Сөйлеу бұзылуының зерттелу тарихы
«Тілдік патологиясы бар балаларды зерттеп қарастыру ісі, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қолға алынды. Аталған патологияның терминологиялық қамтамасыз етілуі бірыңғай емес: мысалы, отандық әдебиеттерде 1920 ж. баланың сойлеуі қалыптасқанға дейінгі кезде, мидың органикалық зақымдануы салдарынан пайда болатын, ауыр тілдік жетілмеуді белгілену үшін, «алалия» термині енгізілді (Д.В. Фельдбергер), ал шетелдерде бұл патология «даму афазиясы», «сойлеудің конституциональды тежелуі», «туа біткен афазия». Аталған санатқа жататын балаларға, адекватты коррекциялық – педагогикалық комек беру мен әлеуметтендіру тұрғысынан қарағанда, ең маңызды болып саналатын нәрсе – бірінші кемістік – тілдік жетілмеудің баланың интеллектуалды дамуына ықпалын шеттету. Логопедия тарихында, осы мәселе тоңірегінде қарама–қайшы пікірлер болды. А. Куссмауль, П. Мари, М.В. Богданов-Березовский, сондайақ қазіргі замандағы зерттеушілер Р.А.Белова-Давид, Е.А. Кириченко, бұл бұзылудағы жетекші рөлді «жалпы органикалық зияткерлік кемістіктің» атқаратынын корсетеді. Авторлар сөйлемейтін және нашар сөйлейтін балалардың сойлеу үдерістердің басқа психикалық үдерістердің жетілмеуіндегі басты себеп, олардың зияткерлік саласындағы ауыр кемшіліктер, осымен байланысты, сөйлеу кемістігімен қатар, зерде бұзылысы немесе психикалық даму тежелуі байқалады деп санайды. Осы бағытта жүргізілген зерттеулерде, сипаттау қағидасы басым, онда психикалық үдерістердің жетілмеуін, сойлеудің ішкі заңдылықтарынсыз қарастырады. Ал, екінші пікір мынаны дәлелдейді: алғашқы сөйлеу кемістігі, сөйлеу қызметінің айқын жетілмеуі немесе мүлдем болмауы, мұндай патологиясы бар балалардың психикалық даму деңгейі оларды зерде бұзылысы бар балалар санатына жатқызуға болатындығы. «Сөйлеуі бұзылған балалардың психикалық кемшіліктерін зерттеудегі алғашқы еңбектер Р.Е. Левинаның еншісінде шықты. Автор мектеп жасындағы сөйлемейтін алалик балалардың 4 тобын қарастырады. Балаларды топтауда ғалым олардың сөйлеуімен қатар психикалық қызметтерінің ауыр зақымданғанын есепке алады, бүкіл танымдық әрекеттің даму ерекшеліктерін анықтайды. Сөйтіп, балаларды келесі топтарға боледі: 1) сойлеу дамуының бұзылуы, фонемалық қабылдаудың бұзылуымен ұласқан; 2) сөйлеудің бұзылуымен қатар кеңістіктік мағлұматтары бұзылған; 3) көру арқылы қабылдау қабілеттерінде бұзылу бар; 20 4) сөйлеу қабілеті мен түрткі – қажеттілік саласы бұзылған (психикалық белсенділікте). Р.Е.Левина айқын сойлеуде бұзылуы бар балалардың танымдық әрекеттерінің дамуындағы ауытқуларды, екінші кемістік ретінде қарастырады, демек, оның құрылымы тікелей бірінші кемістікке қатысты. Бұл пікір басқа ғалымдардың еңбектерінде оз жалғасын табады (Т.А. Власова, В.И.Лубовский, Л.С.Цветкова, И.Т.Власенко)». Сөйлеудің бұзылуындағы танымдық үдерістерді бағалаудағы үшінші бір пікір Е.М. Мастюковаға тән, ол бұл мәселенің саралаушы түрде шешілуі қажеттігін айтады, себебі, балалардың бұл тобы полиморфты, әрі формаларының коп түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың әрқайсысында, танымдық саланың дамымауының озіндік коріністері бар, бұл орталық жүйке жүйесінің органикалық және функциональды локализациясы мен оның айқындық деңгейіне байланысты.
Қимыл-қозғалыс бұзылуының зерттелу тарихы
Қимыл-қозғалыста бұзылуы бар адамдардың, клиникалық және психикалық ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін зерттеу жұмыстары, ХІХ ғасырдың орта шенінен басталды. В.Литтл алғаш рет, қимылқұрсақішілік және тууда, сал ауруына ұшыраған балалардың қозғалыс бұзылуының клиникалық сипаттамасын жасады, сонымен бірге, олардың тіл мүкістіктері мен жеке тұлғалық даму ерекшеліктеріне сипаттама берді. «Ресейде ХІХ ғасырдың басында, қимыл-қозғалыстың бұзылуы бар балалар мен жасөспірімдерге комек беру мәселесімен Г.И.Турнер айналысты. Ол зақымданған аяқ қолдарға ортопедиялық коррекция жасауға талпынды. Оның басшылығымен еңбек шеберханасы ашылды, онда қимыл-қозғалысында бұзылуы бар ұл балаларды кәсіп түрлеріне үйретті. Бірінші дүниежүзілік соғыс және одан кейін болған полиомиелит эпидемиясы, коптеген адамдардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуына әкеп соқтырды, полиомиелит адамдардың әр жасында және әртүрлі басқа науқастардың, әскери жарақаттардың салдарынан, басқа себептерден пайда болды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды реабилитациялау мен әлеуметтік бейімдеу, қоғамдық-саяси мәселеге айналды. Бұл мәселені шешуде қимыл-қозғалыс патологиясы бар адамдардың рөлі ерекше болды. Олардың ішінде Америка президенті Ф.Рузвельт, австралиялық жазушы–журналист А.Маршалл, американдық дәрігер Д.Фелпс бар. Олардың омірі мен қызметі қимыл-қозғалыс кемістігі бар, тіпті өздігімен жүре алмайтын адамдардың қоғамдық жұмыстарында тамаша жетістіктерге жетуге мүмкіндіктері болатынына дәлел болды. АҚШ дәрігері Д. Фелпс, ауыр сал ауруынан зардап шегеді, бірақ екі дүниежүзілік соғыстың аралығында, дәрігерлік мамандық алып үлгереді, ол церебральды сал ауруына ұшыраған балаларды зерттеуге кіріседі. Ол қоғамға осы церебральды сал ауру балалардың жоғары интеллектуалды қабілетінің болатынын, нәзік, сезімтал психикасы барлығын дәлелдейді. Оның жинаған ғылыми мәліметтері, қоғамның назарын аударады, ғылыми қызығушылық тудырады, сойтіп, бұл балаларға қоғам тарапынан жанашырлық корсету, оларды белсенді әлеуметтік үдеріске араластыру сияқты жетістіктерге әкеледі. Бұл өз кезегінде, қоғамның дене бітімдік кемістіктері бар адамдарға деген көзқарасын өзгертеді, әрі дәрігерлердің, педагогтардың, психологтардың тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды зерттеуге деген қызығушылықтарын оятады, бұл медициналық және психологиялық–педагогикалық коррекция әдістерінің құрылуына ықпал етеді. ХХ ғасырдың 50–60 жылдарында Венгрияда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қимыл–қозғалыстарын түзетуге бағытталған реабилитациялық жұмыстар, яғни қимыл-қозғалыс бұзылуын жеңуге үйретуде, жетекші рол атқаратын кондуктивті педагогика пайда болды». Ерте кезде мұндай балаларды емдеу әдістерін жасауға айрықша үлес қосқан ғалым К.А.Семенова, оларды 22 арнайы оқыту мен тәрбиелеу жүйесін жасаған М.В.Ипполитова. Қазіргі кезде тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың клиникалық–психологиялық ерекшеліктері туралы, оқыту мен тәрбиелеу мәселесі туралы деректерден, үлкен колемді материал жинақталған,
7.Ерік саласы бұзылуының зерттелу тарихы
«Аутизм терминін алғаш рет Е.Блейер нақты қарым-қатынас жасау ортасын қажетсінбеу, одан оқшаулану, логикалық заңдардан азат болу мен өз «әлемінде» ғана өмір сүру сияқты, ерекше күйді белгілеу үшін енгізген болатын. 1943 жылы американ клиницисті Л.Каннер ерте жастағы балалар аутизмі синдромының 11 жағдайын топтастыра отырып, озінің «Аффективті байланыстың аутистік бұзылулары» атты еңбегінде, аутизмді жан-жақты қарастырады. Ол «экстремальды жалғыздық» деп, ерекше клиникалық синдром қорытындысын жасайды, кейін аутизмді ашқан ғалымның құрметіне оны Каннер синдромы деп атау ұйғарылды. Г.Аспергер өзгеше санатқа жататын - бірнеше баланы сипаттай отырып, оны «аутистік психопатия» деп атайды. Бұл бұзылудың психологиялық сипаты, Каннер синдромынан озгеше. ЕЖБА–мен салыстырғанда, бірінші айырмашылық - аутистік психопатия белгілері, 3 жастан кейін білінеді. Аутистік психопаттардың мінез-құлық пен тәртібінің бұзылуы айқын көзге түседі, олар «балалық» белгіден тыс, барлық коріністерінде «егделік» байқалады, пікірлері мен козқарастары озгеше бір қайталанбас сипатқа ие. Құрбыларының ойындары оларды қызықтырмайды, оз ойындары механикалық ойын тәрізді болып келеді. Аспергер олардың «аспанда қалықтап» жүретіндіктерін, мимикаларының, сойлеудің монотондылығын, қарымқатынастарды қажетсінбеу, аялау, еркелеу әдеттерінің болмауын сипаттайды. Интуицияның жеткіліксіздігі, озгенің жанын түсінбеу, жанашырлық корсетпеу белгілері бар. Ал, екінші жағынан, Аспергер бұл балалардың оз үйіне деген ерекше сүйіспеншіліктерін байқайды» Ресейде ЕЖБА бар балаларға психологиялық-педагогикалық комек беру мәселелері, откен ғасырдың 70-жылдары қарқынды қарастырыла бастады. Зерттеулердің нәтижесі ретінде, осы санатқа жататын балалардың психологиялық классификациясы пайда болды (К.С.Лебединская, В.В.Лебединский, О.С.Никольская).
Достарыңызбен бөлісу: |