14. ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ЖЕТІЛДІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
14.1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру –
математикалық білім беру технологиясы
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математи- калық білім технологиясы 1964-1996 жылдар арасында академик П. М. Эрдинестің жетекшілігімен жүргізілген теориялық жəне тəжірибелік ізденістердің, практикалық, жұмыстың нəтижесінде өмірге келді.
П. М. Эрдниев «дидактикалық бірліктер» деген ұғымды осыдан
20 жыл бұрын енгізген.
Автор оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпаратты алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға өріс ашылады.
Академиктер В. Журавлев, А. Маркушевич, т.б. бұл технологияның тиімділігін атап өтіп, «ғасыр идеясы» деп таныған.
Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, оқушының ақыл-ойының дамуы, математикалық ой-өрісінің кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дəл осы əдістемені қолдану барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр деуге болады.
Оқушының білімінің сапасына əсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, ондағы жаттығулардың мəні, мағынасы, мүмкіндіктерінің рөлі зор.
Бүгін де дидактикалық бірліктерді ірілендіру жаңашылдық технология ретінде əр түрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда.
Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің, Екатеринбург, Самара, Хабаровск, Братек, т.б. қалаларының тəжірибесіне енген.
Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор Т. Қ. Оспановтың жетекшілігімен жазылған «Математика» оқу- лықтары осы теорияға негізделген.
Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл əдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп толық айтуға мүмкіндік бар. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру əдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:
1. Қарама-қарсы ұғымдарды, əрі өзара байланысты операция- ларды қатар оқыту.
2. Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.
3. Деформацияланған жаттығуларды пайдалану.
4. Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес салмағының артуы.
Осы қағидалардың əрқайсысына жеке тоқталып, олардың оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.
Оқыту практикасы «қосу мен азайту», «көбейту мен бөлу» бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылудың тиімділігін көрсетіп отыр.
Біріншіден, бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден, ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді.
Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сəйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады.
Мысалы: Бірліктер түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу ойлау əрекетінің ішкі потенциалды резервтерін ашуға көмектеседі. П. К. Анохин тұжырымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас зандылықтарының бірі «кері байланыс» заңының іске қосылуымен тиімді.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару «кері есеп» ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик П. К. Анохин енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық ұғыммен байланысты.
Кері есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белеенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады.
Математикалық əдебиеттерден мынадай ережені көп кездестіруге болады. «Математикадағы басты нəрсе-ұғымдарды ой елегінен қайта өткізе білу». Кез келген тура есепті кері есепке айналдыруда бір сан екі рөлде болады.
Бірінші жағдайда екі санның қосындысы, көбейтіндісі түрінде болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді қызметін атқарады.
Жаңа буын оқулықтарында бес түрлі: қосындыны табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық, не кем санды табуға, айырмалық салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын
есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген.
«Кері есеп» ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жанына портфельді орналастырған соң, мына есеп айтылады.
Столда 5 кітап бар, ал портфельдегі кітаптардың 3-еуі артық.
Портфельде қанша кітап бар?
Бұдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па, кем бе екенін анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдында, столдағы кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдағы кітаптың одан 3-еуі кем. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдынғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? деген сұрақтарға жауаптар алынады.
Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды анықтаймыз. Содан кейін ғана «кері есеп» ұғымы енгізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының мақсатын айқындаңыз.
2. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының тұжырымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
3. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының əдістерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
4. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының мазмұнына сипаттама беріңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Дьяченко В. К. Новая дидактика. – М.: Народное образова- ние, 2001.
2. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. Алматы, 2005.
3. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
4. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
5. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008
6. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002.
7. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
8. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
15. ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Жоспар:
15.1. «Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары.
15.2. Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы.
15.3. Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері.
15.4. Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру.
15.1. «Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары
«Даму дегеніміз – материалдық жəне идеялық объектілердің қайтымсыз, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсек, регрестік түрі келетінде тұрады,» – деп тұжырымдайды З. Кариев.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы», – деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы
– жаңарту үдерісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
И. Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның əртүрлі қиындықтардағы мəселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-əрекетті жоғары орынға шығарады. Мəселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл- ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-əрекеттер атқара білу. В. В. Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың
психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды жəне оның басты шарты ретінде əрекет алынады.
Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мəліметті өз бетінше оқып-танып, əр түрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап жəне дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, əр түрлі іс-əрекет жасайды. Мұндай оқу танымдық əрекет репродуктивтік іс-əрекет деп аталады. Бұл іс-əрекет алдын ала дайындалған белгілі ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дəрежеде дəлəлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мəселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үдеріс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының
төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту- дың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дəрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызмет- терін, ақыл-ой жұмысының тəсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үдерісін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық əрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нəтижесінде əр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дəрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дəстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында, мəнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, əдіс-тəсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің
түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің əрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үдерісін ұйымдастыру жəне ондағы коммуникациялар түрлерінде.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың əртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) жəне басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) жəне т.б. іс-əрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нəтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мəселесіне айналды. Жүйенің авторлары
«дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, əдіс-тəсілдері баланың даму заңдылықтарына сəйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, əрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту – дəстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нəтижесінде əр оқушы өзін- өзі өзгертуші субъект дəрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нəтиже берді.
15.2. Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде əжептеуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мəскеуде дамыта оқыту халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті – академик В.П.Зинченко.
Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі бойынша Мəскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі – дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Эльконин Данил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Данилович.
Бұл ғылыми бастама 1959 жылдан бері ғалымдар назарында. Содан бері түрлі талқы ойлар, пікірлер айтылуда. Қазіргі кезеңдегі ғалымдар пікірлеріне назар аударайық.
Академик В. П. Зинченко осы ізденісті жүйенің негізгі көңіл аударар бағыты – теориялық ойластыру деп санайды жəне бұл құрғақ дəмсіз білімдер болмау керек. Керісінше, ол қоршаған əлемнің көрінісі болып, сана-сезіммен түбегейлі қабылданып, түп-түбіріне дейін дейін танып-білінуі тиіс.
Профессор Б. Д. Эльконин пікірі бойынша: дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең жəне көріп-білудің жаңа тəсілін игергендер көзге түседі, яғни дүние жəне адамтану үдерісі баланың сол үдеріспен толық шұғылдануы жəне қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі – дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы ағартудың жүйесін қалыптастыру.
В. С. Лазаревтің ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін əбден жаңа типті мектеп қажет, сондықтан педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.
Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю. В. Громыков қолдайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар.
А. Б. Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да өзгереді. Оның сөйлеген сөзі, келбеті, белсенділігі, жауапкершілігі жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер- жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мəскеу, Санкт- Петербург, Харьков, т.б. қалаларында Давыдов пен Элькониннің, Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тəрбие үдерісінде қолданылып жүр. Бірақ, біздің елде, əсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс айтарлықтай əлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нəтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін осылай істе деген ұстаным бойынша танымал жəне тəжірибелік
міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес.
Дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауды үйренуге машықтандырады, теориялық мəселелерді практикада қолдана білуге баулиды, шығармашылық ізденіс əдістерін игеруге көмектеседі.
Əлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л. С. Выготский- дің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин жəне Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған əдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез келген мектепте əр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.
Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыта оқытудың мақсаты ма, əлде мақсатқа жетудің амалы ма деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген жəне тұлға дамытудың өзіне тəн түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері жəне көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тəлім-тəрбие беру үдерісінің негізгі мақсатын оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, əр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан əсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі əдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Бұдан шығар түйін, дамыта оқыту – білім беру мекемесінің əрбір
сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте жəне мектептен тыс іске асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар болашаққа болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне, оның қалыптасуына, біртұтастығына жəне бөлек бөліктеріне позитивті өзгерістер енеді.
Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті, объекті) жан-жақты дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т.б.) оқытуға негізделеді.
15.3 Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей:
- оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тəрбиелей алады;
- баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды
(іскерлігі, машығын дамыту емес);
Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – ақпарат беруші емес керісінше, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық жаратушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір мəселе, жағдаятты шешу арқылы қалыптасады. Демек, мұғалім – оқушы іс-əрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші ғана.
Дамыта оқытудағы басты іс-əрекет – диалог, пікірлесу, пікірталас. Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастыру- шы, бағыт беруші балалардың іс-əрекеті, ынтымақтастығын бір
бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы.
Білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше.
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім
– сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде əркім оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Əр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Əрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, əр бала жасаған еңбегінің нəтижесін бөлісіп, дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Осындай негізде құрылған іс-əрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үдерісі (əрекет, операциялар), нəтижесін шығару.
Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттаушы қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа ынталанған мектептер бар (В. А. Карковский, Е. А. Ямбург, А. Н. Тубельский, т.б. мектептері).
Сонымен жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бəріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
- оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
- оқыту үдерісінде оқушының теориялық жəне өнімділік ой құрастыру əрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мо- тивациясын дамыту;
- оқу материалын игеруде жəне оқу іс-əрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;
- белгілі бір мəселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;
- көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
- оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
- оқу үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
- оқыту барысында əр түрлі шапшаңдықпен жəне əр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
- дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
- жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникация-
лық жаттығулар, зейін, ес, ойлау жəне т.б. жаттығулар).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дəстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жəрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:
- мектепте жəне əрбір сыныпта, оқу тобында мұғалімдер мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;
- оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы əрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде жүзеге асырылуы;
- оқыту үдерісінде репродуктивтік жəне шығармашылық іс-əрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
- оқыту деңгейінің анықталған бір ізділікті-біртіндеушіліктің болуы;
- оқу материалы бөлек-бөлек пəндерге бөлінуі жəне соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы;
- оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген əр түрлі əдіс-тəсілдерінең кең қолданылуы;
- оқушылар əжептəуір уақыт аралығында, мысалы, белгілен- ген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша қызметтесуінің мүмкіндігі жəне жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
- балалардың эмоционалды-сезімділік жəне абстрактілі, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;
- үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бəріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үдерісінде əрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығушылықтарының ескерілуі;
- оқу жоспарларында міндеттелген жəне таңдап оқитын пəндердің үйлесімді қосылуы;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып жəне білім алу нəтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
- оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау əрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу əдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т.б.
Балама мектеп идеяларын дəстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дəлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза əлеуметтік бағытталған мақсаттан тұлғалық бағытталған мақсатқа ауысуында.
Осының барлығын іске асыру үшін кəсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни деонтологиялық əлеуеті жете дамыған мұғалім қажет. Бала ұрпақты баулу, тəрбиелеу
– аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уəзипа
– деп, ақылшы ақын М. Əлімбаев айтқандай, əрбір ересек адамның сана-сезімінде салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғышарт деп ойлаймыз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой əрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-əрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
15.4. Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-ойлау əрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тəсілдерінің жаңа мəселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға əрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Жауаптарды тыңдағанда əр оқушының өз ойын, пікірін айту мүмкіндіктері
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин-В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде əркім оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Əр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Əрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен əр бала жасаған еңбегінің нəтижесімен бөлісіп, дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дəстүрлі оқыту əдістемесі негізінде метафизикалық (сандық,
мазмұндық) əдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мəнділік) əдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дəстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дəстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық үдерісттің компоненттері Мазмұнындағы басымдылық
Дəстүрлі
иллюстрациялық түсіндірме əдісі Дамыту оқыту
Мақсат Оқушыларда
білім, білік, дағды қалыптастыру Байқампаздығын,
ойлауын, практикалық əрекетін дамыту
Бастапқы мазмұн Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дəлелдер Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды,
ережелерді қорыту
Оқытудың
формалары Жеке, топтық,
фронтальді Бірлескен ұжымдық
іс-əрекет
Оқыту əдістері Ауызша түсіндіру, көрнекілік,
практикалық Проблемалық баяндау, ізденушілік,
зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау Оқытудың нəтижесін мұғалімнің бақылауы,
бағалауы Өзін-өзі бақылау, өзін- өзі бағалау, рефлекция
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу əрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мəселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы
мəселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мəселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Əр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады.
«Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды танымдық əрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал
– ол өзінің əрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту əдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мəселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нəтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дəстүрлі жүйедегі əміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дəлелдей, дəйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренеді.
Бүгінгі таңда мектепте бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен «Дамыта оқыту» технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар «Дамыта оқыту» технологиясына негізделе жазылған.
Сондықтан əрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, əдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тəжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Бағдарлау – мотивациялық кезең.
Бұл кезең – оқу міндеттерін (ОМ) қою кезеңі. Дəстүрлі педагогикалық үй тапсырамасын тексеру барысының орнына алынған бұл кезең іштей екі құрылымға бөлінеді.
Оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу. Оқушыларды жаңадан түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен алып бару үшін өткен сабақтың материалымен тығыз байланыстыра отырып жаңа тақырыпты игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығы өзектендіріледі.
Оқушылардың барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім алдын ала оқушылардың есіне түсіретін, толықтыратын,
бірдей мəреге жеткізетін тетік сұрақтар мен тапсырмалар даярлайды.
Оқу міндеттерін (ОМ) айқындау.
Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле кұралған сұрақтар легі арқылы мұғалім оқушылардың өздеріне ОМ анықтауға басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа қарай бет бұруына жағдай жасайды-дағы, жаңа тақыр ыпты танып- білу мотивациясын қалайды.
Негізінде осы екі құрылым арқылы I кезеңде 7-8 тапсырма орындалады. Соның ең соңғысында оқушыға сұрақ қойылады немесе тəжірибе көрсетіледі. Оқушы неге таң қалады?
Өйткені оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс емес, Шындығында, бұл сұрақ өткеннен туындап тұрады. Ал мұғалім өткен мен əлі өтілген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы оқушылар үшін проблемалық жағдаят туғызады.
Проблемалық жағдаяттар туғызу – сабақтың ең күрделі де маңызды бөлшегі болып табылатындықтан, бұл сəттің айқын өтілуіне үлкен мəн бере қарау керек. Өйткені басты тетік осы проблемалық жағдай туғызуда жатыр. Жаңа тақырыптың сəтті меңгертілуі осы түйінделген проблемалық, жағдаяттың қалай жəне қандай мазмұнда жасалғандығына тікелей байланысты.
Мұғалімге біз бұл сəтті былайша түсіндірер едік. Оқушылардың білетін біліміне сүйене отырып, жетекші сұрақтар мен тапсырмалар арқылы біртіндеп тереңдей берген проблемалық жағдаят туғызу сəтін мұғалім тұтас бір көрініс ретінде оқушыларға сезіндіруі керек. Оқушылардың осы сəтті сезінуі мұғалімге олардың таңғалысымен, кез болған проблеманы шеше алмаған қиналысымен танылады. Мұндай ерекше сəтті туғызуда бастауыш сынып мұғалімі сол пəннің ішкі заңдылықтарын тауып ала білуі керек жəне мұғалім
сол сəтті өзінің эмоционалдығын қоса жұмсауы керек.
Туындаған проблемалық жағдаят оқушыларды осыны туғызған себептерді іздеуге күшті түрткі болады. Ал мұғалімнің сезімге толы сөзі мен түсіндіру барысы оқушылардың танымдық. Ізденімпаздық қабілеттерін оятып, іске қосуға күшті фактор ретінде қызмет атқарады.
XХІ ғасыр Педагогикалық технологияның бір түрі – сын тұрғысынан дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік əрекетін ұйымдастыру алға қойылады.
Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдары мен
тəсілдерінің жаңа мəселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінетідей жағдайда болуы керек. Содан барып оның білім алуға ынта-ықыласы артып, əрекеттенеді.
Сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дəлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эдьконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компонеттері.
Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асады. Ал мұғалім тек ұйымдастырушы-бағыттаушы. Шешім табылған кезде əркім оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Əр оқушыға өз ойын. Пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Жауаптары тыңдалады. Əрине, жауап үнемі дұрыс бола бермес.
Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі – сынып оқушыларын жақсы-жаман деп бөлмей, олардың жетілуі, дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс.
Əр оқушының өз қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол өзін дамыта алады. Мұғалім мен оқушының арасында жақсы қарым-қатынас туады. Ол үшін баланың жауабы мұқият тыңдалып, дұрыс мақталып, қатесін ептеп түзету керек. Сын тұрғысынан дамыта оқыту сынақ емес, ой-өрісті шыңдау.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тəрбие керек.
Еліміздің қоғамның экономикалык, саяси-мəдени дамуына үлес қосатын, əлеуметтік цивилизацияға көтертетін, қарасатын, денсаулығы мықты азаматты тəрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі тандағы басты міндеті.
Сондықтан мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу. Оны өсіру. Əр оқушыдан қабілетін танып-біліп, дамытып, адам дəрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзарастар пайда болды. Əрі білім беру құрылымында қазіргі заманғы педагогикалық технология өмірге келді.
«Технология дегеніміз – қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі адамдардың, ал педагогиакалық технология – педагогика-
лық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», – деп түсіндіреді В. Кларин.
Педагогикалық технология тəжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық, ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем. Байланыстардың əдістердің, құралдардың жиынтығы.
Олай болса, дəл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оның практикада пайдалану шарттарын білуіміз керек.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Бастауыш мектептің оқу-тəрбие үдерісінде дамыта оқыту технологиясын пайдалану мүмкіндіктерін айқындап, 3 сыныптың математика сабағын проблемалық технология арқылы өткізудің сабақ жоспарын əзірлеңіз.
2. Дамыта оқыту технологиясының негізгі шартын анықтаңыз.
3. Дамыта оқыту технологиясының дəстүрлі оқыту технологиясынан айырмашылықтарын саралаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Якиманская И. С. Развивающее обучение. – М.: Педагогика, 1979.
2. Давыдов В. В. Теория развивающего обучения. – М., 1996 г.
3. Давыдов В. В. Проблемы развиваюшего обучения. – М.: Просвещение, 1984.
4. Дьяченко В. К. Новая дидактика. – М.: Народное образование, 2001.
5. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. Алматы, 2005.
6. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
7. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
8. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
9. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002.
10. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
11. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
252
253
Достарыңызбен бөлісу: |