Коммуникативтік
шағын құрамына кіретін және оның қыз- мет етуін қамтамасыз ететін
процестер, сондай-ақ айқындалу- дың, қалыптасудың жеке шамасына ие болады. Бұл эмпатия,
аттракция, идентификация,
сөз туғызу, т.б. процестер. Коммуни- кативтік қабілеттер
деңгейіндегі айырмашылықтар осы процес- тердің қалыптасу шамасына тәуелді болады.
Психика құрылымына негізделген өзіндік реттеулік және
коммуникативтік қабілеттер
қабілеттің жалпы жүйесін олар- дың тағы бір типімен толықтыруды талап етеді. Олар
жекелерге, арнайыларға қарағанда әлдеқайда интегративті, бірақ бір мез- гілде жалпыларға –
интеллектіге, креативтілікке, т.б. қараған- да азырақ қорытылған болып табылады.
Қабілеттердің пси- хологиялық құрылымында
жалпы қабілеттер
макродеңгейді
, ал жеке,
арнайы қабілеттер
микродеңгейді
құрайды.
Олардың арасында орналасқан
мезодеңгейді
интегралдық қабілеттер алады.
Қабілеттердің психологиялық құрылымы:
Макродеңгей
Жалпы қабілеттер
Мезодеңгей
Интегралдық қабілеттер
Микродеңгей
Арнайы қабілеттер
Басқару іс-әрекетінің табиғаты үшін орталық, өтпелі деңгей ең маңызды және өзіндік
қасиетке ие. Оның құрамына кіретін қабілеттер негізгі басқару
функцияларына (мақсат түзуге,
жос- парлауға, т.б.) теңдес.
Басқару іс-әрекетін жүзеге асырудың көптеген алуан түрлі тәсілдеріне ие – ол
поливариантты. Бұл жетекшіліктің бірнеше негізгі стильдері бар екендігінен байқалады.
Әртүрлі стильдер қабілеттердің әртүрлі сабақтастығының болуын білдіреді. Ал
жеке
симптомдық кешендердің айырмашылығы тұлғалық қабі- леттер құрылымына қатысты
өтемдік (компенсаторлық)
функ- циялар атқаратын жетекшілік стилін анықтайды. Жетекші
таң- дап алған белгілі бір стиль оған өзінің жеке тұлғасының күшті жағына сүйенуге, ал әлсіз
жақтарын «кері итеруге» мүмкіндік береді. Жетекшіліктің әртүрлі стильдерінің болуы адами
жеке- ліктердің алуан түрлілігінің және басқару қабілеттерінің
вариативтілігінің нәтижесі
болып табылады.