деңгей. Болжамның 1-ші, 2-ші тапсырмасына.
деңгей. Болжамның 3-ші тапсырмасына.
деңгей. Болжамның 4-ші тапсырмасына сəйкес болуы керек.
Логикалық құрылым, оқу тақырыбына байланысты əр шағын мақсаттарды меңгеру үшін. Оқушыға қанша уақыт керек екенін, бол- жамды, түзетуді қайталауды, қай кезде өткізу керектігін жоспарлай- ды. Яғни, мұғалім өзінің əдістемелік тұжырымдарына сүйене оты- рып, оқу үдерісін тұтас жəне логикалық көрнекті модельге көшіреді.
Түзету. Түзету негізгі үш бағытта жүргізіледі:
Жаңа оқу материалын меңгеру кезіндегі оқушыларға тиетін қиындық.
Оқушылардың жұмысында жиі жіберілетін қателіктер.
Оқушыларды стандарт деңгейіне жеткізетін педагогикалық əдістер жүйесі.
Технологиялық карта нəтижесі əр болжамнан кейін тексеріліп, талдау жасауды қажет етеді, яғни интеграция жүзеге асырылады.
Оқу үдерісін педагогикалық технология тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құралады. Технологиялық картаның құрамды бөліктерін жəне олардың атқаратын қызметтерін қарастырайық.
Технологиялық карта негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мақсат қоюдан басталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды анықтау.
Мақсатты нақты жəне анық көре білу, яғни тақырыптың негізгі сұрағын анықтай білу, мұғалімнің əдістемелік шеберлігін көрсетеді. Қойылатын мақсат мұғалімге жəне оқушыға ұғынықты түрде ықшам əрі түсінікті болуы қажет. Қойылған мақсат бойынша мұғалім болашақ оқу үдерісін мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшін оның білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде берілуі керек.
Ілгеріде қойылатын мақсат саны тақырып көлеміне қарай 2-5 аралығында болуы керек дегенбіз. Оның себебі мақсат ұсақталып, көбейген сайын оның нақтылығы азайып алғашқыларының мəні жойыла бастайды.
Мақсат қою технологиясы жəне педагогтың əдістемелік жұмысының мақсаттылығы оқу тақырыбындағы əрбір сабақтың мəнділігін арттырады, сабақтың нəтижелігіне жəне мазмұндылығына мұғалімнің, сол сияқты оқушының да жауапкершілігін арттырады, осы сабақтағы берілген мақсаттың меңгерілуіндегі орнын нақтылай түседі, ал бұның барлығы жобалаудан, технологиялық картадан басталады.
Берілген тақырыпты мақсаттарға бөліп алғаннан кейінгі жұмыс осы қойылған мақсаттарға байланысты оқушылар білімін болжау жұмысын құру.
Біз бірінші рет оқушыға жеке тұлға ретінде қараймыз, себебі оқушы өз деңгейін өзі таңдайды, яғни өзінің білім мөлшеріне қарай болжаудағы қажетті тапсырмалар мөлшерін таңдап алады. Болжау деп отырғанымыз оқушылардың қойылған мақсатты меңгеруін анықтауға арналған өздік жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |