Дәріс. Бұрыштық өлшеулер. Теодолиттің құрлысы және олардың түрлері Дәрістің мақсаты



Дата14.02.2022
өлшемі18,48 Kb.
#25469
Байланысты:
2 Дәріс


2 Дәріс. Бұрыштық өлшеулер. Теодолиттің құрлысы және олардың түрлері
2 Дәрістің мақсаты: Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуді үйрену. Теодолиттің құрлысы және олардың түрлерімен танысу.
Бұрыштық өлшеулер. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу геодезия мен ең жиі жүргізілетін жұмыстарга жатады. Бұрыштарды өлшейтін негізгі аспапты теодолит деп атайды.

Олардың горизонталь жазықтықтарының проекциялары а және b. Кеңістіктегі АОВ горизонталь бұрышты өлшеу дегеніміз сол бұрыш қабыргалары OA және ОВ проекцияларының (оа және оb) арасындағы β бұрышын өлшеу болып табылады. Демек, aob бұрышы АОВ бұрышының жазық проекциясы. Горизонталь аов бұрышын К' горизонталь дөңгелегі бойынша өлшеуге болады. К' дөңгелегі градустық шкалаларга бөлінген, ал центрі Р" және Рә тік жазықтықгарының қиылысу сызығы арқылы-ОО'өтеді. Дөңгелектің Р1 және Р2 жазықтықтармен қиылысу нүктелері а және b арқылы еКі есеп алып, олардың айырмашылыгын тапсақ, ол олшенетін горизонталь бұрышқа, немесе аов=β-ның мәніне тең болады.

Демек, горизонталь бұрышты өлшейтін аспаптың негізгі лимб деп аталатын градустық және ұсақ бөліктері бар горизонталь дөңгелектен жылжымалы визірлік вертикаль жазықтықтан тұрады. Егер дөңгелектегі бөлшек цифрлары сағат тілінің айналу бағытымен белгіленсе, β бұрышы лимбпен алынған екі есептің (а және b) айырмасына тең болады, яғни Р=а-Ь.

Вертикаль бұрыштарды сызықтардың горизонталь проекцияларынан жердегі сызықтардың бағыттарына дейін есептегендегі бұрыштар V1 және v2 көлбеу бұрыштары болып табылады. Вертикаль бұрыштарды градустың шкалаларға бөлінген вертикаль дөңгелек арқылы өлшеуге болады. Бір аспаппен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін, онда екі жазықтық (дөңгелек) бар. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге колданылатын аспап не деп аталады?

Теодолиттің құрылысы және оның түрлері.Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеудің жоғарыда айтылған принципіне орай 39-суретте теодолит осьтерінің схемасы көрсетілген, теодолит мынандай осьтерден тұрады. ZZ-теодолиттің вертикаль айналу осі; ТТ/-көру дүрбісінің айналу осі; UU/ - цилиндрлік деңгейдің осі; VV/-көру дүрбісінің нысаналау (визирлік) осі. Көтергіш үш винттердің (1) көмегімен цилиндрлік деңгей (6) нөл пунктке қою арқылы теодолитгің айналу осі ZZ тік бағытқа келтіріледі. Үш көтергіш винтгер (2) тұғырығына орнатьшған. Теодолиттік негізгі жұмыстық бөлігі 0-ден, 360-қа дейін бөлінген шыныдан жасалған дөңгелек шеңбер-лимб (3) және дүрбімен бірге айналатын алидада деп аталатын

Көру дүрбісі (8) айналу осіне ТТ екі тұғырық (5) арқылы ұстатылады. Лимб (10) пен алидаданың (11), дүрбінің бекіткіш (11) және жетекші винтгері болады. Бұрышты өлшеген уақытта, теодолит штативке орнатылады. 40- суретте геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген 2ТЗО теодолиттің сыртқы бейнееі көрсетілген. Мұнда есеп алатын құрылғы микроскоп (7), вертикаль (9) және горизонталь дөңгелектер, дүрбі, т.б. қай жерде орналасқандары көрсетілген. Дүрбі (8) бақылайтын нүктені жуықтап нысаналау үшін, оптикалық визирмен (13) жабдықталған. Дүрбіні фокустау кремальераны (12) айналдыру арқылы жүзеге асады. Есеп алатын микроскопқа жарық түсіру үшін, шалқаймалы айна қолданылады. Кейінірек тоқталамыз.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясына және атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді. Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:

1. Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ак жер бетіндегі және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.

2. Дәл теодолиттер 2Т2-3 және 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2Т5К- триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған.

3. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Та2М мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге теодолиттің негізгі бөліктеріне толығырақ арналған.



Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі "теодолит" деген аспап атын білдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшеудің секундтық орташа квадраттык қателігін білдіреді, мысалы Т5 теодолиті үшін mp-5 , ТЗОМ үшін тр=5 , ал Л/-деген әріп маркшейдерлік жұмыстарға арналгандыгын көрсетеді. Кейінгі кезде теодолиттер жаңартылып, 2Т2, 2Т5, 2Т30 тектес болып шығарылуда. Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш топқа бөлінеді: а) бағалау микроскобы; ә) шкалалы микроскоп; б) оптикалық микрометрлер.

Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып бөлінеді. Қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының қысып коятын және жетекші бұрандалары болады. Оларга ТЗО, 2Т30 теодолиттері жатады. Ал қайталанбайтындарга 2Т30М, 2Т5, 2Т2, т.б. жатады, оларда лимб арнайы күрылғы аркылы керекті жағына бұрылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет