Тарихы
1900 жылы неміс органикалық химигі Герман Эмиль Фишер пептидтер белгілі бір байланыстар арқылы түзілген аминқышқылдарының тізбегінен тұрады деген гипотезаны алға тартты. Молекулярлық салмағы 5000 дальтоннан асатын табиғи және синтетикалық полипептидтер белоктар деп аталады.
Пептидтік байланыс
Пептидтік (амидтік) байланыс – бір амин қышқылының α-амин тобы мен екінші амин қышқылының α-карбоксиді тобының әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын химиялық байланыстың түрі.
Пептидтердің саны бойынша жіктлеуі
Пептидтер саны бойынша
Олигопептидтер
Құрамында 10-амин қышқылды негіз бар
Полипептидтер
10-нан астам аминқышқылдары
Пептидтер сапасы бойынша
гомомер
Тек аминқышқылы қалдықтары
гетеромер
Ақуыз емес бөлшектерді қамтиды
Пептидтердің сапасы бойынша жіктелуі
Биологиялық активті пептидтер ---гормондық белсенділігі бар қосылыстар (глюкагон, вазопрессин және т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |