–қонның сальдосы болымды және болымсыз келеді. Оны абсолюттік көрсеткішпен 100 немесе 1000 адамға шағып есептеуге болады. Мұны көші–қон сальдосының коэффициенті деп атайды.
- Халықтың өсу қарқынына көші–қонның әсерін анықтау үшін көші–қон сальдосының коэффиценті мен халқының ұдайы өсіп–өнуін салыстыруға болады. Егер көші–қон сальдосының коэффиценті табиғи өсімнен кем болса, онда 1 адамға азаяды деген сөз.
Егер көші–қонның сальдо болымдысы аздау болса, көшіп кетушілер көбеюде деп айтуға болады. Яғни, жаңа жерге тұрақтану нашар және көші–қон процесі нәтижсіз деуге болады.
Миграцияның нәтижелік көрсеткіші (Мн) көшіп келушілердің (Кк) саны сальдосының (С) арақатынасын анықтау арқылы көруге болады:
Мн= C :
Kk
Мигранттар көшіп келуші және көшіп кетуші болғандықтан олардың белгілі бір мерзімде балансы мен жалпы саны анықталып отырады. Яғни, мемлекеттің бір ауданнан көшіп кетушілердің саны басқа ауданға көшіп келушілердің санына тепе–тең болу керек. Көші-қон балансын тек аудан аралық көшіп–қонуға байланысты есептеуге болады, ал аудан ішіндегі көші-қондық қозғалыстардығ баланс жайында статистикалық мәліметтерді әр түрлі жолдармен есептеу арқылы алады.

Сұрақтар:


1. Қоныстану жүйелері?
2. Оны миграциялық қозғалыстың коэффициенті?
3. Көші–қон территорияның әлеуметтік–демографиялық потенциялының сандық және сапалық жағдайына әсер?

Қолданылған әдебиеттер:


1. Скопин А.Ю. Введение в экономическую географию М. Владос 2006г.
2. Саушкин Ю.Г. Введение в экономическую географию. М., Издательство МГУ 1985г.
3. Алаев Э.Б. Социально–экономическая география: Понятийно–терминологический словарь. М.: Мысль, 1983..
4. Семевский Н.Б. Введение в экономическую географию Л. Изд–во ЛГУ 1980г.
5. Мұратқан Қожахмет Экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе Оқу құралы. Қарағанды. ҚарМУ баспасы, 1997.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет