Дәріс басқару қызметіндегі тұлғалық қабілеттердің маңызы және ұжымдық еңбек өнімділігіне әсері



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата09.10.2024
өлшемі334,49 Kb.
#147307
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс-7

кадрларды таңдау қабілеті 
және жетекшінің 
кәсіби біліктілігі

Басқару іс-әрекетіндегі жалпы және арнайы қабілеттер 
 
Басқару қабілеттерінің үшінші санаты құрылымдық-психо- логиялық көрсеткіш бойынша 
психологияда қолданған қабілет- терді жалпыға және арнайыға бөлуді көрсете отырып анықта- 
лады. Арнайы қабілеттер ұғымы екі жоспарда қарастырылады. 
Басқару іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін жалпы қабілеттерге интеллект, 
креативтілік, оқыту, рефлексивтілік, бел- сенділік, өзін-өзі реттеу жатқызылады. 
Басқару іс-әрекеті жетекшінің жалпы қабілеттерінің даму шамасына байланысты 
табыстылығының өзіндік қисық сызықты тәуелділігі бар. Бұл факт интеллектіге, 
рефлексивтілікке және креативтілікке қатыстылығы эксперименталды түрде дәлелден- ген. 
Оқытулық қабілетке қатысты мәліметтер қазірше жоқ. Бірақ мұнда жағдай осыған ұқсас болуға 
тиіс. Нашар оқыту басқару іс-әрекетінің негативтік факторы болып табылады, бірақ жақсы 
оқыту да басқару тиімділігіне оң ықпал етпейді. Басқару іс- әрекетінің репродуктивтік 
стратегиялары күшейе түседі. Оның жоғары сенімділігін қамтамасыз ете отырып, олар өнімді 
стиль- ге қарағанда, максималды нәтижелер бермейді. Сонымен қатар 
тым жоғары оқытулық іс-әрекеттің тәуекелділігін арттырады және тұрақты эксперименттеу, 
неге үйренгенін бірден сынауға ұмтылу үшін алғышарт бола отырып, оның сапалық көрсеткіш- 
терін төмендетеді [12, 13, 14]. 
Арнайы қабілеттер басқару іс-әрекетінің табыстылығымен тура тәуелділікпен байланысқан. 
Арнайы қабілеттер неғұрлым жоғары дамыған сайын, барлық тең жағдайларда іс-әрекет тиім- 
ділігінің көрсеткіштері соғұрлым жоғары болады. Мысалы, ұзақ мерзімді ес (кәсіби 
тәжірибенің психологиялық негізі) және оперативтік ес (жедел басқарудың функцияларын 
жүзеге асыру негізі) жетекші іс-әрекетінің объективті шарттары болып табы- лады. Ойлау 
қабілеттерінің басқару іс-әрекетінің табыстылығы- мен тікелей, тура байланысы да сондай-ақ 
айқын. Дәл осындай рөлді перцептивтік, еріктік, аттенциялық (зейіннің дамуы), има- 
жинативтік (қиялдың дамуы) қабілеттер де атқарады. 
Келесі жағдайды да ескеру қажет. Негізгі психикалық про- цестер мен функциялар басқару 
іс-әрекетінде өзіндік байқалу- лары және қырларымен көріне отырып, өзіндік қасиетке ие 
болады. Қабылдау процесі үшін – бұл олардағы әлеуметтік перцепцияның айрықша рөлі, ойлау 
процестері үшін бұл прак- тикалық ойлау. Демек, басқару іс-әрекетінде жеке қабілеттер де 
өзінің негізгі екі аспектісінде болады: қандайда бір психикалық процестер мен функциялардың 
даму деңгейі ретінде және сапалы өзіндік нақты басқару іс-әрекетінің компоненттері үшін ең 
қанықты спецификалық ретінде. 
Жетекшіге жоғары дамыған, бірақ абстрактілі теориялық ойлауды емес, орташа 
практикалық ойлауды және «өткір әрі да- мыған» емес, дамыған әлеуметтік қабылдауды, 
әлеуметтік пер- цепциялы қабілетті игергені жөн. 
Психика негізгі үш шағын жүйеден тұрады: 
когнитивтік, реттеулік 
және 
коммуникативтік
. Басқару іс-әрекетінде бай- қалатын жекелеген қабілеттер, тиісінше, 
когнитивтік, реттеулік және коммуникативтік топтарға бөлінеді. 
Когнитивтік 
– бұл жекелеген негізгі психикалық процестер мен функциялардың қасиеті. 
Реттеулік 
шағын жүйеге тиесілі процестердің барлығында байқалулардың жеке шамасы 
бар. Сондықтан мақсат түзу, болжау, шешім қабылдау, өзін-өзі бақылау қабілеттері айқындала 
түседі. Басқару және психикалық іс-әрекеттің өзінің құрылысы мен ұйымдастырылуының 
байланысы бұл қабілеттердің құра- мының әлдеқайда жалпы қабілеттерден және жоғарыда 
сипат- талған іс-әрекет бойынша атап көрсетілетін әлдеқайда жалпы қабілеттерден байқалады. 
Психикалық та, басқару іс-әрекеті де ұқсас механизмдер мен процестерге негізделеді, 
олардың қалыптасуының жоғары дең- гейін талап етеді және тиісті реттеулік қабілеттердің 
болуын білдіреді. Аталған қабілеттерден басқа, бұл әлдеқайда инте- гралды реттеулік-


когнитивтік қабілет болып табылатын белгісіз- дікке толеранттылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет