Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Мүктәрізділер бөлімі



бет9/16
Дата04.02.2023
өлшемі133,25 Kb.
#65144
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Дәріс тезистері

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Мүктәрізділер бөлімі.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер (Embryobronta). Мүктәрізділер (Bryophyta) бөлімі.

  1. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы

  2. Мүктәрізділердің айырықша белгілері

  3. Даму циклі және классификациясы

Жалпы өсімдіктер патшалығын екіге бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктер және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер.
Жалпы сипаттама. Жоғары сатыдағы өсімдіктер төменгі сатыдағы өсімдіктерден шыққан. Төменгі сатыдағы өсімдіктерден денесінің құрылысы күрделі болумен ажыратылады. Көпшілігінің денесі сабаққа, жапыраққа, тамырға бөлінген. Осыған байланысты оларды кейде жапырақ сабақты (Cormophyta) өсімдіктер деп атайды. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге тән қасиеттердің бірі құрғақшылықта тіршілік етуі. Ұзақ эволюция барысында жоғары сатыдағы өсімдіктерде құрғақшылықта тіршілік етуге көптеген бейімделушіліктер пайда болды. Сонымен қатар өсімдіктердің анатомиялық құрылысы күрделенді. Алғашқы кезеңде жоғары сатыдағы өсімдіктерде ылғалды, минералды тұздарды және субстратқа бекінуді ризоидтар атқарды. Жапырақ сабақты құрылыстың және мөлшерінің (көлемінің) үлкеюіне байланысты бұларда тамыр пайда болды.
Кеңістікте екі бөлек орналасқан мүшелер жапырақ пен тамырдың бірқалыпты жұмыс атқаруы үшін осы екі мүшені жалғастыратын өткізуші жүйелер пайда болды, бұлар арнайы жасушалар – трахеит, сосын – трахей немесе түтікше және сито түтікшелері пайда болды. Ең алғаш рет сито түтікшелері қоңыр балдырларда кездеседі.
Құрғақ ортада өсімдіктреде жабын ұлпасының күрделі жүйесі пайда болды. Сонымен қатар күрделі лептестік аппарат. Механикалық ұлпа пайда болды. Бұл мүшелердің және ұлпалардың бәрі бірдей пайда болған жоқ.
Жыныс процесі күрделеніп, көп жасушалы жыныс мүшелері – архегония және антеридии пайда болды. Архегонияда жұмыртқа жасчуша дамиды, антеридииде көптеген сперматозоидтар түзіледі.
Архегонидің формасы колба пішінді болып келеді. Төменгі кеңейген бөлімі онда жұмыртқа жасуша дамиды, жоғарғы жіңішке бөлімі мойын деп аталады. Ұрықтанудың алдында архегогияның жоғарғы бөлімінің ішкі жағы кілегейленеді, бұл сперматозоидтың жұмыртқа жасушаға өтуіне жағыдай жасайды. Демек көптеген өсімдіктерде жұмыртқа жасуша архегониимен қорғалған. Антеридидің формасы сопақша болады, жетілген сперматозоидтар шығатын тар тесігі бар.
Эволюция процесінің нәтижесінде жоғары сатыдағы өсімдіктерде біртіндеп жыныс мүшелерінің редукциясы болды, жабық тұқымды өсімдіктерде жоғары сатыда дамығын өсімдіктерде архегонии және антеридии болмайды. Аталық жыныс гаметаларда біртіндеп үлкен өзгерістер болды. Қозғалғыш талшығы бар сперматозоидтар төменгі және жоғары споралы өсімдіктерге тән, жоғары дамығын (ашық және жабық тұқымдыларда) сперматозоидтар, талшығы жоқ спермиялармен алмасқан. Спермиялар суда қозғалу қабілетін жоғалтқан. Егер көне жоғары сатыдағы өсімдіктерде мысалы: мүктерде, плаунда, қырықбуында және шаңжапырақтыларда жыныс процесі сулы ортаға тәуелді болса, өте жоғарғы сатыдағыларда ашық және жабық тұқымдыларда толығымен жыныс процесі сулы ортаға тәуелсіз. Бұл топтағы өсімдіктерде аталық гаметалар, спермиялар жұмыртқа жасушаға тозаң түтікшесі арқылы қозғалады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән қасиет олардың даму кезеңінде дұрыс ұрпақ алмасу кезеңінің болуы. өсімдіктерде бірін-бірі заңды түрде алмастыратын гаметофит және спорофит деген фазаларға бөлінген. Гаметофит – жынысты ұрпақ, мұнда жыныс мүшелері антеридии және архегонии түзіледі. Жыныссыз ұрпақ спорофитпен алмасады. Спорофитте жыныссыз көбею мүшесі – спорангии түзіледі. Спорангииде спора түзіледі. Спорафит әрқашанда диплоидты, оның әрбір жасушасында жұп (2n) хромосом болады.
Барлық жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде редукциялық бөліну спорангияда спора түзілу кезеңінде болады. Спора гаплоидты. Осы спорадан гаметофиттің дамуы басталады.
Гаметофит әрқашанда гаплоидты, оның барлық жасушасында дара (n) хромосом болады. Гаплоидты кезеңнен диплоидты кезеңге өту ұрықтану кезінде болады. Зигота диплоидты. Зиготадан келешекте спорофит дамиды. Көптеген жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде ұрпақ аламасу кезінде спорофиттің гаметофиттен басымдылығы байқалады. Тек мүк тәрізідерде ғана гаметофит спорофиттен басым болады.
Жоғары дамыған өсімдіктерге тән белгі оларда жаңа мүше тұқымның пайда болуы. Жоғары сатыдағы өсімдіктер өте алуан түрлі болып келеді және олар құрылдықта басым болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 300 мыңнан астам түрі бар, олардың көпшілігі жабық тұқымдылар бөліміне жатады.
Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктер көбею жолдарына байланысты шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: жоғарғы споралы және тұқымды өсімдіктер болып. Жоғарғы споралы өсімдіктерге 5 бөлім жатады: 1) мүктәрізілер, 2) псилофиттер, 3) плаунтәрізділер, 4) қырықбуындылар, 5) шаңжапырақтылар.
Тұқымды өсімдіктер екі бөлімге бөлінеді: ашық және жабық тұқымдылар болып.
Мүктәрізділер бөлімі (Bryophyta)
Жалпы сипаттама. Мүктерде құрылықта өмір сүруге қабілетті болғанмен сонымен қатар суда тіршілік ететін өсімдіктердің белгісі сақталған. Көпшілік жағдайда мүктер құрғақ жерде тіршілік етуге нашар бейімделген, олар ылғалды ортада, сазды, орманды, ылғалды тоғайларды өседі. Автотрофты өсімдіктер тек суда тіршілік ететін түрлері де бар.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің арасында мүктер өте қарапайым құрылысымен ерекшеленеді. Көптеген өкілдерінің денесі тек сабаққа және жапыраққа бөлінген тамыры жоқ. Оларда сонымен қатар түтікті - өткізгіш шоқтар болмайды, (тек кейбір жапырақты мүктерде болады). Суды сору және субстратқа бекіну ризоидтар арқылы болады. Өзінің құрылысы, тіршілік ерекшелігіне байланысты мүктер жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктер арасындағы байланыстырушы тізбек болып саналады. Мүктәрізділер өте үлкен емес биіктігі 20-40см дейін жетеді.
Көбеюі. Олар вегетативті, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Мүктердің спорасынан протонема дамиды – жіпше немесе плсатинка тәрізді балдырға ұқсас. Сыртқы пішіні жағынан протонема ересек өсімдіктен айқын ажыратылады, протонемадан әрі қарай өсе келе ересек өсімдік дамиды. Балдырлардың протонемасынан мүктердің протонемасы перденің орналасуымен ажыратылады, балдырларда перделер жасуша қабырғаларына көлденең орналасқан, мүктерде қиғаш.
Жынысты көбею мүктерде архегония және антеридияның түзілуіне байланысты. Мүктерге тән қасиет даму кезеңінде жынысты ұрпақ (гаметофиттің) жыныссыз ұрпақ (спорофиттен) басым болуы. Гаметофит спорофитпен салыстырғанда басым дамыған, сондықтан спорофит жартылай паразиттік тіршілік етеді.
Вегетативті ккөбею мүктерде арнаулы бүршіктер арқылы және жер асты өркендері арқылы болады.
Классификациясы. Мүктәрізідлерге 22-мыңнан астам түрі жатады. Олар 2 класқа бөлінеді.
Бауыр мүктілер класы (Hepaticopsida, Hepaticae)
Бұл кластың өкілдеріне тән қасиет ол гаметофиттің дорсовентралды құрылысы,жоғарғы беті әрқашанда төменгі бетінен басқаша. Дене пішіні пластинка тәрізді, сабаққа және жапыраққа бөлінбеген класс 4 қатарға бөлінген.

Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1 Мүктәрізділердің дене құрылысы және даму тіршілігінің ерекшелігі оларды балдырлармен жақындастырады?
2. Неліктен мүктәрізділерді өсімдіктер эволюциясында жеке тармақ ретінде қарастырады?
3. Мүктәрізділердің классификациясы қандай белгілерге негізделген?
4. Маршанцияның тіршілік циклі қандай?
5. Маршанцияның вегетативтік көбеюі қалай жүреді?
1.Маршанцияның вегетативтік көбею қалай жүреді
A) Сабақтың және тамырдың үзінділері арқылы
B) Спора арқылы
C) Өскінен
D) &Бүршік арқылы
E) Өскіншіден

2.Мүктердің көбеюінде қоршаған ортаның қандай факторы басты роль атқарады


A) Эдафикалық
B) Орографиялық
C) &Гидрологиялық
D) Жел
E) Атмосфераның құрамы
3.Мүктердің даму кезеңінің басқа жоғары сатылы өсімдіктерден айырмашылығы неде
A) Мүктердің даму кезеңінде екі фазаның алмасуы бар
B) &Мүктердің даму кезеңінде гаметофит басым
C) Мүктердің даму кезеңінде спорофит басым
D) Даму кезеңінде гаплоидты фаза басым
E) Даму кезеңінде дикарионды фаза басым
4. Мүктердің гаметофиті дегеніміз:
A) Жапырақты таллом
B) Сабаққа, жапыраққа бөлінген, тамыры жоқ жапырақты таллом
C)& Сабаққа және жапыраққа бөлінген, өркен түріндегі өсімдік
D) Сабаққа және жапыраққа бөлінбеген, өркен түріндегі өсімдік
E) Тамыры және ризоиды жоқ, жапырақты таллом

5. Мүктердің спорофиті дегеніміз:


A) Спорагоний
B)& Спорангиялы және споралы қауашақ
C) Конидии
D) Зооспора
E) Спорогоний, конидии




10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет