Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет2/16
Дата04.02.2023
өлшемі133,25 Kb.
#65144
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәріс тезистері

Жасыл балдырлар бөлімі.

  1. Балдырлардың жалпы сипаттамасы

  2. Балдырлардың морфологиялық құрылымының деңгейі және құрылымдық варианттары

  3. Көбеюі және классификациясы

Хлорофильді төменгі сатыдағы өсімдіктер – балдырлар (Algae, Phycobionta). Балдырлар латын сөзі Algae – теңіз шөбі деген мағынаны білдіреді, осыған байланысты балдырларды зерттейтін ғылым альгология деп аталады.
Жалпы сипаттама. Балдырлар жер жүзінде кең тараған төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Олардың 40 мыңнан астам түрі бар. Балдырлар деген термин систематикалық бірлік емес. Балдырлар деген атпен бірнеше систематикалық топтар (бөлімдер) біріктіріледі. Бұлардың барлығына ортақ белгі – қосымша пигменттерден басқа жасыл пигмент – хлорофилдің болуы: басым көпшілігінің тіршілік ортасы су бір текті болуына байланысты, олардың құрылысы жоғары сатыдағы өсімдіктермен салыстырғанда қарапайымдау келеді. Балдырлардың бір жасушалы, жасушаланбаған, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Олардың денесінде жіктелген арнаулы мүшелері жоқ, солардың орнына тек талломдары ғана болады.
Құрылысы – күрделі балдырлар жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтарына немесе сабақтарына ұқсап, жапырақ, пластинкасы немесе сабақ сияқты болып келеді. Бірақ бұл тек сыртқы ұқсастық қана, өйткені денесі біртекті жасушалардан ғана түзіледі. Балдырлар жасуша құрамында хлорофилл болуына байланысты авторефераты қоректенеді. Көптеген балдырлардың жасушасы сыртында целлюлоза қабығы болады.
Жасуша протоплазмасында ядро және цитоплазма болады. Көптеген балдырлардың жасушасында тек 1 ғана, кейде 2-3 ядро болады. Протоплазмада хлорофилл және басқа пигменттері бар пластидтер орналасады. Балдырларда оны хроматофора деп атайды. Олардың саны бірден бірнешеуге дейін барады. Хромотофора – хлорофилл және басқа пигменттер сіңген түссіз белоктық стромадан құралған.
Хроматофорда тек біраз балдырлар мен антоцерос мүгінде ғана кездесетін ерекше дөңгелек келген тығыз белокты дене переноид болады. Көпшілік балдырларда переноидтың айналасында не хромотофорда қор зат ретінде крахмал дәндері екінші бір түрлерінде крахмалға жақын углеводтар, үшінші біреулерде май тамшылары жиналады.
Балдырлар - өздерінің құрылысы мен тіршілік әрекетінде бірсыпыра ортақ белгілері болуына қарамастан, сыртқы формалары алуан түрлі болып келеді.
Қарапайым (монода) құрылысты балдырларға – жасушасының пішіні көбінесе сопақ алмұрт тәрізді немесе дөңгелек болып келетін бір жасушалы, не бір-біріне жасуша пішіні, құрылысы және атқаратын қызметтері ұқсас бірнеше жасушалардан құралған колониялы организмдер жатады.
Кейбір қарапайым балдырлардың құрылысы амеба тәрізді яғни амебиозқұрылысты болады. Мұндай балдырлардың қатты қабықшасы, талшығы болмайды. Олар амеба тәрізденіп, жуан немесе жіңішке, қысқа не ұзын жалған аяқтарымен қозғалады. Тіршіліктің алғашқы дәуірінде амеба тәрізді формалар бірінші пайда болуы ықтимал, ал тез қозғалуға қабілетті талшығы және көзшесі бар монодо құрылысты балдырлар олардан кейін дамыған болса керек.
Құрылысы пальмеллоидты болған балдырлардың жасушалары бір-біріне байланыссыз болып, сырты клегейленіп жатады. Мұндай жағдай балдырлардың даму циклының басынан аяғына дейін, не белгілі бір кезеңінде пайда болады.
Коккоидты құрылыстарға – табиғатта кең тараған, клетка пішіні әр түрлі, қозғалмайтын бір жасушалы не коллониялы ағзалар жатады.
Жіп тәрізді балдырлар – табиғатта жиі кездеседі, кейде олар жан-жаққа тарамдалып та кетеді. Мұнда қозғалмайтын жасушалар бір немесе бірнеше қатар болып орналасады. Көпшілік жіп тәрізді балдырлардың төменгі жағындағы ұзынша ризоид жасушалар арқылы субстратқа бекініп тіршілік етеді.
Пластинкалы құрылысты балдырларға – жіңішке және жалпақ пластинка пішінді балдырлар жатады. Мұндай балдырлар өзінің онтогенездік дамуын жіп тәрізді формадан бастайды. Мұнда жасуша көлденеңінен және ұзынынан бөлінудің нәтижесінде жіп тәрізді форма пластинкалы формаға айналады. Теңізде тіршілік ететін көпшілік қоңыр және қызыл балдырлар жасушаның жан-жаққа бөлінуінің нәтижесінде пластинка тәрізді болып келеді.
Сифонды құрылысты балдырлар сирек кездеседі. Бұған вегетативтік денесі перделерге бөлінбеген, орасан үлкен, ядросы өте көп, бір жасушадан тұратын, ол жасушаның мөлшері 1см, кейбір түрлерінде бірнеше см.жететін балдырлар жатады.
Көбеюі. Бір жасушалы балдырларда вегетативтік жолмен жасушаның жай бөлінуі арқылы, колониялы формалары колонияның ыдырауы немесе аналық жасушаның ішінде жаңа колонияның түзілуі арқылы көбейеді. Жіп тәрізді формаларда жіптің бөлшектерге бөлінуі, ал кейбір хара тәрізді балдырларды ерекше түйнектердің пайда болуы арқылы көбейеді.
Жыныссыз көбею балдырларда өте көп тараған және ол аналық жасушада пайда болған споралар арқылы көбейеді. Көпшіліктерінің споралары қозғалғыш, жасуша қабықша жоқ монада құрылысты келеді. Қозғалғыш болуына байланысты оны зооспора деп атайды. Зооспоралар бірнешеу, кейде көп болып зооспорангияда түзіледі. Зооспора вегетативтік бір жасушалы балдырға өте ұқсас болып келеді де, біраз қозғалып жүргеннен кейін қабыққа оранып, жаңа балдырға айналады. Бірқатар балдырлардың споралары қозғалмайды. Оларды аплоноспора деп атайды.
Жынысты көбею кейбір төменгі сатыдағы балдырлар да (вольвокстер) екі особь бүтіндей қосылады. Бұл жынысты көбею процесінің ең қарапайым түрін хологамия дейді. Көпшілік балдырларда жынысты жолмен көбею процессі екі жынысты жасушаларының – гаметаларының – қосылуы арқылы жүреді, соның нәтижесінде бір жасушалы зигота түзеді. Мұнда хологамия сияқты екі гаметаның ядросы және протоплазмалары қосылып, жасушадағы хромосома саны екі есе көбейеді. Гаметалардың морфологиялық айырмашылықтарына қарай жыныс процесінің 3 түрі байқалады.
Изогамия процесінде сыртқы түрі жағынан айырмашылығы жоқ өз ара ұқсас, қозғалғыш аналық және аталық гаметалар қосылады. Гетерогамиядааталық гамета аналық гаметаға қарағанда кіші және екі гаметаның екеуі де қозғалғыш келеді. Изогамета және гетерогамета түзілетін жасушаларды гаметангия деп атайды. Егер бір особьтан түзілген гаметалар қосылса, онда мұндай балдырларда гомоталдық балдырлар, ал әртүрлі особьтардың гаметаларының қосылуынан түзілген организмдерді гетерогаметалықбалдырлар деп атайды. Гетерогалдық особьтардың сырттай қарағанда морфологиялық жағынан жыныс айырмашылығы білінбейді. Егер олардың гаметаларынан айырмашылық байқалмаса (изиогаметалар түрінде болса), ондай особьтарда тек физиологиялық жағынан ғана айырмашылық байқалады.
Жасыл балдырлар бөлімі – Chlorophyta
Жасыл балдырлар бөлімі – табиғатта жиі кездесетін, көп тараған балдырлардың бірі. Олардың 6000 – дай түрі белгілі. Бұл бөлімге: монада, коккоида, пальмеллевидтік, жіп тәрізді, пластинкалы және сифонды құрылысы бар әр түрлі балдырлар жатады. Бұндай алуан түрлілігіне қарамастан, бұлардың бір-біріне көптеген ұқсастық белгілері бар. Атына байланысты хромотафораның түсі жасыл болып келеді, онда хлорофилдің а, в
Пигменттері мен бірге, каронтин және ксантофил пигменттері болады. Жасушаның көбінесе тығыз целлюлозалы, кейде пектинді заттардан тұратын қабықшасы болады, клетканың қабықшасына пектин сіңгенде, ол клегейленіп тұрады. Кейбір қарапайым өкілдерінің (дуналиеллада жасуша қабықшасы болмайды. Жасушасы протоплазма, ядро, хромотофора, пиреноид және вакулядан тұрады. Протоплазмасы әдетте клетканың қабықшасына жақын орналасады да, жасушаның орталық бөлімін шырынға толы ірі вакуоля алып жатады.
Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Жасыл балдырлардың жасуша құрылысының негізгі ерекшеліктері неде?

  2. Жасыл балдырлардың көбею ерекшелігі

  3. Вольвокстілер мен хрококты балдырлардың құрылыстарында қандай айырмашылықтар бар?

  4. Вольвокс пен хламидомонаданың даму кезеңінің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

  5. Хлорелла мен хлорококтың құрылысы, олардың жынысты және жыныссыз көбеюінде айырмашылық бар ма?

1.Улотрикс қалай көбейеді
A) Вегетативті
B) Жыныссыз
C) & Жыныссыз, жынысты
D) Жыныссыз, жынысты, вегетативті
E) Вегетативті, жынысты

2.Дене құрылысы және көректену ерекшеліктеріне қарай балдырлар қандай организмдерге жатады


A) Гетеротрофты, таломды организмдер
B) & Таломды, автотрофты организмдер
C) Жапырақсабақты, автотрофты организмдер
D) Жапырақсабақты, гетеротрофты организмдер
E) Таломды, сапрофитті организмдер
3.Тұшы суларда тіршілік ететін балдырлардың түсі қандай
A) & Жасыл
B) Қоныр
C) Сары
D) Қызыл
E) Көк
4.Балдырларға коректенудің қандай тәсілі тәң
A) Сапрофитті
B) Паразитті
C) & Фототрофты
D) Гетеротрофты
E) Хемотрофты
5.Балдырлардың әртүрлі түсті болуы неге байланысты
A) Бүркеншеге
B) & Фотосинтез бейімделуге
C) Насекомдар мен жануарлардың назарын аударуға
D) Көбею ерекшелігіне
E) Әртүрлі пигменттердің болуына






3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет