8.Мінез-құлық бұзылуының зерттелу тарихы
Тұлғалық дисгармониялық дамудың, әлеуметтік-психологиялық бейімделудің бұзылуы мәселесін қарастыру, «шағын психиатрияның» саласымен басталған және сол салада жалғасын табуда. 1835 ж. Причард «моральды ақыл-ойдың кемістігі» жағдайлары туралы жазды. Бұл кейін «психопатия» терминімен белгіленген күйлер. Психопатиялық тұлғаны, ең алғаш рет сипаттаған Морел (1857). Ол адамның қалыпты ақыл-ой қабілетінің, әлеуметтік тұрғыда қате болып саналатын мінезқұлыққа бейімділігін ерекше атап корсетеді. 1877 ж. Модслидің, пікірінше, психикалық бұзылу болып саналмайтын, тек шекаралық күйлер болып есептелетін психикалық күйлерге қатысты, «патологиялық даму» ұғымын енгізеді. Психопатия туралы ілімнің пайда болуы XIX ғасырдың 80-90 жж. сәйкес келеді және ол Х.Кандинский, В.М.Бехтерев, Е.Кох, С.С.Корсаков, Е.Крепелин есімдерімен тығыз байланысты. Е.Крепелин психопатияның классификациясын ұсынады, оған қозғыштар, импульсивті адамдар, тұрақсыздар, патологиялық өтірікшілер, қоғам жаулары, кикілжіңіне бейім адамдар сияқты 7 тип кіреді. 1921 ж. Э.Кречмердің конституциональды типологиясы пайда болды. Ол адамның дене құрылысының типін, ерекше мінез-құлықпен байланыстырады. Конституция типтері мен олардың үйлесуі, Э.Кречмер бойынша, екі түрлі озара, қарама-қарсы патологиялық тұлға типтерін корсетеді: маниакальды–депрессиялық және шизофрениялық. Бірінші тип бойынша, даму ерекше дене құрылысын түзеді, ал екінші тип – астениялық және атлеттік дене құрылысын түзеді. Кречмер шекаралық күйлерді шизоидтық деп атайды (шизофренияға жақын күйлер) және циклоидтық (маниакальды-депрессиялық психоздардың негізгі симптомдарын корсетеді). Психопатия туралы ілімнің кейін дамуы, бір жағынан, клиникалық типологияларды анықтау мен даралау бағытында жүрсе, (П.Б.Ганнушкин, О.В.Кербиков, Г.Е.Сухарева, В.В.Ковалев), екінші жағынан, шекаралық күйлердегі (акцентуацияланған) тұлғаны тану ілімін қалыптастыру бағытында жүрді (К.Леонгард, А.Е.Личко).
Күрделі кемістіктердің зерттелу тарихы
«Ең бірінші көзі көрмейтін-естімейтін бала, 1894 ж. Е.К.Грачеваның Петербургте ұйымдастырған ауыр дәрежедегі ақыл-ойының кемістігі бар балаларға арналған паналату орнына қабылданды. «Братство во имя Царицы Небесной» деп аталатын жерге, 1905 ж. тағы бір көзі көрмейтін-естімейтін бала тәрбиеленуге алынды. Ол кезде, бұл сияқты қайырымдылық мекемелерінде белгілі дәрігер, әрі оқытушы М.В.Богданов-Березовский кеңес береді, ол Ресейдегі көзі көрмейтін-естімейтін балалардың жағдайына назар аударып, осы жайлы ғылыми және копшілік басылымдарда бірқатар мақалалар жариялады. Ресейде, XIX ғасырдың 80 ж. Ч. Диккенстің «Американ жазбалары» жинағы аудармасының басқа хабарламалардың жариялауының нәтижесінде, американдық көзі көрмейтін-естімейтін қыз Лаура Бриджменнің омір тарихы, оның Бостондағы Перкинстің зағипларға арналған институтында білім мен тәрбие алғандығы жария болды. Бұдан кейін, бүкіл әлем Перкинс институтындағы Анна Сулливанның тәрбиеленуші зағип-саңырау қызы Елена Келлердің оқып білім алу тарихы туралы хабардар болды. 1884 жылдан 1913 жылға дейін Ресейде Е. Келлердің омір тарихы мен шығармашылғы жайлы 11 еңбек жарияланды. Бельгия, Франция, Норвегия, Шотландия мен Швецияда көзі көрмейтін-естімейтіндердің оқыту жайлы деректер белгілі бола бастады. Германиямен тығыз ғылыми қарым-қатынас жасау барысында, Ресей мамандары Потсдам жанындағы мүгедектерге арналған паналату орнындағы көзі көрмейтін-естімейтіндердің оқуын бақылауға мүмкіндік алды. Мүгедектер 25 онда 1887 жылдан бастап оқытыла бастады, кейін 1906 ж. бұл жерде көзі көрмейтін-естімейтіндерге арналған арнайы мектеп ашылды. 1908 ж. ай сайын шығатын орыстың «Слепец» журналында, неміс педагогы және зерттеушісі Г.Риманның 1905 ж. Берлинде жарыққа шыққан «Естімейтін–сөйлемейтін-көзі көрмейтіндерге психологиялық бақылау жасау» («Психологические наблюдения над глухонемыми слепцами») атты еңбегі жарияланды. Әлемнің әр түкпірінен көзі көрмейтін-естімейтін балаларды оқытудың жетістіктері туралы келген хабарлар Ресей қоғамында аталған балалар мәселесі туралы ерекше қызығушылық туғызды. 1909 ж. Ресейде көзі көрмейтін-естімейтіндерге қамқорлық жасау қоғамы құрылды және Петербургтегі көзі көрмейтін-естімейтіндерге арналған балабақшада, үш баланы оқыту қолға алынды. Сол жылы жазда, осы мекеменің педагогары мен тәрбиешілері, Швеция мен Германиядағы көзі көрмейтін-естімейтіндерді оқыту тәжірибесімен танысты, сойтіп 1910 ж. ашылған және ауыр кору-есту кемістіктері бар 7 баланы паналатқан мекемеде жұмыс істей бастады. Бұл Ресейдегі зағип-саңырауларға арналған ең алғашқы оқыту–тәрбиелеу мекемесі болып саналды. Мұнда, балалармен педагогтар М.А.Захарова мен Ю.А.Якимова жұмыс істей бастады, олар оз қызметтерін 1917 ж. тоңкерістен кейін көзі көрмейтін-естімейтін балалар Петроградтағы отофонетикалық институт (кейінірек Ленинградтық есту және сойлеу институтына айналды) жанындағы естімейтіндер тобына енгенде де жалғастырды. Олар 1941 ж. дейін оқытылды. Бұл балаларды оқыту барысында жасалған ғылыми тұжырымдар белгілі психолог А. В.Ярмоленконың еңбектерінде беріледі. 1923 жылдан 1937 жылға дейін И.А. Соколянский ұйымдастырған Харьковтегі көзі көрмейтін-естімейтіндерге арналған мектеп өте қарқынды жұмыс істеді. Бұл мектепті бітірген оқушы, атақты зағип жазушы О.И.Скороходова болды. Кейінірек бұл тәжірибені И.А. Соколянский мен А.И.Мещеряков, Москвада КСРО ПҒА дефектология институтында жалғастырды, мұнда 1947 ж. бастап ғылыми зерттеулер және көзі көрмейтін-естімейтін балалармен тәжірибе жұмыстары жүргізілді. Атақты психологтар А.Н.Леонтьев пен А.И.Мещеряковтың жетекшілігімен 1971 – 1977 жж. Аралығында, М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің психология факультетінде, 4 зағип-саңырау студентті оқыту ісі 26 ұйымдастырылды. Олардың екеуі – А.В.Суворов пен С.А.Сироткин ғылыми дәрежеге ие болды және бірнеше ғылыми, ғылыми-копшілік кітаптардың авторлары болды. Қазіргі кезде кеңінен танымал болған, Москва облысының Сергиев Посад елді мекеніндегі зағип-саңырау балаларға арналған балалар үйі 1963 ж. бері, Ресей Федерациясының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүйесінде жемісті жұмыс істеп келеді. Ресейдегі көзі көрмейтін-естімейтін балаларды оқыту тәжірибесі басқа елдерге мәлім, әрі үлкен беделге ие. 1969 жылдан бастап, көзі көрмейтін-естімейтіндерді зерттеу жұмыстарын дамытатын және оларға қызмет ететін бүкіл әлемдік ұйым жұмыс істеп келеді, оның откізетін шараларына ресейлік мамандар белсене ат салысады». Бұл ұйымның мәліметтері бойынша әлемде көзі көрмейтін-естімейтін адамдардың саны бір миллионға жуық. Қазіргі кезде олардың қатарына жататындар: туа біткен немесе ерте кезден көзі көрмейтін-естімейтін болған балалар; жүре келе, есту қабілетін жоғалтатын, тумысынан зағип балалар; жүре келе, көру қабілеті бұзылатын тумысынан естімейтін немесе нашар еститін балалар; есейген немесе қартайған шақта, есту және көру қабілетін жоғалтқан адамдар. Қазіргі кезде көзі көрмейтін-естімейтін балалар мәселесі әр елде әртүрлі қарастырады. Ол көбінесе әр мемлекетте қабылданған нормативтік құжаттардағы бұл ұғымның қалай түсіндірілетіне ауытқу санатына жатқызу үшін, шетелдерде оған арнайы мектепте тегін оқыту құқығы мен ерекше әлеуметтік қызмет көрсетілетін кепілдік беріледі (колікпен және басқа да комектермен қамтамасыз ету, т.б.). Бұл елдерде «көзі көрмейтін-естімейтін» санаты мемлекеттік мүгедектер тізіміне енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |