Дәріс: Қазіргі педагогикалық технологиялар пәнінің міндеті мен мақсаты. Педагогикалық технология түсінігі


Педагогикалық технологияларды іске



бет7/60
Дата11.03.2022
өлшемі0,86 Mb.
#27660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
Байланысты:
ДӘРІС

Педагогикалық технологияларды іске асыру принциптері

Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты ретінде мынадай əдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса көңіл аудару аса маңызды:



  1. Мұғалімнің педагогикалық кəсіби қабілетіне сену принципі;

  2. Оқытудың кез келген уақыты аралығында берілген пəннен бастауыш сынып оқушысының кепілді дайындығы болу принципі;

  3. Оқу үдерісінің модульдік жобалау принципі;

  4. Бастауыш мектептегі кері тартпалық пен шек қойып тежеулікті жойып, бұрынғы дəстүрлі оқыту көздерін дұрыс арақатынаста үйлесімді пайдалану принципі;

  5. Ұйымдастыру жəне оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы мəліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сəйкесттік принципі;

  6. Бастауыш мектептің мұғалімдері мен оқушыларының оқу үдерісіндегі арақатынасының жарасымды даму принципі;

  7. Бастауыш сынып оқушыларының жалпы біліктілігінің нəтижесінде пəндік біліктілік əдістерін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру принциптері;

  8. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі;

  9. Əр бастауыш сынып оқушысының жалпы білім бойынша дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі.




    1. Педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу шарттары

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғышарттар қажет:



  • оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

  • оқушылардың сабақбастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-əдістемелік, оқыту- əдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

  • жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пəндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын

игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;

  • оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі

басшылыққа алу.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен қазіргі заманғы педагогикалық технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тəжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым жəне мəдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиясын игеру міндетіміз.


    1. Педагогикалық технологиялардың нəтижесінің жетістіктері

Педагогикалық технологиялар бірнеше топтарға бөлінетіні баршамызға мəлім. Осыны толық меңгерген мұғалімдер қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды өз тəжірибелеріне тиімді ендіре алады.



Оқытудың жаңа инновациялық технология əдістерін дəріс беретін білімгерлермен практикалық сабақтар жүргізу барысында жиі қолданып отырамыз. Инновациялық технологияны пайдалану барысында сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап білімгерлерге тақырыпқа болжам жасатып, мақсат қойып, сұрақ беріп жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге жағдай туғызады. Бұл бағдарламада мұғалімдерге де, білімгерлерге де міндеттер қояды. Осы міндеттерді орындауға мұғалім өзінің тақырыбы мен сабақ арасындағы біріккен іс-əрекет ұйымдастырады. Мысалы, бұл бағдарламаны сабақтарда қолдану барысында оқушыларға:

  1. еркін ойлауға мүмкіндік береді;

  2. ақыл-ойын дамытады;

  3. шығармашылық белсенділігі артады;

  4. тіл байлығы жетілдіріледі;

  5. жан-жақты ізденеді;

  6. өз ойын жеткізеді;

  7. ұжымдық іс-əрекетке тəрбиелейді.

Анық айтқанда, сабақта қолданатын стратегиялар көмегімен жеке тұлға ретінде, жан-жақты дамыған шығармашылық ойлау ретінде білімді меңгереді. Педагогикалық технологияларды талдау барысында алынып отырған технологияның сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы жəне тиімді, жүйелі болуы ескеріледі.

Қорыта келе, технологияның білім беру үдерісіне енуі білім беру тұжырымында мақсатты қалыптастыруға; адамгершілік ақыл-ой, психологиялық, медициналық, экологиялық көрсеткіштер негізінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды талдауға, соны- мен қатар дифференциалды оқыту жағдайында олардың тиімділігін бағалауға; оқытудың перспективалық құралдарын олардың негізінде педагогикалық технологияларды құруға; бұл үдерістерді технологизация үдерістерін реттейтін тұтас мемлекеттік білім беру бағдарламасы мен стандарттары негізінде басқаруға ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет